Арнайы салық режимі бойынша төлемдер ставкасын бекіту туралы (2006.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 35-211 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6-бабы негізінде және 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» № 209-11 Кодексінің 373 бабындағы 2 тармаққа сәйкес: - бір жолғы талондар негізінде; - кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша арнайы салық режимі бойынша тиісті төлемдер мөлшерін белгілеу мақсатында облыстық мәслихат ШЕШІМ қабылдады: 1. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін арнайы салық режимі бойынша төмендегідей төлемдер мөлшері бекітілсін: - 1, 2 қосымшаларға сәйкес, бір жолғы талондар негізінде; - 3 қосымшаға сәйкес, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері бойынша. 2. Облыстық мәслихаттың: 1) Алматы облысының әділет басқармасында 2002 ж. 18 қаңтарында 563 нөмірімен тіркелген 2001 жылғы 26 желтоқсандағы «Арнайы салық режимі бойынша мөлшері туралы» № 17-113; 2) Алматы облысының әділет басқармасында 2003 ж. 19 қаңтарда 983 нөмірімен тіркелген Алматы облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы «Арнайы салық режимі бойынша мөлшері туралы» № 31-165 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 31-165 шешімдерінің күші жойылды деп есептелсін.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат Хатшысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|