Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген
Осы редакция 2006 ж. 11 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкiметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктiң тiзбесi 1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздармен; 2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздарымен; 3) корпоративтік бағалы қағаздармен; 4) жылжымайтын мүлiк (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздармен; 5) акциялармен; 6) репо және кері репо операцияларымен; 7) депозиттермен (салымдармен); 8) кепiлдiк арқылы бағалы қағаздарды қарызға берумен (securities lending); 9) стандартты туынды қаржы құралдарымен; 10) құрылымдық өнімдермен; 11) валюталармен шектеледi.
|