|
|
|
Қазақстан Республикасының
Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 112-ІV ҚР Заңымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы қоғамдық қатынастарды, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бәсеке - нарық субъектілерінің дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігін тиімді шектейтін жарыстастығы; 2) бірін-бірі алмастыратын тауарлар - өз функционалдық қызметі, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы, сондай-ақ басқа да өлшемдері бойынша салыстыруға болатын, сөйтіп, сатып алушы оларды тұтыну процесінде (өндірісте) бір-бірімен алмастыратын тауарлар тобы; 3) келісім (келісілген іс-әрекеттер) - тараптардың бәсекені шектеуге немесе жоюға, кәсіпкерлік қызметте негізсіз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген шарттық қатынастары; 4) монополиялық жоғары баға - тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі негізделмеген шығындарды өтеу және (немесе) үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдалану нәтижесінде қосымша табыс алу мақсатында белгілейтін баға; 5) монополияға қарсы орган - бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік орган; 6) монополистік қызмет - нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалануы, мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері; 7) монополиялық кіріс - нарық субъектісінің монополистік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алған кірісі; 8) монополиялық төмен баға - тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісі тауар нарығынан бәсекелестерді ығыстыру арқылы бәсекені шектеу мақсатында саналы түрде белгілейтін тауар бағасы; 9) нарық субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғалары, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері); 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды 9-1) реттеуші орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаларды (тарифтерді) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік орган; 10) тауар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) - азаматтық айналым объектісі болып табылатын мүлік; 11) тауар нарығы - тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы, ол сатып алушының тауар сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндігін негізге ала отырып айқындалады; 12) тергеу - монополияға қарсы заңнаманы оны бұзушылық туралы істерді қарау арқылы қолдану; 13) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімі - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің атаулы тізбесі; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 14) тіркелген баға - осы Заң бұзылған жағдайларда монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша реттеуші орган енгізетін баға; 15) үстем (монополиялық) жағдай - нарық субъектісінің немесе бірнеше нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал етуге мүмкіндік беретін жағдайы.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және жеке және заңды тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері), сондай-ақ орталық атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) қатысатын республиканың тауар нарығындағы бәсекеге ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. 2. Осы Заң, айрықша құқықтар объектілерін пайдалануға байланысты келісімдер бәсекені шектеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, осы объектілерге байланысты қатынастарға қолданылмайды.
3-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-тарау. Монополияға қарсы және реттеуші органдардың функциялары, өкілеттіктерi
4-бап. Монополияға қарсы органның жүйесi Монополияға қарсы органның жүйесін монополияға қарсы орган және оған бағынатын аумақтық бөлімшелер құрайды. Аумақтық бөлімшелер өз қызметін монополияға қарсы орган белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
5-бап. Монополияға қарсы органның функциялары Монополияға қарсы органның функциялары: 1) бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және іске асыру; 2) мемлекеттік органдардың бәсекені шектеуге бағытталған актілерінің, іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) жолын кесу; 3) осы Заңның талаптарына қайшы келетін экономикалық шоғырлануды болдырмау; 4) тиісті тауар нарығындағы үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдаланулардың алдын алу және жою; 5) бәсекеге қарсы келісімдерді, жосықсыз бәсекені болдырмау және олардың жолын кесу; 6) бәсекені және кәсіпкерлікті дамыту негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыруға жәрдемдесу; 7) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау болып табылады.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Реттеуші органның функ-циялары Реттеуші органның функциялары: 1) мыналарға: темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне); Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген номенклатура бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды реттеуді жүзеге асыру болып табылады; 2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау болып табылады. Баға түзу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
6-бап. Монополияға қарсы органның өкілеттіктерi 1. Монополияға қарсы орган белгіленген функцияларға сәйкес: 1) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды қолдану практикасын жинақтауға; 2) тауар нарықтарының жұмыс істеу, бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуге; 3) мемлекеттік органдардың бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға; 4) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің баға белгілеу мониторингін жүзеге асыруға; 5) шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды және ынтымақтастықты, сондай-ақ өзінің өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысуды ұйымдастыруға; 6) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі - Тізілім) жүргізуге; 7) бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге және бекітуге; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне: бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары; оларға мемлекет реттейтін бағаны енгізу қажет тауарлар номенклатурасы бойынша реттеуші органмен бірлесіп ұсыныстар енгізуге; 9) бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу мәселелері бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын, сондай-ақ кеңестер ұйымдастыруға және өткізуге; 10) монополиялық кірісті анықтау, монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеу ережелерін бекітуге; 11) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылыққа монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекітуге; 12) нарық субъектілерінің бәсекені шектейтін келісімдерін (келісілген іс-әрекеттерін) анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекітуге; 13) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жағдайын талдау және бағалау жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды бекітуге; 14) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіппен тексеру жүргізуге; 15) нарық субъектілеріне: осы Заңды бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою; бастапқы жағдайды қалпына келтіру; осы Заңға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту; нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу; тұтынушыларға келтірілген залалдарды өтеу және (немесе) монополиялық кірісті республикалық бюджетке аудару туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге; 16) мемлекеттік органдарға өздері қабылдаған актілерді жою немесе өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ осы Заңға қайшы өздері жасаған келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге; 17) бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға; 18) сотқа талап қойып және арыз айтып жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысуға; 19) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуына байланысты қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберуге; 20) мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының тауар нарықтарындағы бәсекені дамытуға бағытталған іс-шаралар өткізу жөнінде ұсынымдар беруге; 21) мемлекеттік органдардың, нарық субъектілерінің және олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзуларына тергеу жүргізуге; 22) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге; 23) өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды және өзге де адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға; 2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 24) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектілеріне реттеуші органға тіркелген бағаларды енгізу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. 2. Монополияға қарсы орган: 1) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Yкіметіне жекелеген тауар нарықтарындағы бәсекенің жай-күйі және монополистік қызметті шектеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы жылдық есеп жіберуге; 2) тауар нарығының жай-күйін, ондағы бәсеке деңгейін зерделеуге және соның негізінде монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлеуге; 3) Қазақстан Республикасының тауар нарықтарында Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға; 4) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін айқындау мақсатымен талдау жүргізуге; 5) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасы мәселелері бойынша түсініктеме беруге; 6) өз өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға және өтініш білдірушілерге қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде хабарлауға; 7) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа да ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды 6-1-бап. Реттеуші органның өкілеттігі 1. Белгіленген функцияларға сәйкес реттеуші орган: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекет реттейтін бағаларды енгізу қажет тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасы жөнінде монополияға қарсы органмен бірлесіп ұсыныс енгізуге; 2) тауар нарықтары субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) және инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жасау жөнінде әдістемелік ұсынымдарды бекітуге; 3) өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен, олардың лауазымды және өзге де адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, ақпарат сұратуға және алуға; 4) темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдерін және газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі, телекоммуникациялар және почта байланысы саласындағы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісіне және бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуші нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаны көтеруге дәлелді қорытындымен тыйым салуға; 5) осы Заңды бұзушылыққа жол берген нарық субъектілеріне монополияға қарсы органның ұсынуы бойынша тіркелген бағаларды енгізуге; 6) бағаларын мемлекет реттейтін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) Қазақстан Республикасының Үкіметі номенклатураға енгізген кезде нарық субъектілеріне осындай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге босатылатын бағаларды төмендету туралы дәлелді қорытынды жіберуге құқылы. 2. Реттеуші орган: 1) мемлекеттік органдар, нарық субъектілері және олардың бірлестіктері ұсынатын деректердің негізінде оларға белгіленген нысандар бойынша тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және тауар нарықтары субъектілерінің инфрақұрылымына кемсітусіз қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті тауар нарықтарына талдау жүргізуге; 2) өз құзыреті шегінде тиісті тауар нарықтарына баға түзу тәртібінің мәселелері бойынша түсініктемелер беруге; 3) алынған, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде алынған басқа ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
7-бап. Нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдерi (келісілген іс-әрекеттері) 1. Нарық субъектілерінің арасындағы кез келген нысанда қол жеткізілген, нәтижесінде бәсекені шектейтін не шектеуі мүмкін келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге), оның ішінде: 1) тауарларды сатып алудың немесе өткізудің келісілген бағаларын не басқа жағдайларын белгілеуге (ұстап тұруға); 2) бағаны көтеру, төмендету немесе ұстап тұру не сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы өзге де келісімдер нәтижесінде сауда-саттық қорытындыларын бұрмалауға; 3) тауар нарықтарын аумақтық белгісі, тауарлардың түр-түрі, оларды өткізу немесе сатып алу көлемі бойынша, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша не басқа белгілер бойынша бөлуге; 4) квоталауды қоса алғанда, тауарларды өндіруді не өткізуді негізсіз шектеуге; 5) белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тартуға; 6) тауар нарығына кіруді шектеуге немесе одан белгілі бір тауарлардың сатушылары немесе олардың сатып алушылары ретінде нарықтың басқа субъектілерін ығыстыруға; 7) басқа субъектілермен тең шарттарға кемсітетін жағдайлар қолдануға; 8) келісім-шарт жасаушы агенттердің өзінің мазмұны бойынша немесе іскерлік айналым дәстүріне сай осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша міндеттемелер (қаржы қаражатын, өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды беруді және басқаларын негізсіз талап ету) қабылдауы талабымен шарттар жасасуға қатысты келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге) тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толығымен немесе ішінара жарамсыз деп танылады. 2. Нарық субъектілерінің экономикалық қызметін жеке тұлғалардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың осы баптың 1-тармағында аталған салдарларға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін жағдайда үйлестіруіне тыйым салынады. 3. Осы бапта көзделген шектеулер: лицензиялық шарттар; кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары; технологияларды беруге байланысты шарттар; ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарындағы кооперация туралы шарттар; зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды беруге байланысты өзге де шарттар жөніндегі келісімдерге (келісілген іс-әрекеттерге) қолданылмайды.
1. Өздеріне қатысты мынадай шарттардың бірі орындалса: 1) келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) нәтижесінде тұлға немесе бірнеше тұлға бірлесіп заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес және одан көп процентіне тікелей немесе жанама (үшінші тұлғалар арқылы) билік етуге құқығы болса; 2) тұлға немесе бірнеше тұлғалар басқа тұлға немесе тұлғалар қабылдайтын шешімдерді шарт негізінде немесе өзгеше айқындауға, оның ішінде басқа тұлғаның немесе тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын айқындауға не атқарушы органның өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік алса; 3) белгілі бір жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары екі және одан да көп заңды тұлғалардың атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) құрамының елу және одан көп процентіне өкілдік етсе; 4) белгілі бір жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар екі немесе одан да көп заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді шарт негізінде немесе өзгеше түрде айқындауға, оның ішінде осы тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын айқындауға не олардың атқарушы органдарының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік алса; 5) заңды тұлғада еңбек міндеттерін атқаратын жеке тұлғалар бір мезгілде: басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) құрамының елу және одан көп процентіне өкілдік етсе; басқа заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді шарт негізінде немесе өзгеше түрде айқындауға, оның ішінде осы тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын айқындауға, не олардың атқарушы органдарының өкілеттігін жүзеге асыруға мүмкіндік алса; 6) белгілі бір жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкілдері арқылы екі және одан көп заңды тұлғаның әрқайсысының дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес және одан көп процентіне билік етуге құқылы болса; 7) жеке және (немесе) заңды тұлғалар дербес немесе өкілдері арқылы бір заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес және одан көп процентіне билік етуге құқылы болса, осы жеке тұлғалар, олардың жұбайлары, жақын туыстары, жекжаттары не аталған заңды тұлғалардың өкілдері бір мезгілде басқа заңды тұлғаның атқарушы органы және (немесе) директорлар кеңесі (байқаушы кеңесі) немесе өзге де басқару органы құрамының елу және одан көп процентін иеленсе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы болып табылады. 2. Осы Заңның нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.
9-бап. Yстем (монополиялық) жағдай 1. Тиісті тауар нарығындағы үлесі отыз бес және одан көп процентті құрайтын нарық субъектісінің жағдайы, сондай-ақ, егер осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар оларға қатысты орындалатын болса, тиісті тауар нарығындағы жиынтық үлесі бойынша нарық субъектілерінің жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылады. 2. Егер: 1) тиісті тауар нарығындағы өздеріне неғұрлым көп үлес тиесілі үштен аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі елу және одан көп процентті құраса; 2) тиісті тауар нарығындағы өздеріне неғұрлым көп үлес тиесілі төрттен аспайтын нарық субъектісінің жиынтық үлесі жетпіс және одан көп процентті құраса, бірнеше нарық субъектісінің әрқайсысының жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылады. Тиісті тауар нарығындағы үлесі он бес проценттен аспайтын нарық субъектісінің жағдайы үстем (монополиялық) жағдай болып танылмайды. 3. Тауар нарығына талдау мемлекеттік органдар, нарық субъектілері мен олардың бірлестіктері монополияға қарсы орган белгілеген нысанда табыс ететін деректер негізінде жүргізіледі. 4. Тауар нарығының географиялық шекаралары сатып алушы тауарды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарды сатып алатын немесе сатып алуы мүмкін аумақты және оны осы аумақтан тысқары жерлерде экономикалық, технологиялық, әкімшілік және басқа да себептер бойынша сатып ала алмайтын аумақты айқындайды. 5. Тауар нарығының шекаралары мынадай өлшемдер: 1) осы аумақта тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алу мүмкіндігі; 2) көліктік шығындардың тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) құнына қатысты алғанда негізділігі мен өзін ақтайтындығы; 3) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тасымалдау кезінде олардың сапасын, сенімділігі мен басқа да тұтынушылық қасиеттерін сақтауы; 4) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу-сатуға, әкелу-әкетуге шектеулердің (тыйым салулардың) болмауы; 5) өз шегінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну, өткізу жүзеге асырылатын аумақта бәсекеге тең жағдайлардың болуы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алудың қолжетімділігі ескеріле отырып, айқындалады. 6. Монополияға қарсы орган тиісті тауар нарықтарының шекарасын айқындауды: 1) тауар нарықтарының жай-күйін талдау кезінде; 2) тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу мақсатында; 3) нарық субъектісі дәлелді өтініш жасаған жағдайда; 4) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу фактілері анықталған кезде жүзеге асырады. 7. Тауар нарығының көлемі тауарларды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарларды әкелу мен әкету көлемдерін ескере отырып, нарық субъектілерінің тауарды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарларды нарықтың географиялық шекаралары шегінде заттай көрсеткіштердегі (ерекше жағдайларда құн көрсеткіштерінде) өткізу сомасы ретінде айқындалады. 8. Нарық субъектісінің тиісті тауар нарығындағы үлесі нарық субъектісінің нарықтың географиялық шекаралары шегінде тауарларды немесе бірін-бірі алмастыратын тауарларды өткізу көлемінің тауар нарығы көлеміне қатынасы ретінде айқындалады. 9. Нарық субъектісі өз өнімінің бір бөлігін өз қажеттігіне пайдаланған жағдайда, өткізу көлеміне тауар нарығындағы өткізу көлемі қосылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |