|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелерi (2008.05.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. ҚР Үкіметінің 2008.05.12. № 1150 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы туралы ережеде: 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "7. Сыйлық алуға кандидатураларды ұсынуды орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіптік одақтар, қоғамдық жастар бірлестіктері және қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ұйымдар жүргізеді. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатуралар туралы дұрыс емес ақпарат ұсынылған жағдайда аталған кандидатуралар конкурсқа қатысуға жіберілмейді."; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын: "Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдейді. Хатшы жұмыс тобының мүшесі болып табылмайды. Комиссия мүшелері Комиссия қызметіне алмастыру құқығынсыз қатысады."; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Сыйлық алуға ұсынылған кандидатураларды Комиссия екі кезеңде қарайды. Біріншісінде Комиссия конкурсқа сыйлық алуға қатысу үшін кандидатураларды іріктейді, екіншісінде сыйлық тағайындау туралы шешім қабылдайды. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады."; 7-тармақтағы "жасырын" деген сөз алынып тасталсын. 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысының екінші тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 30, 418-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 1256 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 48, 602-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 тамыздағы № 897 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 234 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 12, 132-құжат). 4. Осы қаулы алғаш рет peсми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 22 тамыздағы № 797 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегi комиссияның құрамы
Әйтімова - Қазақстан Республикасының Білім Бірғаным Сарықызы және ғылым министрі, төрайым
Әлиев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Арыстанбек Мұхамедиұлы және ақпарат вице-министрі, төрайымның орынбасары
Өтешев - Қазақстан Республикасы Білім және Нұрлан Сүлейменұлы ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры, хатшы
«Театр және кино, әдебиет, журналистика» секциясы
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет Ержан Жалбақұлы және ақпарат вице-министрi
Теменов - Қазақстан Республикасы Мәдениет Талғат Досымғалиұлы және ақпарат министрлігі "Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық жас көрермен театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры, Қазақстан Республикасының халық әртісi
Нөгербек - Қазақстан Республикасы Білім және Бауыржан Рамазанұлы ғылым министрлігі "Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы" мемлекеттік мекемесінің профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Мырзатай Жолдасбекұлы ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры, профессор, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигi
Жүсіп - "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" Нұртөре Байтілесұлы акционерлік қоғамының бас директоры, Президент сыйлығының лауреаты
«Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы» секциясы
Ахмедияров - "Қазақ әуендері" акционерлік қоғамының Ғалым Алғалиұлы вице-президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Мұсақожаева - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Айман Қожабекқызы министрлігі "Қазақ ұлттық музыка академиясы" мемлекеттік мекемесінің ректоры, профессор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, әлем әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Артығалиев - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Мәди Әдиұлы ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қоры" мемлекеттік мекемесінің директоры
Бабаева - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген Айгүл Дүйсенбайқызы әртісі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Шұғыла Сапарғалиқызы - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының Президенттік оркестрі би ансамблінің солист-балетмейстері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісi
«Дизайн және бейнелеу өнері» секциясы
Өмірбеков - Қазақстан Республикасы Мәдениет және Байтұрсын Есжанұлы ақпарат министрлігі "Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры
Ерғалиева - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Райхан Әбдешқызы министрлігінің "M.O. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны бейнелеу өнері бөлімінің меңгерушісі, өнертану докторы, ЮНЕСКО жанындағы Көркем сыншылардың халықаралық қауымдастығының мүшесi
Зәуірбекова - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Фатима Есмұратқызы сыйлығының лауреаты, қолданбалы өнер суретшісi
Төлепбай Ерболат - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Ресей Көркем академиясының академигі, Сальвадор Дали сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
Ли - "Қазақстан Республикасының Суретшілер Камилла Витальевна одағы" қоғамдық бірлестігінің жауапты хатшысы, ЮНЕСКО жанындағы Көркем сыншылар қауымдастығының мүшесі Халықаралық авторлық қауымдастықтың мүшесi
«Ғылым және қоғамдық қызмет» секциясы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Нұралы Сұлтанұлы министрлігі "Химиялық-технологиялық зерттеулер орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi
Сүлеев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Досым Қасымұлы министрлігі "Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры, профессор, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигi
Нәбиева - "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Рита Сәбитқызы акционерлік қоғамының біріншi вице-президентi
Кәрімбаев - "Студенттік құрылыс және жастардың Нұрсұлтан Тұрлыбекұлы еңбек жасақтары республикалық штабы" мекемесінің төрағасы
Бегентаев - Қазақстан Республикасы Білім және Мейрам Мұхаметрахымұлы ғылым министрлігі "С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, "Ертіс жастары" Павлодар облыстық жастар ұйымының көшбасшысы
«Спорт» секциясы
Құлназаров - Қазақстан Республикасы Туризм және Анатолий Қожекенұлы спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы
Кәрімжанов - Қазақстан Республикасының бокстан еңбек Нұржан Мыңжасарұлы сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Шығыс Азия ойындарының чемпионы, әлем кубогінің күміс жүлдегерi
Рысбеков - Қазақстан Республикасы Туризм және Қыдырбек Әділбекұлы спорт министрлігі "Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат" мемлекеттік мекемесінің директоры, Қазақстан Республикасының тоғыз құмалақтан еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Сәдуақасов - халықаралық гроссмейстер, Дәрмен Қанатұлы жасөспірімдер арасында шахматтан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
Храпатый - Кеңестік Социалистік Республикалар Анатолий Михайлович Одағының ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының чемпионы, әлем чемпионы, Азия чемпионы, Еуропа чемпионы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |