|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 және 2006 жылғы 21 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 13 «Басқалар» функционалдық тобында, 09 «Басқалар» ішкі функциясында 217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» әкімшісі бойынша 010 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві» бағдарламасында, 101 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві» кіші бағдарламасындағы шығындар 27022000 (жиырма жеті миллион жиырма екі мың) теңге сомасына ұлғайтылсын; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 699 қаулысында: 1-тармақта «35258000 (отыз бес миллион екі жүз елу сегіз мың) теңге» деген сандар мен сөздер «8236000 (сегіз миллион екі жүз отыз алты мың) теңге» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |