ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi
2. Қол қойылған күнi: 1997 жылғы 16 шiлде
3. Жарияланған күнi: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат
4. Қолданысқа енгiзiлген күнi: 1998 жылғы 1 қаңтар
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы: - Бөлiктер: 2 - Бөлiмдер: 7 - Тараулар: 16 - Баптар: 401
6. Қабылданғанға дейiн қолданылған нормативтiк құқықтық акт: 1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Қылмыстық кодексi
7. Нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар: - «Бағалы металдарға байланысты қатынастарды реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi № 277-I Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 16, 219-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi № 430-І Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 20, 721-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 6, 141-құжат; «Егемен Қазақстан» 2000 жылғы 11-12 мамыр, № 110-111); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 8, 53-құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 17 наурыз, № 56); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 164-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 8, 54-құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 20 наурыз, № 57); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне терроризмге қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы № 295-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 4, 32-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 22 ақпан, № 39-40); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңсыз көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 4, 33-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 26 ақпан, № 42); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына бақылау жасау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 мамырдағы № 327-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 10, 106-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 155-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 1 тамыз, № 176-179); - «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 28 желтоқсан № 303-306); - «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi № 480-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 жыл., № 15, 137-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 18 шiлде, № 178-179); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 18, 142-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 27 қыркүйек, № 255); - «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өлiм жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 529-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 5, 22-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 12 наурыз № 57-58); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сайлау заңдары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 97-құжат); - «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбір құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 23, 139-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13, 53-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 14, 58-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 1 желтоқсан № 269); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 19-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 21 қаңтар № 18, 24 қаңтар № 19); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 22-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 15 ақпан № 36-39); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 10 наурыз № 56); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 8, 45-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 17 мамыр № 107-108).
Ескерту «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріс және толықтырулар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ КОДЕКСІ
ЖАЛПЫ БӨЛІМ V бөлiм Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату VI бөлiм Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы VII бөлiм Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ 1-тарау Жеке адамға қарсы қылмыс 2-тарау Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар 3-тарау Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы 4-тарау Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар 5-тарау Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар 6-тарау Меншікке қарсы қылмыстар 7-тарау Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 8-тарау Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар 9-тарау Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар 10-тарау Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар 11-тарау Экологиялық қылмыстар 14-тарау Басқару тәртібіне қарсы қылмыс 15-тарау Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
Жалпы бөлiм
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ
1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары 1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс. 2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi 1. Осы Кодекстiң мiндеттерi: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. 2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi.
3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.
5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi 1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады. 2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс. 3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды.
6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиiс. 2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады. 3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген де Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады. 2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды. 3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдiктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру 1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуге тиiс. 2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн.
ҚЫЛМЫС
9-бап. Қылмыс ұғымы 1. Осы Кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi. 2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды.
10-бап. Қылмыс санаттары 1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптілік дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi. 2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады. 3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады. 4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады. 5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.
11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы 1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады. 2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн. 3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды. 4. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды. 5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады.
12-бап. Қылмыстардың жиынтығы 1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам , егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 3. Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды. 12-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген толықтырулармен.
13-бап. Қылмыстың қайталануы 1. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. 2. Қылмыстың қайталануы: а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда; б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауiптi деп танылады. 3. Қылмыстардың қайталануы: а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда; б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда; в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауiптi деп танылады. 4. Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. 5. Қылмыстардың қайталануы осы Кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.
14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар 1. Есi дұрыс, осы Кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 2. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, сенімiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей.
15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы 1. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. 2. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кiсi өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кiсi тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгенi (185-баптың екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-баптың екiншi, үшiншi бөлiктерi), терроризм (233-бап), адамды кепiлге алуы (234-бап), террористiк актi туралы бiле тұра көрiнеу өтiрiк хабарлағаны (242-бап), қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-баптың екiншi, үшiншi бөлiгi), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде қайтыс болған адамдардың мүрдесiн және олардың жерленген жерлерiн қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiгi), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткенi (299-бап) үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. |