|
|
|
I бөлім Тірі жануарлар; жануарлардан алынатын өнімдер (2007.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ескертпелер: 1. Бұл бөлімдегі жануарлардың нақты тегіне немесе түріне арналған кез келген сілтеме, егер өзгеше келісілмесе, осы тектің немесе түрдің төлдеріне де жатады. 2. Бүкіл Номенклатура бойынша «келтірілген» өнімдер термині, егер өзгеше келісілмесе, майсыздандыруға, буландыруға немесе сублимациялық кептіруге ұшыраған өнімдерді де білдіреді.
01-топ Тірі жануарлар
Ескертпе: 1. Бұл топқа: а) балықтарды, шаян тектестерді, ұлуларды және 0301, 0306 немесе 0307 тауар позициясының өзге де су омыртқасыздарын; б) микроорганизмдер дақылдары мен 3002 тауар позициясының басқа да өнімдерін; және в) 9508 тауар позициясының жануарларын қоспағанда, барлық жануарлар енгізіледі.
02-топ Ет және тағамдық қосымша ет өнімдерi
Ескертпелер: 1. Аталған топқа: а) тамаққа пайдалануға жарамсыз 0201-0208 немесе 0210 тауар позицияларының өнімдері; б) ішектер, жануарлардың көпіршіктері немесе асқазандары (0511 немесе 3002 тауар позициясы); немесе жануарлардың қаны (0511 немесе 3002 тауар позициясы); в) жануарлардың тоң майлары, 0209 тауар позициясының өнімдерінен басқа (15-топ) енгізілмейді.
Қосымша ескертпелер: 1A. Төмендегі терминдер мыналарды білдіреді: а) 0201 10 және 0202 10 қосалқы позициялардағы "ірі қара малдың ұшасы" - сойылған малдың қаны ағызылып кейін, басымен немесе бассыз, аяқтарымен немесе аяқсыз, басқа да бөлінбеген қосымша ет өнімдерімен немесе оларсыз импортталатын тұтас ұшалары. Егер ұша бассыз импортталатын болса, онда соңғысы ұшадан сүйектің желке тұсынан ажыратылуға тиіс. Аяқтарсыз ұшаны импорттау кезінде соңғылары тілерсегінен немесе тілерсек алды буынға тиіс; "ұша" барлық сүйектерімен және кесінділерімен ұшаның алдыңғы бөлігін қамтуға тиіс, әрі жауырындық бөліктің мойын жағы мен қабырға қыртысында қабырғалардың 10-нан аса жұбы болуы тиіс; б) 0201 10 және 0202 10 қосалқы позициялардағы "ірі қара малдың жартылай ұшасы" - тұтас ұшаны мойын, төс, арқа және бел омыртқалардың және төс пен құйымшақ бойынша ортасынан симметриялы шабу нәтижесінде алынған өнім; "жартылай ұша" барлық сүйектерімен және кесінділерімен жартылай ұшаның алдыңғы бөлігін қамтуы тиіс, әрі жауырындық бөліктің мойын жағы мен қабырға қыртысында қабырғалардың 10-нан аса жұбы болуы тиіс; в) 0201 20 200 0 және 0202 20 100 0 кіші қосалқы позицияларындағы "еселенген ширектер" - ұшаның: - не барлық сүйектерімен және кесінділерінен, желке бөлігімен және оныншы қабырғаның деңгейінде шабылған қабырғаның жауырын жақ шетімен және үшінші қабырға деңгейінде шабылған алдыңғы ширегінен және жамбас және сан етімен барлық сүйектері бар артқы бөлігінен; - не барлық сүйектерімен және кесінділерінен, желке бөлігімен және бесінші қабырға деңгейінде шабылған және барлық кеудесі мен кеуделігі бар қабырғаның жауырын жақ шетімен алдыңғы ширегінен және сегізінші қабырға деңгейінде шабылған жамбас және сан етімен барлық сүйектері бар артқы ширектерінен тұратын ұшаның бөлігі. "Еселенген ширектерді" құрайтын алдыңғы және артқы ширектер бір уақытта және бірдей санда импортталуға тиіс, әрі алдыңғы ширектердің жалпы салмағы артқы ширектердің жалпы салмағына тең болуға тиіс. Бұл ретте тауардың екі партия бөліктерінің салмағында (алдыңғы және артқы ширектердің) партияның неғұрлым ауыр бөлігі салмағының 5%-дан аспайтын белгілі бір алшақтыққа жол беріледі; г) 0201 20 300 0 және 0202 20 300 0 кіші қосалқы позицияларында "мүшеленбеген алдыңғы ширектер" - ұшаның барлық сүйектерімен және кесінділерімен, желке бөлігімен және ең aзы төрт жұп, ең көбі он жұп (қабырғалардың бірінші төрт жұбы тұтас, қалғандары шабылған болуы мүмкін) болатын қабырғаның жауырын жақ шетімен алғы бөлігі; д) 0201 20 300 0 және 0202 20 300 0 кіші қосалқы позицияларындағы "мүшеленген алдыңғы ширектер" - жартылай ұшаның барлық сүйектерімен және кесінділерімен, желке бөлігімен және ең азы төрт, ең көбі он (қабырғалардың бірінші төрт жұбы тұтас, қалғандары шабылған болуы мүмкін) болатын қабырғаның жауырын жақ шетімен түпкі бөліксіз алғы бөлігі; е) 0201 20 500 0 және 0202 20 500 0 шағын қосалқы позицияларындағы "мүшеленбеген алдыңғы ширектер" - ұшаның барлық сүйектерімен, жамбасымен және сан етімен, ең азы тұтас үш жұп немесе шабылған үш жұп болатын жіліншікті немесе жіліншіксіз етті бөлігін қоса алғанда, түпкі бөліксіз артқы бөлігі; ж) 0201 20 500 0 және 0202 20 500 0 кіші қосалқы позицияларындағы "мүшеленген артқы ширектер" - жартылай ұшаның барлық сүйектерімен, жамбасымен және сан етімен, тұтас үш жұп немесе шабылған үш жұп болатын жіліншікті немесе жіліншіксіз еттің бөлігін қоса алғанда, түпкі бөліксіз артқы бөлігі; з') 0202 30 500 0 кіші қосалқы позициясындағы "жауырын" шабылған еттері және "мойын-жауырын бөлігі" - төстің бірінші сүйегімен оныншы қабырғадағы көк еттің қайырмаланатын нүктесіне дейін мүшелену нүктесі арқылы туралап ұшаны шабу жолымен ең азы төрт және ең көбі он қабырғаның алдыңғы ширегінен алынатын жауырын бөлігінің жоталық шетінің жоғарғы бөлігін қамтитын алғы ширектің қабырғалық бөлігі; з") 0202 30 500 0 кіші қосалқы позицияларындағы "төс" шабылған еттері" - төстің артқы шетін және төстің алдыңғы шетін қамтитын алдыңғы ширектің төменгі бөлігі. 1Б. 1A-тармағына сәйкес тұтас немесе шабылған қабырғалардың санын анықтау кезінде омыртқадан ажыратылмаған қабырғалар ғана есепке алынады. 2А. Төменде аталған терминдер мыналарды білдіреді: а) 0203 11 100 0 және 0203 21 100 0 кіші қосалқы позицияларындағы «ұшалар немесе жартылай ұшалар» - қаны ағызылғаннан және іші тазартылып, жүні мен тұяқтары алынғаннан кейін үй шошқаларының ұшасы түріндегі сойылған шошқалар. Жартылай ұшалар тұтас ұшаны мойын, төс және сегізкөз омыртқаларымен және құйымшақ-шат сүйегінің бойымен тұтас ұшаны шабу жолымен алынады. Тұтас ұшалар немесе жартылай ұшалар баспен немесе бассыз, аяқтарымен, бүйрек майымен, көкетімен немесе онсыз болуы мүмкін. Жартылай ұшаларда жұлынның, бас мидың немесе тілінің алыну немесе алынбауы мүмкін. Мегежіндердің ұшаларында немесе жартылай ұшаларында емшегінің (сүт безінің) қалдырылуы немесе алынуы мүмкін; б) 0203 12 110 0, 0203 22 110 0, 0210 11 110 0 және 0210 11 310 0 кіші қосалқы позицияларындағы "сан ет" (артқы сан ет) - аяқтарын немесе аяқтарынсыз, жіліншігімен, терісімен және тері астындағы майымен немесе оларсыз сүйектерін қоса алғанда жартылай ұшаның артқы (құйрық) бөлігі. Сан ет (артқы сан ет) ұшалар немесе жартылай ұшалардың қалған бөлігінен соңғы сегізкөз омыртқасының ең үлкенін қамтитын желі бойынша бөлінеді; в) 0203 19 110 0, 0203 29 110 0, 0210 19 300 0 және 0210 19 600 0 кіші қосалқы позицияларындағы "алдыңғы бөлік" - жартылай ұшаның бассыз аяқтары, еттері, терісі және тері астындағы майы бар және оларсыз сүйектерін қоса алғанда алдыңғы (бас) бөлігі. Алдыңғы жиек жартылай ұшаның ең үлкен төс омыртқасын қамтитын жері бойынша бөлінеді. Алдыңғы жиектің бекітілген бұлшық еттерімен жауырын сүйегін (мойын бөлігі жас түрінде немесе мойын бөлігі тұздалған түрінде бекондық жартылай) қамтитын немесе қамтымайтын жоғары (арқа) бөлігі, егер ол алдыңғы жиегінің төменгі (құрсақ) бөлігінен тікелей омыртқа жотасы бойынша өтетін ең үлкен жолақ бойынша шабу жолымен бөлінген болса, төстің шабылған еті болып есептеледі; г) 0203 12 190 0, 0203 22 190 0, 0210 11 190 0 және 0210 11 390 0 кіші қосалқы позицияларындағы "жауырын" (алдыңғы сан ет)" - алдыңғы жиегі, аяқтары, еттері, терісі, тері астындағы майы бар және оларсыз және сүйектерді қоса алғанда, бекітілген бұлшық еттері бар жауырын сүйегін қамтитын немесе қамтитын төменгі бөлігі. Жеке импортталатын бекітілген бұлшық еттерімен жауырын бөлігi алдыңғы сан еттің бөлігі ретінде осы тауар позициясына жатады; д) 0203 19 130 0, 0203 29 130 0, 0210 19 400 0 және 0210 19 700 0 кіші қосалқы позицияларындағы "төс ет" - кесілген еттері, жауырын сүйектері, тері астындағы майы, терісі бар немесе оларсыз сүйектерді қоса алғанда, бірінші мойын омыртқадан бастап құйрық омыртқасына дейінгі жартылай ұшаның жоғарғы бөлігі. Төс ет жартылай ұшаның төменгі бөлігінен тікелей омыртқаның астынан өтетін желі бойынша шабу жолымен бөлінеді; e) 0203 19 150 0, 0203 29 150 0, 0210 12 110 0 және 0210 12 190 0 кіші қосалқы позицияларындағы "омырау еті" - артқы сан ет пен алдыңғы сан ет арасында орналасқан, әдетте "алқаның" (беконды жартысының кеуде бөлігі) деген атаумен белгілі, сүйектерімен немесе сүйектерінсіз, бірақ терісімен және тері астын майымен жартылай ұшаның төменгі бөлігі; ж) 0210 19 100 0 кіші қосалқы позицияларындағы "беконды жартысы" - бассыз, щековинасыз, аяқтарынсыз, құйрықсыз, бүйрек майсыз, бүйрексіз, кесіндісіз, жауырын сүйегінсіз, омырау етінсіз, омыртқасыз, бөксе сүйегінсіз және көк еттерінсіз шошқаның жартылай ұшасы; з) 0210 19 100 0 кіші қосалқы позицияларындағы "спенсер" - сан еттерінсіз, сүйегінен ажыратылған немесе ажыратылмаған беконды жартысы; и) 0210 19 200 0 кіші қосалқы позицияларындағы "шошқа сүбесінің 3/4" - алдыңғы жиегі жоқ, сүйегінен ажыратылған немесе ажыратылмаған беконды жартысы; к) 0210 19 200 0 кіші қосалқы позицияларындағы "шошқаның белдемесі" - сан еттері және алдыңғы жиегі жоқ, сүйегінен ажыратылған немесе ажыратылмаған беконды жартысы. Бұл кіші қосалқы позициясы, төс және омыраудың олардың тұтастай табиғи белдемесі бөлігіне барабар шошқа белдемесінің шабылған еттерінде қамтиды. 2Б. 2А(е) тармағында көрсетілген шабылған еттердің бөліктері, егер олардың терісі мен тері асты майы болған жағдайда ғана, сол бір кіші қосалқы позицияларына жатады. Егер, 0210 11 110 0 және 0210 11 190 0, сондай-ақ 0210 11 310 0, 0210 11 390 0, 0210 19 300 0 және 0210 19 600 0 кіші қосалқы позицияларына жататын шабылған еттер 2А(ж) тармағында аталған сүйектерінен енді ажыратылған беконды жартысынан алынған болса, онда бөлшектеу жолақтары 2А(б, в, г) тармағында көрсетілген тиісті желілері бойынша өтуге тиіс; кез келген жағдайда бұл шабылған еттердің немесе олардың бөліктерінің сүйектері болуға тиіс. 2B. 0206 30 300, 0206 49 200 және 0210 99 490 0 кіші қосалқы позициялары, атап айтқанда, миы алынған немесе алынбаған, тұмсығы немесе тілі және олардың бөліктері бар үй шошқаларының бастары немесе бастарының жартысын қамтуға тиіс. Бас жартылай ұшаның қалған бөлігінен бас қаңқасына параллель тура кесу арқылы бөлінеді. Тұмсығы, шошқаның танауы мен құлақтары, сондай-ақ басқа жанасатын, атап айтқанда, сыртқы жағының жұмсақ еті (жақтарын қоса алғанда), бастың бөліктеріне жатады. Алдыңғы жиегінің сүйексіз еті (тұмсығын қосатын) нақты жағдайларға байланысты 0203 19 550 0, 0203 29 550 0, 0210 19 510 0 немесе 0210 19 810 0 кіші қосалқы позициясына кіреді. 2Г. 0209 00 110 0 және 0209 00 190 0 кіші қосалқы позицияларындағы "Тері асты шошқа майы" оның алынған ұша бөліктері екеніне қарамастан, терінің астына жинақталатын мал және онымен байланысты май талшықтарын білдіреді; кез келген жағдайда май талшықтарының салмағы терілердің салмағынан асып түсуге тиіс. Бұл кіші қосалқы позициялар теріден ажыратылған тері асты шошқа майын да қамтиды. 2Д. 0210 11 310 0, 0210 11 390 0, 0210 12 190 0 және 0210 19 600 0 - 0210 19 890 0 кіші қосалқы позицияларында еттегі су/белок қатынасы 2,8-гe тең (белок = азоттың құрамы x 6,25) немесе одан кем болса, "құрғатылған немесе қақталған" болып есептеледі. 3А. 0204 тауар позициясында пайдаланылатын төмендегі терминдер мыналарды білдіреді: а) 0204 10, 0204 21, 0204 30, 0204 41 кіші қосалқы позицияларына және 0204 50 110 0 және 0204 50 510 0 кіші қосалқы позицияларына енгізілген "ұшалар" - сойылған малдың тұтас ұшасы" - сойылған жануардың қаны ағызылғаннан кейін, басымен немесе бассыз, аяқтарымен немесе аяқсыз, және басқа да бөлінбеген қосымша ет өнімдерін немесе оларсыз импортталатын тұтас ұшалары. Егер ұша бассыз импортталатын болса, онда соңғысы ұшадан сүйектің желке тұсынан ажыратылуға тиіс. Аяқтарсыз ұшаны импорттау кезінде соңғылары тілерсегінен немесе тілерсекалды буыннан шабылуы тиіс; б) 0204 10, 0204 21, 0204 30, 0204 41 қосалқы позицияларындағы және 0204 50 110 0 және 0204 50 510 0 кіші қосалқы позицияларындағы "жартылай ұшалар" - тұтас ұшаны мойын, төс, арқа және бел омыртқалардың ортасынан және төс пен құйымшақ ортасынан симметриялы шабу нәтижесінде алынған өнім; в) 0204 22 100 0, 0204 42 100 0, 0204 50 130 0 және 0204 50 530 0 кіші қосалқы позицияларындағы" қысқа шабылған алдыңғы ширектер" - омырау еттерімен немесе омырау еттерінсіз, барлық сүйектерімен және жауырындарымен, кесілген еттерін және мойын-арқа бөлігімен бірге омыртқаға қарай тік бұрышпен шабылған, ең азы бес және ең көбі жеті тұтас немесе шабылған қабырғаларды қамтитын жартылай ұшаның алдыңғы бөлігі; г) 0204 22 100 0, 0204 42 100 0, 0204 50 130 0 және 0204 50 530 0 шағын қосалқы позицияларындағы" қысқа шабылған алдыңғы ширек" - омырау еттерімен немесе омырау еттерінсіз, барлық сүйектерімен және жауырындарымен, кесілген еттерін, жауырын сүйектерін, сан еттерін, сойылған және мойын-арқа бөлігімен бірге омыртқаға тік бұрышпен шабылған, ең азы бес және ең көбі жеті жұп тұтас немесе шабылған омыртқаларды қабырғаларын қамтитын бірінші омыртқадан бастап бел омыртқаға дейінгі жартылай ұшаның алдыңғы бөлігі; д) 0204 22 300 0, 0204 42 300 0, 0204 50 150 0 және 0204 50 550 0 кіші қосалқы позицияларындағы" арқа бөлігінің жоталық жиектері және/немесе бүйрек бөліктері" - бөксе-жамбас бөліктері жіліншігімен және бүйрегімен немесе бүйрексіз қысқа ширектері алынғаннан кейінгі ұшаның қалған бөлігі; арқа бөлігінің жоталық жиегін бүйрек бөлігінен ажырату кезінде ең азы бес белдемелік омыртқалары болуға тиіс; бүйрек бөлігі жоталық жиегінен ажыратылғаннан кейін ең азы бес тұтас немесе шабылған қабырғалары болуға тиіс; e) 0204 22 300 0, 0204 42 300 0, 0204 50 150 0 және 0204 50 550 0 кіші қосалқы позицияларындағы "арқа бөлігінің жоталық жиегі және/немесе бүйрек бөлігі" - бөксе-жамбас бөліктері жіліншігімен және бүйрегімен немесе бүйрексіз қысқа алдыңғы ширектері алынғаннан кейінгі ұшаның қалған бөлігі; арқа бөлігінің жоталық жиегін бүйрек бөлігінен ажырату кезінде ең азы бес белдемелік омыртқалары болуға тиіс; бүйрек бөлігі жоталық жиегінен ажыратылғаннан кейін ең азы бес тұтас немесе шабылған қабырғалары болуға тиіс; ж) 0204 22 500 0, 0204 42 500 0, 0204 50 190 0 және 0204 50 590 0 кіші қосалқы позицияларындағы «бөксе-жамбас бөліктері жіліншігімен» - барлық сүйектерін және артқы жіліншіктерін қоса алғанда, тікелей жамбастың кемік басының астындағы алтыншы бел омыртқа деңгейінде немесе құйымшақ-шат сүйегі бағыты бойынша жамбастың кемік басы арқылы төртінші бел омыртқа деңгейінде омыртқаға тік бұрышпен шабылған ұшаның артқы бөлігі; з) 0204 22 500 0, 0204 42 500 0, 0204 50 190 0 және 0204 50 590 0 кіші қосалқы позицияларындағы "бөксе-жамбас бөлігі жіліншігімен" - барлық сүйектерін және артқы жіліншіктерін қоса алғанда, тікелей жамбастың кемік басының астындағы алтыншы бел омыртқа деңгейінде немесе құйымшақ-шат сүйегі бағыты бойынша жамбастың кемік басы арқылы төртінші бел омыртқа деңгейінде омыртқаға тік бұрышпен шабылған ұшаның артқы бөлігі. 3Б. 3А-тармағына сәйкес тұтас немесе шабылған қабырғалардың санын анықтау кезінде тек омыртқаға бекіген қабырғалар ғана есепке алынады. 4. Төменде келтірілген терминдер мыналарды білдіреді: а) 0207 13 200 0 - 0207 13 600 0, 0207 14 200 0 - 0207 14 600 0, 0207 26 200 0 - 0207 26 700 0, 0207 27 200 0 - 0207 27 700 0, 0207 35 210 0 - 0207 35 630 және 0207 36 210 0 - 0207 36 630 кіші қосалқы позицияларындағы "сүйегінен ажыратылмаған ұшалардың бөліктері" - барлық сүйектерді енгізетін бөліктерді білдіреді. (а) тармағында сипатталған ұшалардың, бірақ сүйектерінен ажыратылмаған бөліктері, 0207 13 700 0, 0207 14 700 0, 0207 26 800 0, 0207 35 790 немесе 0207 36 790 кіші қосалқы позицияларына енгізіледі; б) 0207 13 200 0, 0207 14 200 0, 0207 26 200 0, 0207 27 200 0, 0207 35 210 0, 0207 35 230 0, 0207 35 250 0, 0207 36 210 0, 0207 36 230 0 және 0207 36 250 0 кіші қосалқы позицияларындағы "жарты еттер" - омырауының және арқа жамбасының бойымен кесу кезінде алынған үй құстары ұшаларының жартысы; в) 0207 13 200 0, 0207 14 200 0, 0207 26 200 0, 0207 27 200 0, 0207 35 210 0, 0207 35 230 0, 0207 35 250 0, 0207 36 210 0, 0207 36 230 0 және 0207 36 250 0 кіші қосалқы позицияларындағы "ширектер" - жарты еттерін кесу кезінде алынған аяқ ширектері мен омырау ширектері; г) 0207 13 300 0, 0207 14 300 0, 0207 26 300 0, 0207 27 300 0, 0207 35 310 және 0207 36 310 кіші қосалқы позицияларындағы "жұқа шеті бар немесе онсыз тұтас қанаттар" - жанасатын бұлшық еттерімен иық сүйегінен, білек сүйегінен және шынтақ сүйегінен тұратын ұшаның бөліктері. Білезік бөлігін құрайтын жұқа шеті алынуы мүмкін. Бұл шабылған ет ұшадан сүйектері бойынша ажыратылуға тиіс; д) 0207 13 500 0, 0207 14 500 0, 0207 26 500 0, 0207 27 500 0, 0207 35 510 0, 0207 35 530, 0207 36 510 0 және 0207 36 530 кішi қосалқы позицияларындағы «төстіктер» - жанасатын бұлшық еттерімен бірге оның екі жағындағы төсі мен қабырғаларынан тұратын ұшаның бөліктері; e) 0207 13 600 0, 0207 14 600 0, 0207 35 610 0, 0207 35 630, 0207 36 610 0 және 0207 36 630 кіші қосалқы позицияларындағы "аяқтар" - жанасатын бұлшық еттерімен бірге сан сүйектері және ұршықтан тұратын үй тауықтарының шабылған еттері. Бұл шабылған ет ұшадан сүйектері бойынша ажыратылуға тиіс; ж) 0207 26 600 0 және 0207 27 600 0 кіші қосалқы позицияларындағы "күркетауықтардың жіліншіктері" - жанасатын бұлшық еттерімен бірге сан сүйектері және ұршықтан тұратын үй тауықтарының шабылған еттері. Бұл шабылған ет ұшадан сүйектері бойынша ажыратылуға тиіс; з) 0207 26 700 0 және 0207 27 700 0 кіші қосалқы позицияларындағы "күркетауықтардың жіліншігінен басқа аяқтары" - жанасатын бұлшық еттерімен бірге сан сүйектері және ұршықтан тұратын үй тауықтарының шабылған еттері. Бұл шабылған ет ұшадан сүйектері бойынша ажыратылуға тиіс; и) 0207 35 710 0 және 0207 36 710 0 кіші қосалқы позицияларындағы "қаз немесе үйрек палетоттары" - жүні жұлынған және ішек-қарыны алынған, бассыз және табан сүйектерінсіз, қаңқа сүйектері алынғаннан (төс сүйегі, қабырғалары, омыртқасы мен құйымшағы) кейінгі, бірақ жамбас және сан сүйектері сақталған қаздардың немесе үйректердің ұшалары. 5. Осы топтың қоспасы үшін алымның мөлшері былайша есептелуге тиіс: а) кемінде 90 салм. %-ды құрайтын компоненттерден тұратын қоспалар үшін осы компонентке пайдаланылатын кеден бажының ставкасы қолданылады;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |