«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы
Осы редакция 2006 ж. 25 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) құрылсын. 2. «Қазына» АҚ қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтарына ие заңды тұлғаларды тиімді корпоративтік басқару болып белгіленсін. 3. Қоса беріліп отырған: 1) «Қазына» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум; 2) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтары «Қазына» АҚ-ға берілетін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне «Қазына» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 100000000 (бір жүз миллион) теңге бөлінсін. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Қазына» АҚ-ның жарғысын бекітуді; 2) «Қазына» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 3) заңнамалық кесімдерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін заңды тұлғалар акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтарын «Қазына» АҚ-ға беруді; 4) «Қазына» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне беруді; 5) осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы жөнінде ұсыныстар енгізсін. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-71-жолмен толықтырылсын: «21-71. «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ»; 2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-19-жолмен толықтырылсын: «237-19. «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ». 8. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі апта мерзімде осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізсін. 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ. Мәсімовке жүктелсін. 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегi № 286 қаулысымен Бекітілген
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум
1. «Қазына» АҚ-ны құрудың мақсаты
«Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) құру мақсаты мемлекет қатысатын заңды тұлғаларды тиімді корпоративтік басқару жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру және ынталандыру болып табылады. Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімдеріне сәйкес «Қазына» АҚ-ға мемлекет қатысатын заңды тұлғалар (бұдан әрі - Компаниялар) акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтары берілетін болады.
2. «Қазына» АҚ қызметінің қағидаттары
«Қазына» АҚ-ның қызметі айқындылық және кешенділік қағидаттарына негізделетін болады. Айқындылық қағидаты менеджерлердің жауапкершілігін, қаржы ресурстарының тиімді пайдаланылуын тиісті бақылауды қамтамасыз ететін Компанияларды корпоративтік басқарудың ашық жүйесін құруды болжамдайды. Осы қағидатты сақтау үшін мінсіз іскерлік беделі бар кәсіби шетелдік менеджерлерді тарта отырып, тәуелсіз директорлардың институтын белсенді түрде пайдалану қажет. Кешенділік қағидаты белгілі бір операцияларда және/немесе қызмет түрлерінде Компаниялардың мамандануын қолдаудың әр түрлі көздері мен бағыттары болған кезде экономиканың жеке және мемлекеттік секторларының бастамаларын теңгерімді қолдау жүзеге асырылатынын білдіреді.
«Қазына» АҚ-ны құру мақсатына қол жеткізу мынадай негізгі міндеттерге негізделеді: Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясының ережелерін, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму саласындағы Мамандандырылған Кеңестің (бұдан әрі - Мамандандырылған кеңес) ұсынымдары негізінде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге Компаниялардың қол жеткізуін қамтамасыз ету; ұлттық экономиканы әртараптандыруда Қазақстан Республикасының Үкіметіне жәрдемдесу, Компаниялардың қызметін үйлестіру негізінде экспорт-импорт секторының басымдықтарын пайдалану; Компанияларды корпоративтік басқарудың әлемдік үздік тәжірибесін енгізу; Компаниялар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру, Компаниялардың мамандануы мен олардың арасындағы орынды бәсеке арасындағы теңгерімді айқындау; Қазақстан Республикасының қор нарығының дамуына жәрдемдесу. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу Компаниялардың тиісті Директорлар кеңестерінде акционер мен өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы Компанияларды басқаруда «Қазына» АҚ-ның белсенді түрде қатысуы жолымен жүзеге асырылатын болады.
4. «Қазына» АҚ-ның функциялары
Компанияларды олардың Директорлар кеңестері арқылы корпоративтік басқаруды жүзеге асыру шеңберінде «Қазына» АҚ-ның негізгі функциялары мыналар болып табылады: Мамандандырылған Кеңестің ұсынымдары негізінде Компаниялар үшін мақсаттар қою; қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған Компаниялардың орта мерзімді бизнес-жоспарларын, инвестициялық бағдарламалары мен жылдық бюджеттерін бекіту; жеке сектордың бастамаларын іске асыруға бөлінетін ақша қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылау; Компаниялардың аудитін ұйымдық қамтамасыз ету; Компаниялардың басшыларын іріктеу және олардың уәждемесі. «Қазына» АҚ индустриялық-инновациялық даму, жоғары технологиялық халықаралық жобаларға мемлекеттің қатысуы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін ұсынымдар әзірлейді.
5. «Қазына» АҚ-ны басқару мәселелерi
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан мемлекет «Қазына» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады. Қазақстан Республикасының Yкіметі «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің дербес құрамын айқындайды. «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда министрліктері басшыларының орынбасарлары, тәуелсіз директорлар, «Қазына» АҚ-ның атқарушы директоры кіреді. «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы тәуелсіз директорлар арасынан сайланады. «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне мыналар кіреді: «Қазына» АҚ қызметінің басым бағыттарын айқындау; «Қазына» АҚ қызметінің мақсаттарын қою; «Қазына» АҚ-ның бюджетін бекіту; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де мәселелер. «Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің жанынан комитеттер, оның ішінде Аудит комитеті құрылуы мүмкін. «Қазына» АҚ-ның қызметін қаржыландыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жарғылық капитал қаражаты және өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Қазына» АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Қазына» АҚ-ның арасындағы өзара қарым-қатынастар Мамандандырылған кеңес - Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган арқылы жүзеге асырылады, оны құру туралы шешімді және Қызметі туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын Мамандандырылған кеңестің құрамына Экономика және бюджеттік жоспарлау, Индустрия және сауда, Қаржы министрліктерінің бірінші басшылары кіреді. Мамандандырылған кеңес Компанияларды басқару жөніндегі негіз қалаушы мақсаттар мен міндеттер бойынша ұсынымдар әзірлеуді орта мерзімді негізде екі жылда бір рет жүзеге асырады және мақсаттар мен қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге бағалау жүргізеді. Мамандандырылған кеңес өзінің қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және екі жылда кемінде бір рет отырыс өткізеді. Мамандандырылған кеңестің қызметін ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз етуді Мамандандырылған кеңестің қызметі туралы ережеде айқындалған жұмыс органы жүзеге асырады. Компаниялардың қызметіне мемлекеттік органдардың бақылау және (немесе) қадағалау функцияларын орындауға негізделмеген араласуына жол берілмейді.
7. «Қазына» АҚ мен Компаниялар арасындағы өзара қарым-қатынастар
«Қазына» АҚ мен Компаниялардың өзара қарым-қатынастары жоғарыда көрсетілген оның функцияларымен айқындалады. Бұл ретте «Қазына» АҚ-ның Компаниялар қызметіне әсер етуі Компаниялардың тиісті Директорлар кеңестеріндегі акционер мен өкілдіктің функцияларын жүзеге асыру арқылы корпоративтік басқару шеңберінде шектеледі. Компаниялардың Директорлар кеңесінің құрамына «Қазына» АҚ-ның өкілдері, тәуелсіз директорлар кіреді. Компаниялардың Директорлар кеңесінің төрағасы «Қазына» АҚ-ның өкілдері арасынан сайланады.
Yкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегi № 286 қаулысымен Бекітілген
Акцияларының мемлекеттік пакеттерін (қатысу үлестерін) иелену мен пайдалану құқықтары «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамына берілетін заңды тұлғалардың тізбесi
|