«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың
мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру
жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 9 тамыздағы № 224-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық кесімдердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тізбеге сәйкес тиісті нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Премьер-Министр Қазақстан Республикасы | Д. Ахметов |
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 9 тамыздағы
№ 224-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіруді
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы
қажет нормативтік құқықтық кесімдердің
тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық кесімнің атауы | Кесімнің атауы | Орындау мерзімі | Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі АҚ-ның одан әрі жұмыс істеуі бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2006 жылғы тамыз | ЭБЖМ |
2. | «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның құрамына кіретін заңды тұлғалардың кредит және инвестициялық саясатын бекітуге қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2006 жылғы тамыз | ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ |
3. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның құрамына кіретін ұлттық компаниялардың даму жоспарларын бекіту тәртібін өзгерту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2006 жылғы тамыз | ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині |
4. | «Қазақстан Даму Банкі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның жарғылық капиталына төлеуге беруді қамтамасыз ету бөлігіндегі «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2006 жылғы тамыз | ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ, Қаржымині |
5. | «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі құрамының кейбір мәселелері | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2006 жылғы тамыз | ЭБЖМ (жинақтау), ИСМ |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі.