Қазақстан Республикасының Заңы (2007.11.01. берілген толықтыруларымен)
ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексімен күші жойылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға конституциялық құқықтарын іске асыруға қатысуын регламенттейді.
Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) анатомиялық сый - іс-әрекетке қабілетті адамның өз денесінің бөліктерін, органдарын және тіндерін тірі кезінде де, қайтыс болғаннан кейін де жазбаша өкім жасау арқылы өз еркімен құрбандыққа беруі; 2) бас миының біржола семуі - үлкен ми сыңарын, діңін, көпіршесін, орта ми мен мишықты қоса алғанда, мидың бүкіл қатпарының семуімен қатар жүретін, бас миы жүйке клеткаларының интегралдық функцияларын толық жоғалтуы; 3) биологиялық өлім - өмірлік маңызды функциялар біржола тынатын, организм тіршілігінің тоқтауы; 4) денсаулық - аурулар мен дене кемістіктерінің болмауы ғана емес, тұтастай тәни, рухани (психикалық) және әлеуметтік әл-ауқаттылық жағдайы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|