«Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан мұнайдан жасалған (2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 7 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мұнай өнiмдерінің iшкi нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 5-күніне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне мұнай шикізатының әлемдік нарығындағы бағалар мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екi апта мерзiмде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабарласын. 5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетiлетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетін мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкетілетiн мұнайдан жасалған тауарларға кедендiк баж ставкаларын есептеудiң тәртібiн (бұдан әрi - кедендiк баж ставкалары) белгілейдi. 2. Осы Ереженiң мақсаты үшін мұнайдан жасалған тауарлар деп осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген тауарлар түсiніледi. 3. Кедендiк баж ставкаларын есептеудi осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес мұнай шикiзатының әлемдiк нарығындағы бағалар мониторингінің (бұдан әрi - бағалар мониторингi) нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ұсынатын шикi мұнайға орташа нарықтық баға туралы деректер негiзiнде әрбiр күнтiзбелiк айда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады. 4. Бағалар мониторингiнiң нәтижелерi бойынша орташа нарықтық баға өзгерген жағдайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен кедендiк баж ставкалары мөлшерінiң өзгеруi туралы Қазақстан Республикасының Yкіметі шешімінің жобасын дайындайды. 5. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 долларға дейiн (қоса алғанда) қалыптасқан кезде мұнайдан жасалған тауарларды әкету 0% ставкасы бойынша жүргiзіледi. 6. Бағалар мониторингi кезеңi iшiнде 1 тонна шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы 138,6 доллардан астам болып қалыптасқан кезде кедендiк баж ставкалары түзету коэффициенттерi ескерiле отырып, есептеледi. Түзету коэффициентi - мұнай өнiмiнiң түрi мен сипаттамаларына қарай кедендiк баж ставкаларының мөлшерiн есептеу үшiн қолданатын коэффициент. ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Кедендiк баж ставкаларын есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледi:
КБС=Кх(Б-138,6),
мұнда КБС - кедендiк баж ставкаларының мөлшерi; К - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шартты ставканың есеп айырысу формуласында қолданылатын және түзету коэффициентіне көбейтілген 0,35 және 0,4 коэффициенттерiнiң орта арифметикалық мәнiнiң 50%-ы; Б - мониторинг кезеңiнде қалыптасқан шикi мұнайдың орташа нарықтық бағасы.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 1-қосымша
Мұнайдан әзірленген тауарлардың тізбесi
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлығы үшін келтірілген. ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 2-қосымша
200__ жылғы _____ айындағы мұнайға арналған бағалар мониторингінің нәтижелерi
Сатылатын шикі мұнайдың нарықтық бағасы "URALS (MED)", BRENT (DTD) күнделікті түзетулерінің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. URALS (MED) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)" ең төменгі нарықтық бағасы; URALS (MED) "max" - биржадағы бір күн бұрынғы "URALS (MED)" ең жоғары нарықтық бағасы; BRENT(DTD) "min" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгі нарықтық бағасы; BRENT (DTD) "max" - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең жоғары нарықтық бағасы;
С = (Сю + Сб)/2=____АҚШ доллары,
мұнда, С - шикі мұнайдың күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы; Сю - биржадағы бір күн бұрынғы (URALS (MED) ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы; Сб - биржадағы бір күн бұрынғы "BRENT (DTD)" ең төменгі және ең жоғары мәндерінің күнделікті орташа арифметикалық нарықтық бағасы.
Ц = (С+С1+...+ Сn)/n х 7,5=____АҚШ доллары,
мұнда, Ц - мониторинг кезеңіндегі шикі мұнайдың орташа нарықтық бағасы (бір тонна үшін); Сn - мониторинг кезеңі ішіндегі мұндай түзетулер жарияланған күндердегі шикі мұнайдың орташа арифметикалық нарықтық бағасы; n - мониторинг кезеңі ішіндегі түзетулер жарияланған күндердің саны; 7,5 - баррельден тоннаға ауыстыру коэффициенті. Мониторинг кезеңінде мұнайға орташа нарықтық баға 1 (бір) баррель үшін____АҚШ долларын, бір метрикалық тонна үшін____АҚШ долларын құрады.
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкаларын есептеу ережесіне 3-қосымша
* ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
ҚР Үкіметінің 2006.06.01. № 5 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы № 1036 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген. ** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа
|