Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісім-шартта: 3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) жұмыс бағдарламасы - осы Келісім-шартқа сәйкес және Келісім-шартқа 1-қосымшада көрсетілген инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік кестесін айқындайтын келісім-шартқа қосымша.»; 7-тармақтың 4) тармақшасындағы «мониторинг және» деген сөздер алынып тасталсын; 4) тармақшадағы «инвестициялық қызметті» деген сөздер «осы Келісім-шарттың 5-тармағында көрсетілген қызмет түрін» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) қазақстандық кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізуге;»; 6) тармақша алынып тасталсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) Келісім-шарт қолданылатын мерзімде берілген мемлекеттік заттай грантты және Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтерді жалға бермеуге, иеліктен айырмауға және олардың нысаналы мақсатын өзгертпеуге міндеттеме алады.»; 11-бөлім мынадай редакцияда жазылсын: 20. Келісім-шарттар талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті орган мынадай нысандарда жүзеге асырады: 1) камералдық бақылау - уәкілетті орган осы Келісім-шарттың 21-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|