Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесін бекіту туралы (2009.18.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығымен күші жойылды
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.18.02. № 49-НҚ Бұйрығымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.18.02. № 49-НҚ Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О.Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін: 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|