Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау
Осы редакция 2006 ж. 16 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргізу ЕРЕЖЕСI 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында объектiлер мен кешендер құрылысына арналған алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзудiң осы ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Заңына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрленген. Ереже объектiлер мен олардың кешендерiнiң құрылысына (қайта құруға, қайта жаңғыртуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға, күрделi жөндеуге) коммуникациялар төсеуге, аумақты инженерлiк дайындауға, абаттандыруға және көгалдандыруға (бұдан әрi - жоба) арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасын ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгiлейдi. Ережелерде пайдаланылатын ұғымдар осы ережелерге қосымшада келтiрiлген. 2. Ереже Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң барлық субъектiлерi үшiн мiндеттi болып табылады. ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 3. Жобалардың сараптамасын аттестацияланған жеке тұлғалар (сарапшылар) және сараптау жұмыстарының тиiстi түрлерiн жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар, мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жатпайтын тiркелген заңды тұлғалар (сараптама орталықтары) жүзеге асырады. Сарапшыларды аттестациялауды және сараптама орталықтарын тiркеудi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Құрылыс iстерi жөніндегі комитет) жүзеге асырады. 4. Мемлекеттік сараптаманы Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлдiк берген заңды тұлға жүзеге асырады. Уәкiлеттi заңды тұлға (бұдан әрi - мемлекеттік сараптама) белгiленген тәртiппен Құрылыс iстерi жөніндегі комитетiнiң ведомстволық қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiне енедi. 5. Жобалар бекітілгенге дейiн жобаларға сараптама жүргiзiледi. 6. Жобалардың сараптамасы қаралатын жобаның құнына шығындары жатқызылған шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттің тапсырысын орындау есебiнен жүргiзiлген сараптау жұмыстарына арналған бағалар мен тарифтердi уәкiлеттi орган Құрылыс iстерi жөніндегі комитеттің, сондай-ақ табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі уәкiлетті органның келісімi бойынша Мемсараптама белгiлейдi. 2. Сараптама жүргiзудiң жалпы тәртібі 7. Жобалардың сараптамасы объектілердi пайдалануға енгiзгеннен кейiн олардың тұрақты жұмыс iстеуiн жобалық шешiмдермен қамтамасыз етуге бағытталған және мыналарды: 1) жобаның жобалауға арналған тапсырмаға, өзге де бастапқы материалдарға (деректерге), техникалық шарттары мен талаптарға, сондай-ақ бекітілген қала құрылысы (жоспарлау) шешiмдерiне және осы құрылыс учаскелерiнiң (алаңдардың, трассалардың) функционалдық мақсаттарға сәйкестiгiне; 2) мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтер мен белгiленген жарылыс және өрт қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау мен техника қауiпсiздiгi талаптарын мiндетті түрде сақтау, инженерлiк, ресурсты үнемдейтiн, экологиялық және санитарлық талаптарға; 3) қабылданған көлем-жоспарлық және сындарлы шешiмдердiң, қолданылатын материалдар мен инженерлiк жабдықтардың негiздiлiгiне, құрылыс құрастырмаларының сенiмдiлiгi мен төзiмдiлiгiне; 4) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларында көзделген құрылыс көлемдерiнiң негiздiлiгiне және мақсаттылығына; 5) көрсеткiштердiң, оның iшiнде құрылыстың есептiк немесе сметалық құнының негiздiлiгi мен растығына сарапшылық бағалауды қамтиды. 8. Сараптама жүргiзген кезде, сонымен қатар жобаны әзiрлеушiде жобалау (жобалау-iздестiру) жұмыстарының тиiстi түрлерiне лицензиясының, сондай-ақ жобаның заңнамада белгiленген өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, экологиялық қызметтер мен өзге де қадағалау қызметтерiнiң мемлекеттік органдарымен қажетті келісімдерiнiң болуы немесе болмауымен белгiленедi. 9. Жобаны сараптамаға тапсырысшы (инвестор) немесе оның тапсырмасы бойынша бас жобалаушы мемлекеттік нормативтерде көзделген көлемде бередi. 10. Ұсынылған жоба материалдарының жинақтылығы, олардың құрамының мемлекеттік нормативтерде белгiленген талаптарға сәйкестiгi жобаның сараптамаға түскен күнiнен бастап бес күн iшiнде тексерiледi. Жобаның толық еместiгi не оның құрамы бойынша талаптарға сәйкес еместiгi белгiленген жағдайда тапсырысшы (инвестор) немесе оның уәкiлеттi бас жобалаушысы жетiспейтiн материалдарды берудiң қажеттiлiгi туралы хабардар етiледi. 11. Жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы шартпен белгiленедi, бiрақ 45 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс. Техникалық аса күрделi объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған жобаларға немесе Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн кешендi қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзген кезде, оның ұзақтығы 60 күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн. Шағын бизнес саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн салынатын күрделi емес объектiлердiң құрылысына арналған жобаларға сараптама жүргiзудiң ұзақтығы 15 күннен аспауға тиiс. 12. Бекiтiлген негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерге әсер ететiндей өзгерістердiң (толықтырулардың) жобалары жаңадан әзiрленетiн жобалар үшiн белгiленген тәртiппен қайта сараптауға жатады. 13. Әзiрленген әрi сараптама жүргiзiлген жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары бойынша үш және одан да кеп жыл iшiнде құрылыс басталмаса, ол ескiрген болып саналады әрi заңнама белгiленген тәртiппен жаңа сараптама жүргiзiлгеннен және қайта бекітілгеннен кейiн ғана iске асыру үшiн пайдаланылуы мүмкiн. 14. Сараптауға жататын, бiрақ белгiленген тәртiппен одан өтпеген құрылысқа арналған алдын ала жобалау және жобалау (жобалау-смета) құжаттамалары аяқталмаған болып саналады және одан әрi iске асыруға жатпайды. 15. Осы Ережелерге сәйкес жүргiзiлген сараптаманың оң қорытындысынсыз жобаларды бекітуге, оларды iске асыра бастауға рұқсат беруге (құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне рұқсаттар) жол берiлмейдi. 3. Жобалардың мемлекеттік сараптамасы 16. Мемлекеттік сараптаманың ерекше құзырына: 1) мемлекеттік инвестициялар есебiнен немесе олардың қатысуымен тұрғызылған, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялардың қатысуынсыз тұрғызылған, бiрақ заңнамада белгiленген тәртiппен өнiм шығару немесе көрсетiлетiн қызметтер көлемiнде мемлекеттік меншiк үлесiн көздейтiн; 2) құрылысты қаржыландыру көздерiне қарамастан санитарлық, экологиялық, өрт пен жарылыс қауiпсiздiгi, еңбектi қорғау, құрастырмалардың сенiмдiлiгi, ықтимал қауiптi және техникалық жағынан күрделi объектiлердiң жұмыс iстеуiнiң тұрақтылығы бойынша мемлекеттік нормативтiк талаптарға сәйкестiгi бөлiгiнде объектiлердiң (кешендердiң) құрылысына арналған инвестициялық негiздемелердiң, техникалық-экономикалық негiздемелер мен есеп айырысулардың, жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларының сараптамасы жатады. Мемлекеттік сараптамаға, сондай-ақ құрылыстың iрi және күрделi объектiлерi немесе салыну ұзақтығы алты айдан асатын объектілер бойынша мердiгерлiк жұмыстарға (қызмет көрсетулерге) мемлекеттік сатып алу жүргiзуге арналған конкурстық (тендерлiк) құжаттамалар да жатады. 17. Кезең-кезеңiмен жобалау және салу көзделген объектілер мен кешендер бойынша жобалардың мемлекеттік сараптамасы тиiстi кезең бойынша (сараптамалық бiрге жүру) жүзеге асырылуы мүмкiн. Сараптамалық бiрге жүрудi жүзеге асырудың тәртібі Құрылыс iстерi жөніндегі комитет бекiтетiн мемлекеттік нормативтермен белгiленедi. 18. Өзiне жүктелген мiндетiн жүзеге асыру үшiн мемлекеттік сараптамаға мынадай құқықтар берiледi: 1) жүргiзiлген сараптама нәтижелерi бойынша жобаларды бекітуге ұсыну, қабылдамай тастау немесе пысықтауға жiберу; 2) тапсырысшы шарттардың (талаптардың) қорытындыларында келісілгендердi орындамаған жағдайда бұрын берiлген оң қорытындысын керi қайтарып алу; 3) сапалы сараптама жүргiзу үшiн қажеттi, мемлекеттік органдардың және заңды тұлғалардың, сондай-ақ жекелеген мамандардың - жобаны әзiрлеушiлердiң атынан қаралып отырған жобаның тапсырысшыларынан заңнамада белгiленген тәртiппен материалдар мен ақпараттарды сұрату және алу; 4) жобаны әзiрлеушiлерден тиiстi лицензияларының болуы туралы мәлiметтердi сұрату және алу; 5) белгiленген тәртiппен сараптама комиссияларын (жұмыс топтарын) құру не жобаларды кешендi қарау және жинақталған қорытындыны жасау үшiн мамандарды тарту. Бұл ретте жобаларға мемлекеттік сараптама жүргiзу үшiн мемлекеттік органдардың, ғылыми, iздестiру, жобалау және өзге де ұйымдардың, сондай-ақ шетелдiк мамандардың қатарынан тартылатын сарапшыларда лицензия болуы мiндеттi емес. 19. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жетекшiлерi өздерiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша жобаларға кешендi мемлекеттік сараптама жүргiзуге сарапшылар ретiнде тартылған мамандарының қатысуын қамтамасыз етедi. 20. Жобаны қарау нәтижелерi және тартылған сарапшылар дайындаған жобаның бөлiмдерi бойынша қорытындылардың тұжырымдарын ескере отырып, мемлекеттік сараптама: 1) жобаны бекітуге оның негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерiмен ұсыну; 2) жобаны қайтадан пысықтауға қайтару туралы; 3) мемлекеттік сараптаманың осындай қорытындысының себептерiн көрсете отырып, жобаны қабылдамау туралы тұжырымдардан тұратын жиынтық сараптама қорытындысын жасайды. 21. Алдын ала жобалау құжаттамасы бойынша оң қорытынды: 1) оны белгiленген тәртiппен бекіту және құрылыс объектiсiн инвестициялау бойынша инвестордың шешiм қабылдауы; 2) жобалау (жобалау-смета) құжаттамасын әзiрлеу үшiн болады. 22. Жобалау (жобалау-смета) құжаттама бойынша оң қорытынды: 1) оны белгiленген тәртiппен бекіту; 2) құрылысты қаржыландыруды ашу; 3) жобаны iске асыруды бастауға рұқсат беру (өндiрiстiк құрылыс-монтаж жұмыстарының өндiрiсiне рұқсат беру) үшiн негiз болады. 23. Мердiгерлiк жұмыстарға (қызметтерге) мемлекеттік сатып алу жүргiзудiң конкурстық (тендерлiк) құжаттамалары бойынша оң қорытынды: 1) конкурстық (тендерлiк) құжаттаманы бекіту; 2) мердiгерлiк қызметтердi жеткізушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiн бағалау үшiн негiз болады. 24. Мемлекеттік сараптама мен сарапшылар инвестициялардың тиiмдiлiгiн талдау, бағалау және жобалардың сапасы бойынша өз қызметтерiнде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiне тәуелдi емес. Өкiлеттi және атқарушы билiк органдары мен уәкiлеттi мемлекеттік орган сараптаманың кәсiптiк қызметiне араласуға құқығы жоқ. 25. Тапсырысшы (инвестор) не оның тапсырмасы бойынша сенiмдi тұлға мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жататын сараптау жұмыстарын қоспағанда, жобаларға мемлекеттік емес сараптама жүргiзу үшiн сарапшыларды (сараптама орталықтарын) таңдауға құқығы бар. 26. Жобаның (оның жекелеген бөлiмдерi мен тарауларын) әзiрлеушiсi болып табылатын жеке және заңды тұлғалар сарапшылар (сараптама орталықтары) ретiнде осы жобалау (жобалау-смета) құжаттамаларына сараптама жүргiзе алмайды, сондай-ақ осы жобаны сарапшылық бағалауға қатысу үшiн мемлекеттік сараптама ретiнде тартылмайды. 27. Мемлекеттік сараптама, сондай-ақ сараптама орталықтары мен сарапшылар қаралатын жобалар бойынша құпиялылықты сақтауға және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуге мiндеттi. 28. Бекітуге ұсынылған не бекітуден бас тартылған жобалау шешiмдерiн және техникалық-экономикалық көрсеткiштердi дұрыс бағалау үшiн сараптамаға, сондай-ақ сарапшылар мен сараптама орталықтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершiлiк жүктеледi. 29. Мемлекеттік сараптама, сондай-ақ сарапшылар мен сараптама орталықтары жүзеге асыратын сараптау қызметi тапсырысшылардан (меншiк иелерiнен) жобаларды әзiрлеушiлерден, келiсушi инстанциялардан, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын мердiгерлерден (бас мердiгерлерден), осы объектілердiң құрылысына қолданатын құрылыс материалдары (бұйымдары, құрастырмалары) мен жабдықтарын өндiрушiлерден жобалау және құрылыс өнiмдерiнiң сапасы үшiн жауапкершiлiктi алып тастамайды. Алдын ала жобалау құжаттамасының жекелеген түрлерi, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша сараптама жүргiзу ережелерiне қосымша Алдын ала жобалау құжаттамасының түрлерiне, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасына сараптама жүргiзу ережесінде қолданылатын ҰҒЫМДАР 1. Конкурстық (тендерлік) құжаттама - тапсырысшының тапсырмасына сәйкес жасалған және мердiгерлiк жұмыстарға конкурс (тендер) өткізудің тәртібі мен шарттары (шектеулерi), сондай-ақ құрылыс объектiлерiнiң негiзгi техникалық-экономикалық көрсеткiштерi кiретiн құжаттама. 2. Құрылыстың есеп айырысу құны - құрылысқа арналған алдын-ала жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде ірiлендiрiлген сметалық нормативтер бойынша анықталатын құрылыс объектiсiнiң (кешенiнің) құны. 3. Құрылыстың сметалық құны - құрылысқа арналған жобалау құжаттамаларын әзiрлеген кезде сметалық нормативтерге сәйкес анықталатын құрылыс объектісiнiң (кешенiнiң) құны. ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 4. Ықтимал қауiптi құрылыс объектiлерi - өздерiнiң берiлген функционалдық мақсатының, технологиялық процестерi мен пайдалану сипаттамасының салдарынан халықтың денсаулығы мен өмiрiне залал келтiре, өзге объектiлердiң тұрақты жұмыс iстеуiн бұза отырып, техногендiк немесе экологиялық апаттар, авариялар туындауының ықтимал қаупiн қамтитын объектiлер. ҚР Үкіметінің 02.12.04 ж. № 1250 қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара) 5. Техникалық жағынан күрделi объектiлер (кешендер) жауапкершiлiгi I және II деңгейге жататын ғимараттар мен құрылыстар, олар үшiн құрылыс жобаларын сараптамалық бағалау заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттік сараптаманың ерекше құзыретiне жатқызылған. Жауапкершiлiгi II деңгейге жататын тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы мынадай ғимараттар мен құрылыстар (сыртқы инженерлiк желiлердi қоса алғанда) техникалық жағынан күрделi объектілерге жатпайды: 1) биiктігi: қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгі жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгi қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстіндегі 5 қабатқа дейiнгi; сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) жағдайдағы аудандар үшін - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшiнде бейiмделген бiрiншi қабатты) тұрғын үйлер (ғимараттар) мен жатақханалар; 2) биiктiгi: қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн, сондай-ақ сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн бейiмделген төменгі қабаттарсыз - қоса есептегенде жер үстіндегі 5 қабатқа дейінгі; сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi (оның iшінде бейiмделген бiрiншi қабатты) саны 50-ден аспайтын нөмiрлері бар және жалпы сыйымдылығы 100 тұрғыннан аспайтын мейманхана кешендерi (мотельдер, туристiк базалар); 3) қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар: орын саны қоса есептегенде 60 балаға дейiнгi мектепке дейiнгi балалар мекемелерi; орын саны қоса есептегенде 250-гe дейінгі оқушыға арналған жалпы білім беретiн мектептер мен орта білім беретiн өзге де мекемелер; биiктiгi қоса есептегенде екі қабатқа дейiнгi және сыйымдылығы 100 баладан аспайтын мектеп-интернаттардың, балалардың демалыс лагерлерiнiң жеке тұрған жатын корпустары; қоса есептегенде 60 төсектiк ауруханалар, ауысымда 100 адам қабылдайтын емханалар; ғұрыптарды мейлiнше жаппай орындаған сәтте бiр мезгілде 250 адам келетiн ғибадат ғимараттары мен құрылыстары; қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшін биiктiгi - қоса есептегенде 5 қабатқа дейiнгi көп функционалды қоғамдық, сондай-ақ жеке тұрған әкiмшілiк, қызметтік-басқару және мәдени-ағарту ғимараттары (бiр мезгiлде 300-ден аспайтын адам болатын); сейсмикалық белсенділiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшін - биiктiгi осындай қоса есептегенде 3 қабатқа дейiнгi; қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 300-ден аспайтын көрерменге арналған спорттық-ойын-сауық ғимараттары және залы бар жабық құрылыстар; сейсмикалық белсендiлiгi жоғары (7 және одан жоғары балл) немесе құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен іс-шараларды талап ететiн өзге де айрықша геологиялық (гидрогеологиялық) және геотехникалық жағдайдағы аудандар үшiн - сыйымдылығы 100-ден аспайтын көрерменге арналған осындай залы бар; бiр мезгiлде келушілер мен қызмет көрсетушi персоналдың саны 100 адамнан аспайтын монша-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру немесе демалыс-ойын-сауық кешендерiнiң жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары мен жабық құрылыстары; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуiне арналған өндiрiстiк процестерi бар жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттар; сыйымдылығы 100 отыратын орыннан аспайтын қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары; сауда алаңы 500 шаршы метрден аспайтын сауда кәсiпорындарының жеке тұрған бiр және екi қабатты ғимараттары; саны 300 бiрлiктен аспайтын сауда орындары бар жабық базарлар; 4) қалыпты геологиялық жағдайдағы аудандарда құрылысқа арналған көлiк инфрақұрылымының азаматтық объектiлерi, оның iшiнде: тәулiгiне қоса есептегенде 100 жолаушыға дейiнгi өткізу қабiлетi бар темір жол вокзалдары; қоса есептегенде 75 адамға дейiнгi күту залдары бар сапаржайлар; авиажолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, сағатына қоса есептегенде 75 жолаушыға дейiнгi өткізу қабiлетi бар әуевокзалдары мен әуежай терминалдары; қоса есептегенде 75 адамға дейiнгі күту залдары бар теңiз және өзен вокзалдары (жүзетiн айлақтарды және дебаркадерлерді қоспағанда); 5) бір мезгiлде 10 бiрлiктен аспайтын көлiк құралдарына қызмет көрсететiн жеке тұрған автосервис пункттері; 6) сыйымдылығы 25 автомобильден аспайтын жеке тұрған бiр қабатты (жер үстіндегі немесе жер астындағы) гараж-тұрақтар; 7) құрылыс кезiнде арнайы жобалау шешiмдерi мен iс-шараларды талап етпейтiн, өрт-жарылыс қауiпсiздiгiн, аэрацияның, ылғалдылықтың, температура режимiнiң белгiлi деңгейiн ұстау, вибрацияны шектеу және өзге де арнаулы талаптар жөніндегі айрықша жағдайларды қамтамасыз ететiн қойма (сақтау орны) үй-жайлары бар азаматтық мақсаттағы өзге де ғимараттар мен құрылыстар. 6. Мердiгерлiк жұмыстар (көрсетiлетiн қызметтер) - құрылыс үшiн инженерлiк iздестiрулер, талдау және ғылыми зерттеулер, тәжiрибе және эксперимент, нормативтiк шығармашылық жүргізу, жобалау, құрылысқа арналған құжаттамаларды сараптау, ғимараттар мен үйлер салу (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, қайта жаңғырту, қалпына келтiру), технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау және орнату, iске қосу-жөндеу жұмыстары, техникалық, авторлық және мемлекеттік қадағалауды жүргізу, салынған объектiнi (кешендi) пайдалануға беру, күрделі жөндеудi жүзеге асыру, өзiнің ресурстарын тауысқан құрылыс объектiлерiн уақытша тоқтатып қою және оны кейiннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар (көрсетілетiн қызмет). Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы ?кіметінің күшi жойылған кейбір шешімдерінің ТIЗБЕСI 1. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларына сараптама жүргiзудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 26 шілдедегi № 830 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 30, 346-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 26 шілдедегі № 830 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 26 сәуірдегі № 514 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 17, 146-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi жөніндегi кейбір шешімдерiне өзгерістер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 сәуірдегі № 353 қаулысымен бекітілген сәулет-қала құрылысын бақылау мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлетiн 2-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 12, 95-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Президентiнің 1998 жылғы 27 сәуірдегі № 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 шілдедегi № 651 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетін 6-тармақ. (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 22, 190-құжат). 5. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi "Жобалардың мемлекеттік ведомстводан тыс сараптамасы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 24 сәуiріндегі № 632 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 227-құжат): 3-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
|