|
|
|
Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені (2007.28.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 маусымдағы № 940 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2007.28.12. № 1346 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссияның құрамы
Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет Зағипа Яхияқызы министрі, төрайым
Қожамжаров - Қазақстан Республикасы Әділет Темірболат Жанайдарұлы министрлігі Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы, төрайымның орынбасары
Әміров - Қазақстан Республикасының Иран Әмірұлы Парламенті Сенатының депутаты
Белоруков - Қазақстан Республикасы Николай Васильевич Конституциялық Кеңесінің мүшесi
Байболов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Болат Әбілхақұлы Сотының Аппарат Басшысының орынбасары
Ешімова - Қазақстан Республикасы Экономика Дана Ақылбекқызы және бюджеттік жоспарлау министрлігі Заң басқармасының бастығы
Нұржанов - Қазақстан Республикасы Қасымтай Біржанұлы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы
Оразалиева - Қазақстан Республикасы Қаржы Зәбира Жандарқызы министрлігі Заң қызметi департаментінің директоры
Әміржанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Жасұлан Жұмаділұлы қауіпсіздік комитетінің Заң басқармасы бастығының орынбасары
Жовтис - Адам құқықтары мен заңдылықты Евгений Александрович сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросының директоры
Турецкий - Қазақстан Республикасының Парламенті Николай Николаевич Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Фокина - Алматы Хельсинки комитетінің Нинель Константиновна төрайымы
Әбдірәсілов - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ермек Баяхметұлы ұлттық университеті заң факультетінің деканы, заң ғылымдарының докторы
Мәуленов - Қазақ гуманитарлық заң Ғазиз Сырбайұлы университетінің қылмыстық-құқықтық пәндері кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты
Шер - Қазақстан Республикасы Білім Раиса Петровна және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры, хатшы
Жаменова - Қазақстан Республикасы Ғалия Масалимқызы Мәдениет және ақпарат министрлігі Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директоры
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасы Жанмұрат Мұратұлы Денсаулық сақтау министрлігі Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры
Тәшібаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы Мұрат Сейітжанұлы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры
Әбдікәрімов - Қазақстан Республикасы Бас Аман Орапбайұлы прокуратурасы Соттарда қылмыстық істерді қарау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы (келісім бойынша)
Қалиакбарова - Орталық Азиядағы «Penal Reform Гүлнәр Тайтөлеуқызы International» (Халықаралық түрме реформасы) халықаралық қоғамдық бірлестігінің өңірлік директоры (келісім бойынша)
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әділет Дулат Рашитұлы вице-министрі, төрайымның орынбасары
Юрченко - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Раиса Николаевна Қылмыстық істер жөніндегі алқасының судьясы (келісім бойынша)
Әшітов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер Батыржан Зайырханұлы министрлігі Заң департаментінің бастығы
Дандыбаев - Қазақстан Республикасы Қарулы Тимур Тұрарұлы Күштерінің Әскери полициясы бас басқарма бастығының орынбасары
Иванета Добичина - «Қазақстан Республикасындағы Фридом Хаус, Инк.» Өкілдігінің өкілі (келісім бойынша)
Тарабаева - «Қазақстандық криминологиялық Ольга Михайловна қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Тұрмағамбетова - «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық Жеміс Өтегенқызы« бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)
Үкіметінің 2006 жылғы 19 шілдедегі № 687 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президент пен Үкіметтің кесімдерін және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның міндеттері: Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселені мұқият және жан-жақты зерделеу; қажетті нақты материал мен объективті ақпараттарды жинау болып табылады. Қазақстан Республикасында өлім жазасының күшін жою туралы мәселе бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың ұсыныстарын қарау; өлім жазасын қолдану және оның күшін жою мәселелері бойынша халықаралық тәжірибе мен заңнаманы талдау; Комиссия отырыстарының өткізілу ретіне қарай өлім жазасының күшін жою туралы мәселені зерделеу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар ету; өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу болып табылады. орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға; мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отырыстар, кеңестер мен конференциялар өткізуге; министрліктерден, ведомстволардан және Қазақстан Республикасының өзге де орталық атқарушы органдарынан, ғылыми, үкіметтік емес және басқа да ұйымдарынан қажетті материалдарды сұратуға, комиссия жұмысына қажетті мамандарды тартуға; Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті, өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссия үш жыл мерзімге құрылады. 7. Төраға Комиссияның қызметіне басшылық етеді, оның отырыстарына төрағалық етеді, оның шешімдерін іске асыруды жалпы бақылауды, салааралық, ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды. 8. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 9. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның мүшесі болып табылмайтын Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссия отырысын өткізуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол оларды отырысқа дейін кемінде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне жібереді. 10. Отырыстардың күн тәртібі, сондай-ақ оларды өткізу орны мен уақытын Комиссия төрағасы белгілейді және нақтылайды. Бекітілген тізбе Комиссия мүшелеріне тізім бойынша жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1346 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Комиссия отырысы күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір екінші жұмасында, қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндері өткізіледі. Отырыс оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан кезде заңды деп есептеледі. Комиссия мүшелері оның қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады. 12. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер, олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде баяндалуы және Комиссия отырысының хаттамасына, сондай-ақ есеп-хатына қоса тіркелуі тиіс. 13. Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша Комиссияның барлық мүшелері міндетті тәртіппен қол қоятын хаттама жасалады. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады. 14. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |