|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 615 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 15, 204-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде: 3-тармақта «және заңды» деген сөздер алынып тасталсын; 4-тармақтың екінші абзацында «жеке немесе заңды» деген сөздер алынып тасталсын; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттар ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі - лицензиялық алым) төлегенін растайтын құжат; 4) өтініш берушінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар: жоғары заң және экономикалық білімі туралы дипломдарының не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекітілген ережеге сай сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін дайындықтан өткенін растайтын білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмелері; жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері.»; 7-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) жоғары заң және экономикалық білімінің болуы не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекітілген ережеге сай сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін білім беру ұйымдарында дайындықтан өтуі; 2) экономикалық, қаржы, есеп-талдамалы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.»; 9-тармақта «бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін» деген сөздер алынып тасталсын; 14-тармақта «, заңды тұлға қайта ұйымдастырылса немесе таратылса» деген сөздер алынып тасталсын; 16-тармақтың екінші абзацында «лицензиядағы» деген сөз «осы лицензияланатын қызмет түрі үшін қойылатын» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзац алынып тасталсын; «Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының» деген сөздер «Лицензияның» деген сөзбен ауыстырылсын; 23-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |