Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2006 жылғы 30 мамырдағы № 105 өкімімен БЕКІТІЛГЕН
Жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына
1. Жалпы Ережелер
1. Жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервтер - деректері осы Қағидамен белгіленген тәртіпте тізімге енген Қазақстан Республикасының қызметтегі судьялары. 2. Кадрлық резерв бүкіл республика көлемінде, келесі категориялар: 1) облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қызметтері; 2) облыстық және оған теңестірілген соттардың алқа (қылмыстық және азаматтық) төрағаларының қызметтері; 3) аудандық соттардың төрағалары қызметтері; 4) мамандандырылған (экономикалық, әкімшілік және т.б.) соттардың төрағалары қызметтері бойынша қалыптастырылады. 3. Судьялардың кадрлық резервте болу мерзімі - 3 жыл. Судья осы мерзім ішінде өзі кадрлық резервте тұрған басшылық лауазымға тағайындалуы мүмкін. Қажетті жағдайда жергілікті соттың басшылық лауазымына ұсыну жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервте тұрған кандидаттардан тыс жүзеге асырылуы мүмкін. 4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жергілікті соттардың басшылық лауазымдарына кадрлық резервтер құру жөніндегі Комиссиясы кадрлық резервте тұратын кандидаттарға керекті құжаттардың тізімін, кандидаттарға қойылатын талаптарды бекітеді. 5. Кадрлық резервте тұратын судьяның деректері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жергілікті соттардың басшылық лауазымына кадрлық резервтер құру жөніндегі Комиссиясы бекіткен жүйелендірілген тізімге тиісті тіркеу қағазы толтырыла отырып кіргізіледі. 6. Кадрлық резервте тұрған мерзім ішінде кандидаттар оқуға, тағлымдамадан өтуге және кәсіби білігін арттыруға жіберілуі мүмкін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|