Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау Осы редакция 2006 ж. 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2000 ж. 16 қазандағы № 1540 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар ҚР Үкіметінің 19.06.02 ж. № 675 қаулысына сәйкес 1-тармақтың күші жойылды 1. "Тауарларды декларациялау және оларды Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы № 129 қаулысына (ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 5, 56-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы өткізiлетiн тауарлар мен мүлiктi өткізу мен декларациялау тәртібі туралы ережедегi: "Тауарлар өткізу тәртібі" 2-бөлiмнiң 2.1-тармағының бiрiншi абзацында, "Мүлiктi өткізу тәртібі" 3-бөлiмнiң 3.1-тармағының бiрiншi абзацында және "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасылатын тауарлар мен мүлiктi өткізу тәртібі" 4-бөлiмнiң 4.1-тармағында "және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке" деген сөздер алынып тасталсын; 2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшадағы: тақырыбында "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке" деген сөздер алынып тасталсын; III бөлiм. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке тыйым салынатын заттар, алынып тасталсын. 2. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Үкіметінiң рұқсатын берудiң тәртібінде: 5-тармақта "болуы мүмкiн" деген сөздерден кейiн "авариямен" деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын: "7-1. Шет мемлекеттiң мемлекеттік органы өтiнiш берушi болған жағдайда: 1) осы Ереженiң 7-тармағының 1), 2)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi; 2) келісім-шарт (осы Ереженiң 7-тармағының 4) тармақшасы) болмаған жағдайда, экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң берiлуi қажеттігiн негіздейтiн өзге де құжаттар ұсынылады."; 10-тармақта: екiншi абзацта "құжаттар" деген сөздiң алдынан "жұмыс органына келiп түскен" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын: "қару-жарақ және әскери техника, оларды өндiруге арналған арнайы жинақтаушы бұйымдар - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне". 3. "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 54, 541-құжат): 1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамынан Бауыржан Әлiмұлы Мұхамеджанов шығарылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегі Мемлекеттік комиссиясының құрамы туралы Ережеде: 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: "15. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөніндегі қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - жобалар) Комиссияның жұмыс органы әзiрлейдi және экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi жөніндегі кiшi комиссияның мүшелерiне (бұдан әрi - бiрiншi кiшi комиссия) жiберiледi. Бiрiншi кiшi комиссияның мүшелерi жобаны алғаннан кейiн екi күн iшiнде Комиссияның жұмыс органына келісім-хаттар (ескертпелерi бар келісім-хаттар, не келісімнен дәлелдi бас тарту) жiбередi. Келісімнiң мерзімі өткеннен кейін Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне тиiстi жобаны енгiзедi, бұл ретте жобаларда бiрiншi кiшi комиссия мүшелерiнiң немесе мемлекеттік органдар басшыларының қолы болуы талап етiлмейдi. Жобаға мiндеттi түрде мыналар қоса берiледi: түсiндiрме жазба; келісім-хаттар (ескертпелерi бар келісімдер, не болмаса келісімнен дәлелдi бас тарту). Ескертпелерi бар келісім-хаттар (дәлелдi бас тарту) болған жағдайда, Комиссияның жұмыс органы жобаға қоса берiлетiн келiспеушiлiк хаттамасын жасайды. Бiрiншi кiшi комиссия мүшесiнен келісім-хат болмаған жағдайда, мұның себептерi iлеспе хатта көрсетiледi. 16. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспорты, импорты және транзитi жөніндегі қаулыларын ?кімет қажет болған жағдайда, олар бiрiншi кiшi комиссия мәжілістерiнде қаралғаннан кейiн қабылдай алады.". 4. "Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен Қазақстан Республикасына әкелiнетiн экспорттық бақылауға жататын өнiмдi пайдалану жөніндегі мiндеттемелердi ресiмдеу және олардың атқарылуын бақылаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1919 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 55-56, 546-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауды жүзеге асырудың тәртiбіндегі: 6-тармақтағы: 7) тармақшаның бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен заңдастырылған сипаттағы" деген сөздер алынып тасталынсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Импорттаушы елдiң түпкi пайдаланушысының импорттық сертификатының түпнұсқалылығын растауды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады. Ядролық қарулардың, басқа да ядролық жарылғыш құрылғылардың, оның iшiнде бастапқы немесе арнайы ыдыратылатын материалдың экспортын жүзеге асыру кезiнде Ядролық қаруы бар ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы мемлекеттерден (1968 жылғы 1 шiлде, Женева) түпкi пайдаланушының импорттық сертификатын ұсыну талап етiлмейдi."; мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын: "6-1. Түпкi пайдаланушының импорттық, сертификаты мынадай мәлiметтердi қамтуы тиiс: 1) импорттаушының толық атауы мен оның мекен-жайы (егер делдал импорттаушы болған жағдайда); 2) түпкi пайдаланушының толық атауы мен мекен-жайы; 3) түпкi пайдаланушының елi; 4) тауарлардың атауы, саны мен ТМД СЭҚ ТН коды; 5) өнiмнiң тек түпкi пайдаланушы елдiң мұқтажы үшiн пайдаланылатыны және Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатынсыз үшiншi елге қайта экспортталмайтыны және берiлмейтінiне кепiлдiк; 6) түпкi пайдаланушының сертификатына қол қойған лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң аты, оның қолы, лауазымы және импорттаушы елдiң уәкiлеттi органының мөрi; 7) түпкi пайдаланушының импорттық сертификатының берiлген күнi."; 19-тармақтағы: 2) тармақшада "пайдаланылуын тексеруге" деген сөздерден кейiн "(бұл мiндет бастапқы немесе арнайы ыдыратылатын материалды экспорттаушы Ядролық қаруларды таратпау шартына қатысушы мемлекеттерге қолданылмайды)" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Өнiмдермен импорттық операцияларды жүзеге асыруға арналған лицензиялық ережеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатынсыз өзге тұлғаларға импортталатын өнiмдердi беруге жол бермеу туралы импорттаушының мiндетiн қамтуы тиiс.". |