Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 537 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазавиамет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазаэросервис» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мыналар болып белгіленсін: шарт негізінде азаматтық авиацияның және басқа да ведомстволардың әуе кемелерінің ұшуын сапалы метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру; әуе кемелері ұшуының қауіпсіздігіне, тұрақтылығына және тиімділігіне жәрдемдесу; метеорологиялық жабдықтардың және басқа да техникалық құралдардың жұмысына жоғары сенімділікті қамтамасыз ету. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: қоғамның жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|