|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанынан Индустриялық-инновациялық даму (2007.12.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007.07.05. № 363 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Кеңестің құрамы; 2) Кеңес туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 356 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.30.11. № 1150 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер- Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төраға
Школьник - Қазақстан Республикасының Индустрия Владимир Сергеевич және сауда министрі, төрағаның орынбасары
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы Наталья Артемовна министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия Асқар Болатұлы және сауда вице-министрі, хатшы
Келімбетов - "Қазына" орнықты даму қоры" Қайрат Нематұлы акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
Мусин - Қазақстан Республикасының Экономика Аслан Есболайұлы және бюджеттік жоспарлау министрi
Yкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 356 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Yкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 818 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Кеңес акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның (бұдан әрі - Қор) жарғылық капиталын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдарды (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді) (бұдан әрі - компаниялар) басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттары мен міндеттері жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылады. 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Кеңестің міндеттері: 1) Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерін, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, компанияларды дамыту жөнінде негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу; 2) компаниялардың өз мақсаттары мен қаржылық нәтижелеріне қол жеткізуі жөніндегі Қордың қызметін бағалау жүргізу болып табылады. 5. Кеңес міндеттерді шешу кезінде: 1) коммерциялық және коммерциялық емеске бөліп, басты стратегиялық мақсаттар, коммерциялық және коммерциялық емес мақсаттар арасындағы теңгерім; 2) маңызды салалық бастамалар мен міндеттер; 3) компаниялардың қорытылған тиімділік көрсеткіштері мен рентабельділік коэффициенттері; 4) дивидендтер төлеу деңгейі, компаниялардың таза кірістерін бөлу және қайта инвестициялау; 5) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық бағдарламалар; ҚР Үкіметінің 2007.12.03. № 183 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) компаниялардың басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу 6. Әрбір компания үшін негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер жөніндегі ұсынымдар әзірлеуді Кеңес екі жылда бір рет жүзеге асырады.
7. Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға; 2) Кеңестің отырысына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және қаралатын мәселелер бойынша оларды тыңдауға; 3) қажеттілігіне қарай компанияларды басқарудың проблемалық мәселелерін талдау және зерделеу үшін мамандарды, сарапшылар мен ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Кеңестің қызметін ұйымдастыру
8. Кеңесті төраға - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқарады. Кеңестің төрағасы Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды, қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды, Кеңестің қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын оның орынбасары орындайды. 9. Кеңестің құрамына Индустрия және сауда, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары, Қордың атқарушы органының басшысы (келісім бойынша) кіреді. 10. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Кеңестің жұмысшы органы болып табылады. 11. Кеңестің жұмыс органы Кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 12. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі басшысының орынбасары Кеңестің хатшысы болып табылады. Кеңестің хатшысы Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша қажетті құжаттар мен материалдар дайындайды және отырыстың хаттамасын ресімдейді. 13. Кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде, бірақ екі жылда бір рет қана өткізіледі. 14. Отырыстардың күн тәртібін Кеңес төрағасы Кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырады. Кеңес отырыстарын өткізу уақыты мен орнын Кеңес төрағасы белгілейді. 15. Отырыстың күн тәртібін Кеңестің хатшысы Кеңестің мүшелеріне, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғаларға жібереді. 16. Отырыс күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша шешім, қатысушы Кеңес мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болып табылады. 17. Кеңестің шешімі хаттамамен ресімделеді. Отырыс хаттамасын хатшы дайындайды және оған отырысқа қатысушы Кеңестің барлық мүшелері қол қояды. Кеңес мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, ол жазбаша түрде жазылады және хаттамаға қоса берілуі тиіс. 18. Кеңес отырысының қол қойылған хаттамасы барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен Қорға таратылады.
19. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |