ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1.Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы: «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексi
2. Қол қойылған күнi: 2001 жылғы 30 қаңтар
3. Жарияланған күнi: Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат
4. Қолданысқа енгiзiлген күнi: 2001 жылғы 30 қаңтар
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы: - Бөлiктер: 2 - Бөлiмдер: 5 - Тараулар: 45 - Баптар: 811
6. Қабылданғанға дейiн қолданылған нормативтiк құқықтық акт: Қазақ ССР Жоғарғы Советi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-iнiң әкiмшiлiк право бұзушылық туралы кодексi (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1984 ж., № 14 (қосымша)
7. Нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар: - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы полициясы органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi № 240-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 241-құжат; «Заң газеті» 2001 жылғы 25 шілде № 33); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 қарашадағы № 251-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 21-22, 281- құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 9 қараша, № 252-253); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңсыз көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 4, 33-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 26 ақпан, № 42); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 155-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 1 тамыз, № 176-179); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне электрондық құжат, электрондық цифрлық қолтаңба және ақпараттандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 372-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 11 қаңтар, № 8); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 наурыздағы № 394-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 4, 25-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 18 наурыз, № 62); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне микрокредиттiк ұйымдар қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 398-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 5, 30-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 4 сәуiр, № 77-78); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне бағалы қағаздар рыногы және акционерлік қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы № 416-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 11, 56-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 23 мамыр, № 123-124); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 424-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 11, 64-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 6 маусым, № 137-138); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы № 428-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 11, 68-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 6 маусым, № 137-138); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шiлдедегi № 451-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 109-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 7 шiлде, № 169); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 шiлдедегi № 464-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 122-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 9 шiлде, № 171); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 10 шiлдедегi № 483-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 15, 139-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 23 шiлде, № 184-185); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 18, 142- құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 27 қыркүйек, № 255); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 21-22, 160-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 5 желтоқсан, № 315-317); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 506-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 23, 171-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 542-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 6, 42-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 17 сәуiр, № 96-97); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне дәрiлiк заттар айналымы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 мамырдағы № 551-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 10, 55-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 12 мамыр, № 122); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне кредиттiк бюролардың қызметi және кредиттiк тарифты қалыптастыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi № 572-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 15, 86-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 14 шiлде, № 176); - «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сайлау заңдары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 583-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 17, 97-құжат); - «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбір құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 23, 139-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 28 желтоқсан, № 315); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 23, 140-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 31 желтоқсан, № 320-323); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және төрелiк қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 24-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 153-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 7 қаңтар, № 3); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 ақпандағы № 33-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 5, 5-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 26 ақпан, № 40-41); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 7-8, 19-құжат); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялар мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 4 мамырдағы № 48-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 9, 26-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылы 18 мамыр № 107); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 53-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 13 шілде, № 156); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және акционерлік қоғамдар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 72-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 58-құжат); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 21 қазандағы № 80-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 17-18, 72-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 4 қараша № 247); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 21-22, 86-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 3 желтоқсан № 272); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 1 желтоқсан № 269); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 107-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 104-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 5 қаңтар № 2-5); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 10 қаңтардағы № 116-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 1, 5-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 19 қаңтар № 16); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 19-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 21 қаңтар № 18, 24 қаңтар № 19); - «Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 123-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 20-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 28 қаңтар № 25-26); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 22-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 15 ақпан № 36-39); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 10 наурыз № 56); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 139-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 8, 45-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 17 мамыр № 107-108); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы № 146-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 10, 52-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 9 маусым № 129-131); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 22 маусымдағы № 147-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 11, 55-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 27 маусымдағы № 146); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот сараптамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі № 151-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 12, 72-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 11 шілде № 159-161); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бұқаралық ақпарат құралдары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 156-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 12, 77-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 11 шілде № 159-161); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзара сақтандыру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 164-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 85-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 18 шілде № 166-168); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын жетiлдiру және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi қызметiнiң мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі № 165-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 13, 86-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 11 шілде № 159-161); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 171-ІІІ Заңы («Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 14 шілде № 164-165); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тиiстi тауар нарығында үстем жағдайға ие табиғи монополия субъектiлерi мен нарық субъектiлерiнiң қызметiн бақылау және реттеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 174-ІІІ Заңы («Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 18 шілде № 166-168); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңы («Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 14 шілде № 164-165); - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 181-ІІІ Заңы («Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 12 шілде № 162-163).
Ескерту: Мынадай заңдармен енгізілген өзгерістер және толықтырулар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі: - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңы; - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңы; - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі № 181-ІІІ Заңы.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
1-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар 2-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері 2-бөлiм Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
ЖАЛПЫ БӨЛIМ 3-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық 5-тарау Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар 6-тарау Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары 7-тарау Әкімшілік жаза қолдану 8-тарау Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату 9-тарау Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы 9-1-тарау Жеке адамға қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ 10-тарау Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 11-тарау Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 12-тарау Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 13-тарау Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 14-тарау Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 15-тарау Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 16-тарау Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 17-тарау Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 18-тарау Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 19-тарау Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстары пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 21-тарау Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 22-тарау Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 23-тарау Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 24-тарау Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 26-тарау Кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық 27-тарау Көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылық 29-тарау Мемлекеттік билік институттарына қолсұғатын әкімшілік құқық бұзушылық 30-тарау Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық 3-бөлiм Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар 4-бөлiм Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу 34-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері 35-тарау Дәлелдемелер және дәлелдеу 36-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану 37-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау 38-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау 39-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау 5-бөлiм Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы 44-тарау Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі
Жалпы ережелер 1-тарау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар
1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс. 2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi. 3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады. 4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. |