“Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу, сатып алу,
Осы редакция 2006 ж. 20 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Түрлі-түсті бейнедегі көбейту-көшіру техникасын шеттен әкелу, сатып алу, есепке алу, сақтау және пайдалану нұсқаулық бекітілсін. 2. Астана және Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы және көліктегі ішкі істер бас басқармалары мен ішкі істер басқармаларының, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Арнайы полиция басқармасының бастықтары осы Нұсқаулықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің сынақ тапсыра отырып, зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің (Ыбраев Б.Ә.), Астана және Алматы қалалары Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы және көліктегі ішкі істер бас басқармаларының, ішкі істер басқармаларының бастықтары Нұсқаулықта көзделген қажетті мөлшердегі бланкілерді дайындасын және олармен ішкі істер органдарын қамтамасыз етсін. 4. "Түрлі түсті бейнедегі көбейту (көшіру) техникасын шеттен әкелу, іске асыру, сатып алу, сақтау, есепке алу және пайдалану, онымен жабдықталған көбейту учаскелерін ашу және олардың жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 1993 жылғы 31 желтоқсандағы № 473 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 66 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер бірінші вице-министрі полиция генерал-лейтенанты И.И. Оттоға және Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А. Алпысбаев) жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|