|
|
|
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы № 963 қаулысымен мақұлданды
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
МАЗМҰНЫ
1. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының қазіргі жай-күйі және оның мемлекет экономикасындағы рөлi 1.1. Балық шаруашылығының жай-күйi 1.4. Тауарлық балық өсіру (аквакультура) 1.5. Саланы ғылыми қамтамасыз ету 1.6. Балық ресурстарын мемлекеттік басқару және қорғау 2. Қазіргі кезеңдегі балық шаруашылығының негізгі проблемалары 3. Балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттерi 4. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі шаралар мен кезеңдер
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған бірыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру бағыттарын айқындайды. Осы Тұжырымдамада балық шаруашылығы су тоғандарының балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға, өсімін молайтуға және ұтымды пайдалануға, балық шаруашылығын дамыту саласындағы әлемдік практикада қолданылатын ең жаңа әдістер мен қазіргі заманғы технологияларды ескере отырып, балық өндіру және балық өңдеу салаларын, тауарлық балық шаруашылығын дамытуға бағытталған негізгі мақсаттар мен міндеттер тұжырымдалған.
1. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының қазіргi жай-күйі және оның мемлекет экономикасындағы рөлi
1.1. Балық шаруашылығының жай-күйi
Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсіру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар. Республика халқының болжанып отырған өсуін ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бір адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнімдеріне қажеттілігін қанағаттандыру үшін балық аулауды, тауарлық балық өсіру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейін жеткізу қажет. Тұтастай алғанда, консервіленген өнімдерді қоспағанда, шығарылған балық және балық өнімдерінің экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседі. Республикаға балық және балық өнімдері 43 шетелдік мемлекеттерден келіп түседі. Негізгі балық жеткізушілерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады. Соңғы бес жылдағы балық және балық өнімдерінің импорты 2005 жылы көлемі бойынша да, құны бойынша да ең жоғары болды және 2001 жылмен салыстырғанда 34,7 мың тонна және 16,0 миллион АҚШ долларының орнына сәйкесінше 41,9 мың тонна және 23,3 миллион АҚШ долларына жетті. 2005 жылы әкелінген өнім көлемі негізінен мұздатылған, дайын және консервіленген балық болды, яғни әкелінген өнімнің 95 %-ын құрады. Балық саласын құрайтын өндіруші және өңдеуші әлеуетті қалпына келтіру және жаңарту, сондай-ақ кәсіпорындардың молықтыру кешенін жобалық қуаттылыққа шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысымен Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді. Аталған Бағдарламаның негізгі міндеттері ретінде мыналар анықталды: балық шаруашылығын тиімді дамыту үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; балық саласын мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру; балық ресурстарын қорғаудың, өсімін молайтудың тиімді жүйесін қалыптастыру; құнды балық түрлерінің кәсіпшілік қорын қалыптастыру мен толықтыру және көл-тауарлы шаруашылықтарды дамыту үшін жағдайлар жасау; балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының қабылданған жаңа редакциясы саланың қазіргі экономикалық жағдайда дамуына мүмкіндік берді. Оны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен елуден аса нормативтік құқықтық кесімдер бекітілді, оның негізгілері болып табылатындар: 2005 жылғы 18 наурыздағы № 246 Балық аулау ережесі; 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы; 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргізу ережесі; 2005 жылғы 4 ақпандағы № 102 Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру бойынша конкурс өткізу ережелері және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары; 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 408 Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесі және басқалар.
Балық шаруашылығы қорының құрамына Каспий және Арал теңіздерінің қомақты су айдыны, Балқаш көлі, Алакөл көлдерінің жүйесі, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймалары мен басқа да халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су тоғандары кіреді. Каспий теңізін қоспағандағы су тоғандарының жалпы ауданы 5 миллион гектар шамасында. Республика су тоғандарындағы жалпы балық аулау 1965 жылы 111,9 мың тоннаны құрады. 1990 жылдан бастап 2004 жылға дейін балық аулау көлемі 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға дейін күрт төмендегені байқалады. 2005 жылы балық қорларын қорғау және оңтайлы пайдалануға бақылауды күшейту нәтижесінде республиканың су тоғандарындағы жалпы балық аулау көлемі 2004 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артты және 44,9 мың тоннаны құрады.
Антропогендік әсерден (өзендер арналарын реттеу және басқа да шаруашылық іс-әрекеттер) болатын залалдың орнын толтыру мақсатында республикада республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар болып табылатын құнды балық шабақтарын (бекірелер, тұқы, сазан, дөңмаңдай, ақ амур, ақсаха балық түрлерінің дернәсілдерін) өсірумен және оларды табиғи су қоймаларына жіберумен айналысатын 7 балық питомнигі, 2 уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы, 2 бекіре балық өсіру шаруашылығы және Қазақ өндірістік-жерсіндіру станциясы жұмыс істейді. Жыл сайын жіберілетін балық шабақтары мен дернәсілдері 143,6 миллион дананы, соның ішінде Каспий теңізіне жіберілген бекіре шабақтары 6,0 миллионнан астам дананы құрады. Кәсіпорындардың қызметі мемлекеттік тапсырыс және кәсіпорындардың өзінің шаруашылық қызметінен түскен табыс есебінен қаржыландырылады.
1.4. Тауарлық балық өсіру (аквакультура)
Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейін тауарлық балық өсірудің келесі бағыттары: тоғандық балық өсіру (толық жүйелі және жайылымдық), судағы торлы балық шарбағы, көл-тауарлы, бассейндік және бейімделген су тоғандары мен жылу электр орталықтарындағы және су-реле электр станцияларындағы (бұдан әрі - ЖЭО, ГРЭС) жылы суларда балық өсіру жақсы дамыды. Бейімделген су тоғандарында тауарлық балық бір жылдық, екі және үш жылдық жайылымдарда өсірілді. 1970 жыл мен 1990 жылдар аралығындағы кезеңде тауарлық балық өсіру көлемі 0,6 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін өсті немесе 14,2 есеге дейін артты. Тауарлық балық өсіру бойынша мұндай өсу қарқыны бұрынғы Одақ республикаларының бірде-бірінде болған емес. Мысалы, Балқаш көлінде 1 гектардан 3-тен 5 кг дейін балық ауланса, ал тоған шаруашылығында бұл көрсеткіш 1,5 мың кг-нан 1,8 мың кг-ға дейін ауытқиды. Тоған шаруашылықтарын қазіргі заманғы интенсивті технологияларға көшіру арқылы бір гектарға 10,0 мың кг және одан да көп тауарлық балық өсіруге жеткізуге болады. Қазақстан Республикасының Қазақстанның кез келген облыстарында тауарлық балық өсіруді дамытуға, бекіре өсіруді қоса алғанда, зор мүмкіндіктері бар, бірақ оның дамуына кедергі келтіретін бірқатар себептерге байланысты аталған бағыт бүгінгі күнге дейін дамымай отыр. 1990 - 2005 жылдар аралығында тауарлық балық өсіру мүлдем дамымады. 1990 жылы тауарлық балық өсіру 10 мың тоннаға дейін жетсе, кейінгі жылдарда тоған шаруашылықтарында тауарлық балық аулау 150 тоннаға дейін қысқарды. Республиканың жаңа экономикалық қарым-қатынастарға көшу кезеңінде тауарлық балық өсіруді мемлекеттік реттеу жүйесі болмады. Осы бағытты дамыту бойынша қандай да бір бағдарламаның болмауы балық шаруашылығы субъектілеріне саланың бұл секторында жан-жақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермеді. Қазіргі таңдағы ескірген технологияның пайдаланылуын, халықаралық ынтымақтастықтың төмен деңгейін ескерсек, республикадағы тауарлық балық өсіру мен балық қорларын молайту балық саласының бір бөлігі ретінде өте нашар дамыған. Тауарлық балық өсіру көлемі күрт төмендеуінің негізгі себептеріне арнайы жемдердің, тыңайтқыштардың, дәрілік препараттардың, электр энергиясы, су ресурстары мен жерді пайдалану құнының жоғары болуын жатқызуға болады, сондай-ақ республика аумағына балық отырғызу материалдарын (балықтардың дернәсілдері мен шабақтары және басқалар) және жемдік ағзаларды тасымалдау кезіндегі жоғарғы кедендік бажды жатқызуға болады.
1.5. Саланы ғылыми қамтамасыз ету
Балық шикізаттық ресурстарының қазіргі жай-күйіне талдау жасаудың және оларды оңтайлы пайдалану бойынша ғылыми негізделген іс-шараларды қабылдаудың айрықша маңызы бар. Балық аулауды реттеу бойынша нақты ұсыныстар беруге, жаңа аулау құралдарын қолдануға, молықтыру кешені және бекіре өсіру бойынша нақты стратегия жасау бөлігінде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, бөгде қоныстанушылармен күрес жүргізуге және басқаларға қатысты бірқатар мәселелер шешілмеді. Басқарушылық шешімдерді қабылдау уәкілетті органдардан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар саласында, сол сияқты қоршаған ортаға әсеріне қатысты шешімдер қабылдауда және олардан шығатын салдарға неғұрлым үлкен жауапкершілікті талап етеді, осыған байланысты саланы ғылыми қамтамасыз етудің маңызы орасан зор. 2004 - 2006 жылдар аралығындағы кезеңде балық ресурстарын есепке алу және кадастрын жүргізудің ғылыми негізі салынды. Зерттеулер халықаралық, республикалық маңызы бар, сондай-ақ жергілікті маңызы бар барлық ірі балық шаруашылығы су тоғандары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде балық ресурстары жай-күйінің бірыңғай ақпараттық жүйесі қалыптастырылды, балық шаруашылығының молықтыру кешенін дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді. Тауарлық балық өсіру биотехникасын әзірлеуге бағытталған зерттеулер өзекті болып отыр. Қазіргі таңда балық шаруашылығы ғылымы білікті мамандарға зәру. Ихтиологиялық, соның ішінде балық өсіру зерттеулерінің сапасы басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар беру бөлігіндегі зерттеулер жақсартуды және қолданбалы болуына баса назар аударуды талап етеді. Сондай-ақ арнайы мамандандырылған жобалаушы ұйымдардың болмауына байланысты балық өсіру, соның ішінде тауарлық бекіре өсіру шаруашылықтарын құру бойынша жобалық биологиялық-балық өсіру және техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленбейді.
1.6. Балық ресурстарын мемлекеттік басқару және қорғау
Балық шаруашылығын мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі № 714 қаулысымен балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ретінде Балық шаруашылығы комитеті құрылды. Ірі балық шаруашылығы су тоғандарындағы балық ресурстарын тиімді қорғау және басқару үшін Комитеттің құрылымдық бөлімшелері құрылды. Бассейндік және облыстық аумақтық органдардың жанынан басқармалық шешімдерді жедел қабылдау мақсатында балық ресурстары мен олардың мекен ету ортасының жай-күйіне үнемі бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін ихтиологиялық мониторинг қызметтері құрылған. Сонымен қатар Балық шаруашылығы комитетінің балық кәсіпшілігі мәселелерін реттеу бөлігінде функциясы шектелген. Балық кәсіпшілігінің, балық өнімдерін шығарудың, өңдеудің және балық өнімдері қауіпсіздігінің мониторингі толық дәрежеде жүргізілмейді. Сондай-ақ сыртқы және ішкі нарықтағы маркетинг мәселелерін, жоғары баға қойылған бәсекеге қабілетті тауарларды нарыққа шығаруды және басқаларды мемлекеттік реттеуді талап етеді. Осыған байланысты балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейту және оның құрылымын жетілдіру қажет. Балық шаруашылығы комитеті құрылған мезеттен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысымен бекітілген 2004 - 2006 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде аумақтық органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру әлдеқайда жақсартылды, алайда аумақтық органдарды одан әрі жарақтандыру қажеттігін атап өту қажет. Ихтиологиялық мониторингті жүзеге асыру үшін құрылған қызметтер арнайы зертханалық құрал-жабдықтар және қажетті өлшеулерді, бақылаулық аулаулар мен шабақтарды құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етілмеген.
