|
|
|
Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға кабiлетi жоқ борышкерлердiң (2006.21.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 615 Қаулысымен күші жойылды
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі Заңын iске асыру мақсатында, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2006.15.03 № 168 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: реттiк нөмiрi 18-жолдың 3-бағаны "банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызмет" деген сөздермен толықтырылсын. 3. "Кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру, банкроттықтың алдын алу, дәрменсiз кәсiпорындарды тарату жөніндегі қызметтi жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1029 қаулысының 4-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 261-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 581 қаулысымен бекітiлген Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес әзiрлендi және банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгiлейдi. ҚР Үкіметінің 28.11.02 ж. № 1268 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия беру жөніндегі уәкiлетті орган (бұдан әрi - лицензиар) болып табылады. ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Лицензия алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне және осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтаған кезде Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларына берiледi. ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензия басты болып табылады. Лицензия иелiктен айрылмайтын, яғни, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен өзгеше көзделмесе, лицензиатпен басқа тұлғаларға берілмейтiн болып табылады. 5. Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады. 2. Лицензия алу үшін қажеттi құжаттар ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцида (бұр.ред.қара) 6. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттар ұсынады: 1) белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жеке куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 3) банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бұдан әрі - лицензиялық алым) төлегенін растайтын құжат; 4) өтініш берушінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар: жоғары заң және экономикалық білімі туралы дипломдарының не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекітілген ережеге сай сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін дайындықтан өткенін растайтын білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмелері; жұмыс өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері.
3. Лицензиаттарға қойылатын білiктілiк талаптары 7. Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлеті жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерiн басқару жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мынадай біліктілiк талаптарына жауап беруi тиiс: ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцида (бұр.ред.қара) 1) жоғары заң және экономикалық білімінің болуы не банкроттық туралы заңнамаға сәйкес бекітілген ережеге сай сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтуды, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін білім беру ұйымдарында дайындықтан өтуі; ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцида (бұр.ред.қара) 2) экономикалық, қаржы, есеп-талдамалы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. 8. ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Лицензия беру туралы өтінiштердi қарау мерзiмдерi мен лицензия бергенi үшiн алым ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен басқа мерзiм көрсетілмесе, өтiнішті барлық қажетті құжаттармен бiрге өткiзген күннен бастап он күн мерзiмнен кешіктірмей берiледi. 10. Лицензия алымының мөлшерi мен оны төлеу тәртібi Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленедi. Тиiстi қызмет түрiмен кезең бойы айналысуға лицензия беру лицензия берген сәтке бiр жолғы лицензиялық алым төлеумен жүзеге асырылады. 11. Лицензия мынадай жағдайларда берiлмейді, егер: субъектiлердiң осы санаты үшiн қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға заң кесiмдерiмен тыйым салынса; осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлген барлық құжаттар ұсынылмаса. Өтінiш берушi көрсетiлген кедергiлерді жойған кезде, өтінiш жалпы негiздерде қаралады; лицензия алымы енгізiлмесе; өтiнiш берушiге қатысты оған қызметтің осы түрiмен айналысуға тыйым салатын сот шешімі болса; өтiнiш берушi банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және істерін басқару жөніндегі қызмет үшiн қойылатын белгiленген біліктiлiк талаптарына жауап бермесе. 12. Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартқан кезде, лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрдегi дәлелдi жауап беріледi. 13. Егер лицензия заң кесiмдерiмен және осы Ережемен белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнiш берушiге бас тарту негiзсiз болса, ол бiр ай мерзiмде бұл әрекетке сот тәртібімен шағымдануға құқылы. 6. Лицензияның әрекетiн тоқтату ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Лицензия мынадай жағдайларда өз әрекетін тоқтатады: лицензия қайтарып алынса; азамат кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатса. 15. Лицензия әрекетiнiң тоқтатылуына байланысты даулар сотпен шешiледi. 7. Лицензияны қайтарып алу және оның әрекетiн тоқтата тұру ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Лицензия, егер заңнамалық кесiмдермен өзгеше көзделмесе, мынадай жағдайларда: лицензиат осы лицензияланатын қызмет түрі үшін қойылатын талаптарды орындамағанда; жүзеге асыруға лицензиясы бар қызмет түрiмен айналысуға лицензиатқа сот тыйым салғанда; лицензиар лицензияның әрекетiн тоқтата тұру себептерiн жоймағанда; лицензиат лицензияны аларда алдын-ала терiс ақпарат бергенде сот тәртібімен қайтарып алынуы мүмкiн. 17. Лицензияның әрекетi мынадай жағдайларда: қызметті заңнама талаптарын бұза отырып жүзеге асырған кезде; Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа жағдайларда тоқтата тұруы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Лицензияның күшiн тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi. Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы өтінiшті уәкiлетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгiленген тәртiппен және негiздемеде сотқа жiбередi. Лицензияның күшін сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен белгіленген айрықша жағдайларда, сотқа көрсетiлген мерзiмде мiндеттi түрде талап арызын көрсете отырып, 3 күннен аспайтын мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесiм сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданыста болады. 19. ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20. Лицензиат лицензияның әрекетін тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртібімен шағымдануға құқылы. Сот лицензия әрекетін тоқтата тұру заңды екендiгі туралы шешкен кезде оны тоқтата тұрудың мерзiмi лицензиар осындай шешiм қабылдаған күнiнен бастап саналсын. 21. Лицензияның әрекетін тоқтата тұрған жағдайда, лицензиат анықталған тәртiп бұзушылықтарды жоюға мiндетті, содан кейін лицензияның әрекетi лицензиардың жазбаша рұқсаты бойынша не соттың тиiсті шешiмiнде белгiленген өзгеше тәртiппен қайта жаңартылады. 8. Лицензияның көшiрмесiн беру және лицензияны қайта ресiмдеу 22. Лицензиат лицензияны жоғалтып алған жағдайда, көшiрмесiн алуға құқығы бар. Лицензиар он күн iшiнде лицензиаттың жазбаша өтiнiші бойынша лицензияның көшiрмесiн берудi жүргізедi. Бұл ретте лицензиат лицензия алымын төлейдi. ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 308 қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 23. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, ол бұл туралы лицензиарға көрсетiлген деректердi растайтын тиiсті құжаттарды қоса бере отырып, жазбаша түрде бiр ай мерзiмде хабарлауға мiндетті. Лицензиар лицензиат тиiсті жазбаша өтiнiш берген күннен бастап он күн ішiнде лицензияны қайта ресiмдейдi. Лицензияны қайта ресiмдеген және көрсетiлген құжатты берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi. 9. Лицензиялық ережелердi сақтауды бақылау 24. Лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 25. Осы Ереженi бұзушылық Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгiленген жауапкершiлiк жүктейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |