«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 86-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Агроөнеркәсіптік кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5816636 мың теңге (бес миллиард сегіз жүз он алты миллион алты жүз отыз алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қызметтік телефондар және мемлекеттік органдардың аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесін қалыптастыру мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; «Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шаруашылық, балық және су шаруашылығы, өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау, өсуін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері, егіншілік, тұқым шаруашылығы және астық рыногын реттеу, өсімдіктерді қорғау және карантин, ветеринария, сусындарды (алкогольды өнім мен этил спиртінен басқа), терілерді (илеу және әрлеу), мақта талшығы мен жүнді қайта өңдеуді қоса тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі өндіруші өнеркәсіптер, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (іріден басқа), агроөнеркәсіптік кешенін техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жер суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылыми салаларында мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды жасау және іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен нормативті құқықтық актілерді, нормативтік және әдістемелік құжаттарды, реттелетін сала мәселелері жөніндегі құжаттамалардың нысанын әзірлеу, бекіту және келісу; министрліктің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді құрудың негізін жасау; Қазақстан Республикасында азық-түліктік қауіпсіздікті және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; реттелетін салада мемлекеттік бақылауды, қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешенін ақпаратты-кеңесті қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері: - әр мемлекеттік қызметкерлерді 100%-ға жұмыс орнымен қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық және материалдық базамен жабдықтау; - 4 нормативтік-құқықтық актілерін ветеринария саласында 8 нормативтік-құқықтық актілерін әзірлеу; - 3 бірлік авто көлік құралдарын жалдау; - ветеринария саласында 23 миллион бас жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу; - ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарда ішкі бақылауды жүзеге асыру: ветеринария, өсімдіктерді қорғау және карантин салаларында тоқсанда бір рет, қаржылық бөлік бойынша 60 тексеріс; - мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби деңгейді көтеру курстарында оқыту - 399 адам, оның ішінде аумақтық органдар - 359 адам, 334 адам санында мемлекеттік тілге үйрету, оның ішінде аумақтық органдар - 264 адам, ағылшын тіліне 50 адам. Біліктілікті арттыру курстарын өтетін мемлекеттік қызметкерлердің саны 783 бірлік - мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін 5% көтеру қажеттілігін қамтамасыз ету, мемлекеттік тілге үйрету - 4%, мемлекеттік қызметкерлерді ағылшын тіліне оқыту - 0,6%; - орталық аппаратты, аумақтық органдардың аппараттарын, балық, орман және аң, су шаруашылықтары комитеттерін материалдық-техникалық жарақтандыру (түрлі-түсті басу барабаны - 3 бірлік, офистік жиһаз - 20 бірлік, мотоциклдар - 3 бірлік, қайықтар - 22 бірлік, жиһаздар жинағы - 1 бірлік, аэрошана - 1 бірлік, таныстыру құралы - 5 бірлік, море класындағы катер - 1 бірлік); - орталық аппаратты ақпараттық-техникалық жарақтандыру (Интернет желісіне қосу қызметтері, 1:С бухгалтерия бағдарламасын енгізу). Түпкілікті нәтижелері: бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісін жасау, агроөнеркәсіптік кешен, балық, орман, су шаруашылығы саласында реттеу дәрежесін күшейту, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру қажеттілігін қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтижесі: орталық аппараттың бір мемлекеттік қызметкерін ұстау шығыны жылына 1083,2 мың теңге, аумақтық органның бір мемлекеттік қызметкерін ұстау шығыны 658,5 мың теңге, бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыру шығыны орташа - 19,033 мың теңге, мемлекеттік тілге оқытуға - 28,688 мың теңге, ағылшын тіліне оқытуға - 38,1 мың теңге. Уақтылығы: жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау. Сапасы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін белгіленген мерзімді ескере отырып іс-шараларды толық көлемде 100% сапалы орындау; қазіргі экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкердің кәсіби деңгейін көтеру; мемлекеттік тілге оқыту курсын өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс қағаздарына көшкен 30% мемлекеттік қызметкерлер; ағылшын тілінде құжаттармен жұмыс істейтін 20% мемлекеттік қызметкерлер, біліктілікті көтеру курсын өткеннен кейін жоғары лауазымды орынға тағайындалған 30% мемлекеттік қызметкерлер.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 87-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Жердің мелиоративтік жай-күйін сақтау және жақсарту» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 178540 мың теңге (бір жүз жетпіс сегіз миллион бес жүз қырық мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95, 135-баптары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: суармалы жерлер мен ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы объектілеріне және жерді қалпына келтіру мен су ресурстарын басқару жобасына мониторинг жүргізу; Қазақстан Республикасының суармалы жерлерінің мелиоративтік жай-күйін бағалау; су шаруашылығына бағытталған және жобалау-зерттеу гидромелиоративтік жұмыстарына әдістемелік және нормативтік құжаттарды әзірлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже: жалпы ауданы 1689396 гектар жерге жүргізілген іс-шаралар кешенінің нәтижесінде суармалы жерлердің мелиоративтік жай күйі туралы мәлімет алынды, инженерлік дайын суармалы жерлерге мелиоративтік іс-шаралардың орындалуы бойынша мемлекеттік бақылау жасалынды, жердің мелиоративтік жай-күйін жақсарту және сақтау жөніндегі іс-шаралар мен нұсқаулар әзірленді. Су объектілерін қорғау және пайдалану саласында жобалау іздестіру жұмыстарына 5 нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлеу және 11-ін бекіту жоспарлануда. Су шаруашылығына бағытталған және гидромелиоративтік жобаларды біркелкі ақпараттандырудың қамтамасыз етілуі нәтижесінде сервер орталығы алынады, Су ресурстары жөніндегі комитеттің портал (зерттеу жүйелері) жұмыстарын бағдарламалық қамтамасыз ету дайындалды. Мемлекеттік мекемелер мыналармен жарақтандырылады: Жетісу гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: арнайы машина - 1 бірлік, аспаптар мен құралдар - 10 бірлік, компьютерлер - 4 бірлік, оргтехника - 1 бірлік; Оңтүстік-Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: арнайы автокөлік - 3 бірлік, аспаптар мен құралдар - 3 жиынтық, компьютерлер - 2 бірлік, тоқ көзі - 2 бірлік, принтер - 2 бірлік, оргтехника - 1 бірлік; Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы: мотокөлік - 4 бірлік, түрлі-түсті сканер - 1 жиынтық, түрлі-түсті плоттер - 1 жиынтық, компьютерлер - 3 бірлік, тоқ көзі - 3 бірлік, принтер - 3 бірлік. "Қазагромелиосушар" республикалық әдістемелік орталығы: Компьютерлер - 3 бірлік, оргтехника - 3 бірлік, "Юрист" анықтама-құқықтық жүйе - 1 бірлік, "Эра" - қоршаған ортаға зиянды әсерлерді бағалау бағдарламасы - 1 бірлік, Audit Expert Standard инвестициялық жобалардың экономикалық негіздемесі жөніндегі бағдарламасы - 1 бірлік. Түпкілікті нәтижелері: жердің, суармалы судың ұтымды және тиімді пайдаланылуы, тұзданудың, сортаңдаудың, суландыру эрозиясы мен топырақ құнарлығының төмендеуінің алдын алу; жобалау-іздестіру жұмыстарының тиімді және сапалы орындалуы, келісілген нормалар мен ережелердің қамтамасыз етілуі. Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір гектар суармалы жердің мелиоративтік жай-күйін бағалаудың орташа құны - 79,1 теңге/га жыл сайынғы арзандауымен. Бір нормативтік-әдістемелік құжаттың орташа құны - 0,5 млн. теңге. (Материалдық-техникалық жарақтандыру шығындары есепке алынбаған). Уақтылығы: белгіленген мерзімде орындалған іс-шаралардың нәтижесін ұсыну. Сапасы: жерді пайдалану коэффициентінің жыл сайынғы ұлғаюымен инженерлік дайын жерлерді тиімді пайдалану.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 88-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Өсімдіктерді қорғау» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2850424 мың теңге (екі миллиард сегіз жүз елу миллион төрт жүз жиырма төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 20-бабы; «Карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 19 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республикада қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: 1) республика аумағында фитосанитариялық ахуалға жүйелі түрде бақылау жүргізу; 2) биылғы жылы аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай дамуы мен таралуының ошақтарын толық анықтау; 3) ауыл шаруашылығы дақылдары мен алқаптарындағы аса қауіпті зиянды организмдердің санын қауіпсіз (ЗЭШ - зияндылықтың экономикалық шегінен төмен) деңгейге дейін азайту; 4) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді аса қауіпті зиянды организмдердің дамуы мен таралуының мейлінше анық болжамдарымен қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
|