2. Қазіргі кезеңдегі балық шаруашылығының негізгі проблемалары
Еліміздің балық шаруашылығының қазіргі жай-күйіне талдау жасау оның тиімді дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Қолданыстағы нормативтік құқықтық базаның шеңбері балық өңдейтін кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы, шығарылатын өнімдердің түрі мен көлемі, шикізатты жеткізуші арналар мен өнімді өткізу, персоналдар саны, экономикалық көрсеткіштер, сондай-ақ балық өнімдерін сатып алу және өткізумен, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындар бойынша ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Балық өндірісі бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізілмейді, облыстар бойынша, балық және балық өнімдерінің түрлері жөніндегі әлеуетті сұраныс (қажеттілік) бойынша ақпарат жеткіліксіз. Ішкі және сыртқы нарықтардағы маркетинг мәселелері, жоғары баға қойылған бәсекеге қабілетті тауарлардың және басқалардың нарыққа шығарылуы зерттеуді талап етеді. Республика нарықтарындағы бағаны белгілеуге, балық өңдеу кәсіпорындарының тиімділігіне, олардың түр-түріне және балық өнімдері түрлерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар анықталмаған. Балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі - жоғары және орта кәсіптік білімі бар білікті кадрлардың болуы. Балық саласының дамуына байланысты кәсіптік және техникалық біліктілігі бар балық шаруашылығын басқарушыларға және балық шаруашылығында қызмет ететін техниктерге деген қажеттілік артуда. Стратегиялық маңызы бар объектілерде (СЭС, ГРЭС) және ірі су тоғандарында, мысалы Ақдала күріш массивіндегі Тасмұрын және Бақанас магистральды арналарында балық қорғау құрылыстарының болмауы немесе талапқа сай болмауы Іле, Орал, Ертіс, Сырдария, Шу, Қаратал, Тобыл, Есіл және басқа өзендердегі балық қорларына өте үлкен залал келтіреді. Уылдырық шашу кезеңінде балық шабақтары балық қорғаудың тиімсіздігіне байланысты күріш шектеріне өтіп көп мөлшерде қырылады. Сондай-ақ су электр станцияларының суды жіберу және азайту режимдерінің реттелмеуіне байланысты уылдырық шашатын популяцияға үлкен залал келтіріледі. Сонымен қатар бөген ауданындағы станциялардың өзі қазіргі заман талаптарына жауап беретін балық өткізетін құрылғылармен жабдықталмаған және оларға балық түсуден қорғалмаған. Заңдарды күшейту бойынша қолданылып жатқан шараларға қарамастан, балық ресурстарының заңсыз кәсіпшілігі әлі де бар. Тәуелсіз зерттеулердің мәліметтері бойынша тасадағы балық аулау үлесі өте жоғары және оларды азайту үшін күрделі шаралар жүргізуді талап етеді. Республикадағы балық өнімдері экспортының жаңадан мұздатылған өңделмеген балық экспорты түріндегі шикізат бағыттылығы айқын көрінеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша өңделген шикізаттың ішінде еуропалық нарықта коммерциялық құндылығы бар көксеркенің еті басым. Аталған агенттіктің мәліметтері бойынша 2005 жылы республикадан әкетілген балық өнімдері 33 мыңнан астам тоннаны, соның ішінде өңделмегені 22,4 мың тоннаны, ал өңделгені 11,2 мың тоннаны құрады. 1993 жылға дейін саланың өңдеуші базасының әлеуеті жоғары деңгейде болды. Өңдеу өнімдері үлкен сұранысқа ие болды және іс жүзінде ТМД-ның барлық елдерінде сатылды. Тек қана консервіленген өнімдер өндірісі жылына 11,2 мың тонна дайын консервіленген өнімдерді құрайтын 44,8 миллион банкаларды шығарды. Бірақ экономикалық құлдырау кезеңінде бар кәсіпорындар негізгі өнім түрлерінің көлемі мен түр-түрін мейлінше қысқартты. Құрал-жабдықтардың моральдық және табиғи тозуының салдары шығарылатын өнімдердің қазіргі заманғы сапа стандарттарына сай келмеуіне әкеп соқты. Негізгі өндіруші және өңдеуші құрал-жабдықтардың жоғарғы табиғи тозуы және қарқынды моральдық ескіру деңгейі бүгінгі таңда балық өнімдерін күрделі өңдеу бойынша жабдықтарды 100% жаңартуды немесе жетілдіруді талап етеді. Нәтижесінде консервіленген өнім шығаратын неғұрлым ірі кәсіпорындар, мысалы, «Атыраубалық» акционерлік қоғамы 2005 жылы, ал «Балқашбалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2003 жылы дайын өнімдер шығаруды тоқтатты. Шығарылатын өнім құны жоғары болуына байланысты және артта қалған технологияға байланысты өнім нарығында бәсекелесе алмайтындықтан консерві жасайтын құрал-жабдықтар тоқтап тұр, осыған байланысты импорт өндірісінің өнімдерімен (теңіз өнімдері, мұхиттық шикізат, Балтық маңы және Ресей өндірушілерінің пресервілері мен консервілері) алмастырылған. Кезінде қуатты болған теңіз флоты қазір жоқ, кейінгі 5 жылда шабақ, майшабақ, тікенді балық кәсіпшілігі жоқ, ересек итбалық пен ақүрпек аулау жүргізілмейді. Аталған кезеңдегі теңіз кәсіпшілігі: 25 мың тоннаға дейін шабақтарды, 2,5 мың тонна шағын балықтарды және 25 мыңнан астам Каспий итбалықтарының басын құрады. Қалыптасқан жағдайдың бірден-бір себебі балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерінің) қысқа мерзімге бекітіліп берілуі және нәтижесінде кәсіпкерлердің балық ресурстарына кепілді тұрақты қол жеткізуінің, ертеңгі күнге сенімінің болмауы салаға инвестициялардың келуін тежеді және биологиялық ресурстарға тұтынушылық қарым-қатынасты тудырды. 1993 жыл мен 2003 жылдар аралығындағы кезеңде тауар-ақша қарым-қатынасының күрт төмендеуі, өңдеуші сектор кәсіпорындарының экономикалық байланыстарының үзілуі дайын өнімді өткізу нарығының жойылуына әкеп соқты. Жаңа нарықтық қатынастар жағдайында моральдық және табиғи тозған жабдықтарда шығарылған өнімдер бәсекеге қабілетсіз болды. Екінші деңгейдегі банктердің жоғарғы несиелік ставкалары және жеңілдетілген несиелік және лизинг тетіктерінің болмауы саланың техникалық қайта жарақтандырылу және даму процесін тежеді. Тауарлық балық өсіру әлеуетін 1990 жылға дейінгі өсірілген балық көлемі бойынша бағалауға болады. Мысалы, 1970 жыл мен 1990 жылдар аралығындағы кезеңде тауарлы балық өсіру көлемі 0,7 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейін өсті, яғни 14,2 есе артты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасына сәйкес 2008 жылға дейінгі кезеңде 238 көл-тауарлы, тоған және басқа балық өсіру шаруашылықтарын ұйымдастыру жоспарлануда. Балық отырғызу материалына қажеттілік алуан түрлі балық түрлері шабақтарының 30 миллион данасын құрайды. Бірақ балық отырғызу материалының өзіндік құнының жоғары болуы, жеткілікті қуаттылықтың болмауы тауарлық балық өсіруді дамытуды шектейді. Тауарлық балық өсіру көлемі күрт төмендеуінің негізгі себептеріне арнайы жемдер, тыңайтқыштар, дәрілік препараттар, электр энергиясы, су ресурстары мен жерді пайдалану құнының жоғары болуы, сондай-ақ республика аумағына балық отырғызу материалдарын (дернәсілдерді, балық шабақтарын және басқаларды) және қоректік организмдерді әкелу кезіндегі кедендік баж ставкаларын жатқызуға болады. Басқа мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенсек, ғалым-мамандардың зерттеулерінің нәтижесі жыл сайынғы әлемдік ауқымдағы кәсіпшілік бойынша пайдаланылатын шығындар флотта өндірілетін өнімнің бағасынан айтарлықтай артық екенін көрсетті. Әлемдік балық аулау флоты жоғары күрделі шығындар кезінде де өсуін жалғастыруда; оның қалдық бағасы 400 миллиард доллардан астам; пайдаланудың шығындары (еңбек, отын, жөндеу жұмыстары, сақтандыру, аулау құралдары және жабдықтау) шамамен 100 миллиард долларды құрайды; күрделі шығындар жылына 40 миллиард доллар, ал балық аулаудан түсетін табыс, мысалы 1997 жылы шамамен 80 миллиард доллардай болды. Тіпті күрделі шығындарды есепке алмағанның өзінде әлемдік балық кәсіпшілігі пайдасыз болып табылады. Демек, көптеген жағдайларда ірі ауқымдағы кәсіпшілік балық аулау жәрдем қаражат немесе мемлекеттік қолдаудың басқа түрлеріне байланысты ғана мүмкін болып отыр. Бүгінгі таңда көптеген елдерде, ЕО қосқанда, Жапония және Норвегияда балық шаруашылығы маңызды қаржылай қолдау тауып отыр. Қаржыландыру көздеріне байланысты субсидиялардың бірнеше нысандары бар: бюджеттік (ішкі - дамыту үшін демеу қаржылар, мемлекеттік инвестициялар; сыртқы - шетелдік аймақтарға қол жеткізуді қаржыландыру, нарықты дамытуға ынталандыру), бюджеттен тыс (жеңілдетілген кредит беру, қарыздарға кепілдік беру мен қайта құрылымдау, отынға төленетін салықтан босату, жеделдетілген амортизация), салааралық (кеме жасауға қаржылық көмек, өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту), ішкі ренталық төлемдерді төмендетуге бағытталған субсидиялар (ресурстарды пайдаланушылардың субсидиялары). Субсидиялар мөлшері әлемдік балық аулаудың барлық табысының 20-25% құрайды. Салыстыру үшін: бидайдан жасалатын тағамдық өнімдер өндірісіне жұмсалатын орташа әлемдік субсидиялар (саудалық шараларды қосқанда) өнім бағасының 48%, күріш және басқа дәнді дақылдардан - 36%, зәйтүннен - 24%, қанттан - 24%, сиыр етінен - 35%, шошқа етінен - 22%, құс етінен - 4%, қой етінен - 45%, жұмыртқадан - 14 % құрайды. Балық аулауға жұмсалатын субсидиялардың көп бөлігі дамыған елдердің үлесіне келеді. Балық шаруашылығы саласындағы бұл елдердің және ҚХР жалпы субсидиялар көлеміндегі үлесі 75%-ды құрайды.
3. Балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының мақсаты мен міндеттерi
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың мақсаты табиғи су тоғандарының биоресурстарын қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалану арқылы балық шаруашылығы кешенінің тұрақты қызмет етуі негізінде саланың бәсекеге қабілеттігін арттыру, тауарлық балық өсіруді дамытуға жағдайлар жасау болып табылады. Осымен бір мезгілде экспортқа шығарылатын балық өнімдерінің тиімділігін арттыру үшін Еуроодақ мемлекеттерінің стандарттарына сай келетін бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ету және балық шаруашылығы кешенін басқару құрылымын оңтайландыру үшін жағдайлар жасалуы қажет. Тұжырымдалған мақсатқа қол жеткізу Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы кешенін мемлекеттік басқаруға және дамытуға кешенді көзқарас қалыптастыруды талап етеді және мынадай:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |