Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері Қазақстан Осы редакция 2006 ж. 14 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы № 507 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 қаулысымен 1-тармақтың күші жойылды 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткі бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi құрылсын. ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 260 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Нашақорлыққа және есiрткi Бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн. 3. "Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 6 мамырдағы № 677 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 21, 238-құжат) 1, 2, 3, 4, 8-тармақтарының күшi жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi (бұдан әрi - Комитет) Әдiлет министрлігінiң құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласында үйлестiруді жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлдегi өзiнiң атауы жазылған мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаларға сәйкес банктерде шоттары болады. Комитет өзiнiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға кiредi. Комитеттiң азаматтық-құқықтық қатынастарда, егер заңнамаға сәйкес ол осыған уәкiлеттi болса, мемлекет тарабы атынан билiк етуге құқылы. 4. Комитет өз құзыретi мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен бұйрықтармен ресiмделетiн, Қазақстан Республикасының барлық аумағында мiндеттi күшi бар шешiмдер қабылдайды. 5. Комитеттiң ережесін және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтедi.
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 45. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтайшылық құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәніндегі шарттық қатынастарға кiруге тыйым салынады. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi, функциялары мен құқықтары 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 2) денсаулық сақтау жүйесіндегі: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды қоспағанда есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;<*> 3) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiру; 4) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 5) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшiн инвестициялар мен техникалық көмектi тартуға қатысу; 6) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы қызмет тәртібін регламенттейтiн заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу болып табылады.
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) меншік нысандарына қарамастан өз құзыреті саласында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2) денсаулық сақтау жүйесіндегі: тасымалдау, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою қызметі түрлерін лицензиялауды қоспағанда есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтiң барлық түрлерiн бақылайды және лицензиялауды жүзеге асырады; 3) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қызметiнiң нәтижелерін талдайды және оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 4) уәкiлеттi және өзге де органдармен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы реформалаудың негiзгі бағыттарын әзiрлейдi; 5) есiрткi құралдары мен психотроптық заттар тiзiмдерiнде және топтастырылуында санамаланған есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, шикi заттың, материалдардың және оларды дайындауға арналған жабдықтардың, сондай-ақ өсiмдiктердiң, заттар мен дәрi-дәрмектердiң егiлуiне, өндiрiсiне, дайындалуына, сақталуына, көтерме және халықаралық саудасына, бөлiнуiне, зерттелуiне қолданылатын нормаларды және басқа да нормаларды әзiрлейдi; 6) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласына келiп түсетiн техникалық көмек пен инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады; 7) құзыреттi және өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік саясат пен стратегияны қалыптастырады және iске асырады; 8) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы, оның iшiнде тиiстi мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiру арқылы стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламалардың iске асырылуын қамтамасыз етедi; 9) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарымен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының барлық түрлерiнiң ауқымына болжам жасайды; 10) Қазақстан Республикасы үшiн халықаралық квоталарды Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есірткіні бақылау жөніндегі халықаралық комитетінің бекіту үшін есірткі құралдарына, психотроптық заттарға мемлекеттің қажеттілік нормалары бойынша құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесiп анықтайды және Қазақстан Республикасының Yкіметіне ұсыныс жасайды; 11) Қазақстан Республикасындағы есiрткі жағдайының жай-күйi мен даму үрдiсiн талдайды, нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен мемлекеттік бағдарламаларды iске асырудың барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды; 12) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы мемлекеттік органдардың қызметiн үйлестiредi; 13) мүдделi мемлекеттік органдар арасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң мемлекеттік бағдарламаларын iске асыруға қаражатты, оның iшiнде Қазақстан Республикасы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан алатын қаржылық және техникалық көмектi бөлу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 14) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссиялардың қызметiн үйлестiрудi, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын жүзеге асырады; 15) денсаулық сақтау органдарының нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға дәрiгерлiк-әлеуметтiк көмек ұйымдастыруына және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге жәрдемдеседi; 16) нашақорлықты емдеу, оңалту және алдын-алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын қоғамдық және мемлекеттік емес ұйымдармен өзара iс-әрекет жасайды; 17) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 18) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласында халықаралық шарттар мен келісімдер жобаларын әзiрлеудi жүзеге асырады; 19) өз қызметi саласында Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөніндегі халықаралық ұйымдармен өзара iс-әрекет және ынтымақтастық жасайды; 20) нашақорлыққа, есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң және есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың халықаралық практикасын талдайды және жинақтайды; 21) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласына инвестициялар мен техникалық, соның iшiнде халықаралық көмектi тарту қойылады; 22) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласында заңнаманың қолданылу практикасын талдайды және жинақтайды, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi; 23) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекеттер саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, оның iшiнде стратегиялардың, мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын әзiрлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмiне және заңсыз сақтауда немесе айналымда табылған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды шағын, iрi, аса iрi мөлшерлерге жатқызу туралы жиынтық кестесiне өзгерістер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 24) құзыреттi және өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен олардың терiс пайдаланылуына қарсы әрекет саласындағы жұмыстар үшiн мамандардың оқытылуын, даярлауын, қайта даярлауын, тағлымдамадан өткiзуiн және біліктiлiгiн арттыруын, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм тұлғалардың, бiрiншi кезекте кәмелетке толмағандар мен жастардың алдын-алуын, емделуiн, әлеуметтік ақталуын ескерту iс-шараларын ұйымдастыру мәселелерiмен айналысатын мамандарды ұйымдастырады және үйлестiредi; 25) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресу үшiн қоғамды жұмылдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi, қоғамның құқықтық мәдениетiн көтеру жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 26) құзыреттi мемлекеттік органдармен бiрлесiп есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы әрекет саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiредi; 27) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 12. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне жүктелген міндеттердің іске асырылуы мен өз функцияларын жүзеге асыру үшін: 1) нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу, түзету және іске асыру, оның ішінде нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиялары мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша ұсыныстар енгізуге; 2) стратегияларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды iске асыру бойынша қоғамдық ұйымдармен өзара іс-әрекеттердi, ведомствоаралық және аймақаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға; 3) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен материалдар сұрауға және алуға; 4) өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар есептiлiгiнiң нысандары мен мерзiмдерiн белгiлеуге; 5) өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық ұйымдармен келiссөздер жүргiзуге және шетелдiк заңды тұлғалармен шарттар жасасуға; 6) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жетiлдiру, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына тиiмдi мемлекеттік бақылау орнату жөніндегі ұсыныстарды жасау үшiн Комитет жанынан консультативтiк-кеңесшi органдарын, комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ ғалымдар мен мамандарды, оның iшiнде шетелдiктердi тартуға; 7) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткiзетiн отырыстар мен кеңестерге қатысуға; 8) Комитет құзыретiне қатысты мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзуге; 9) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 13. Комитет жедел басқару құқығымен оқшауланған мүлікке ие болады. 14. Комитетке бекітілiп берген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитет өзiне бекітілiп берген мүлiктi өздiгiнен иелiктен айыруға немесе өзге де тәсілмен иеленуге құқылы емес. Комитетке заңнамамен белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiктi иелену құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Комитет қызметiнiң ұйымдастырылуы 16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Төрағаның Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады. 17. Төраға Комитет қызметiн ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапкершiлiк алады. 18. Осы мақсаттармен Комитет Төрағасы: 1) өз орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi; 2) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 3) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңнамада белгiленген тәртiппен ынталандыру, материалдық көмек көрсету мәселелерiн шешедi және Комитет қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады; 5) бұйрықтарға қол қояды; 6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет өкiлдiгiн жүргiзедi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 19. Орынбасарлар өздерiне Төраға жүктеген функцияларды орындайды, Төраға болмаған уақытта оның мiндеттерiн Төраға уәкiлдiк берген орынбасарлардың бiрi атқарады. 5. Комитеттің қайта ұйымдастырылуы және таратылуы 20. Комитеттiң қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. "Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: реттiк нөмiрi 38-жолда, 2-бағандағы "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат): 1) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада: 3-бағандағы "Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттік" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада: 3-бағандағы "Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттiк" деген сөздер "Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын. 3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара) 4. "Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысына: көрсетiлген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге Қазақстан Республикасы Yкіметінің рұқсатын беру тәртібі ережелерiнде: 10-тармақтың алтыншы және жетiншi абзацтарындағы "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын. 5. "Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 10 қарашадағы № 1693 қаулысына: 1) 3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру ережесінде: мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттiгi (әрi қарай - Агенттiк)", "Агенттiк", "Агенттiгiмен", "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiмен", "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі агенттігiне" деген сөздер тиiсiнше "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөніндегі комитетi (әрi қарай - Комитет)", "Комитет", "Комитетiмен", "Комитет", "Комитетiне", "Комитетінiң", "Комитетпен", "Комитетiне" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының есiрткi құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар айналымына байланысты қызметтi жүзеге асыруға мемлекеттік лицензиялар нысандарындағы және оған қосымшаларындағы: мәтіндегі "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттігі" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын. |