|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» (2006.22.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы № 1405 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2006.22.12. № 1241 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетін құруға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 8236000 (сегіз миллион екі жүз отыз алты мың) теңге бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануын бақылауды жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |