|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2015.28.09. № 800 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бойынша Үкіметке берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары; 2) Комиссияның құрамы; 3) Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Аббревиатуралар мен қысқарған сөздердің толық жазылуы:
МҚА - Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі МАМ - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ҰМО - ұлттық-мәдени орталық
ҚР Үкіметінің 2007.31.01. № 77 (бұр. ред. қара); 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 598 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.13.11 № 1834 (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1113 (бұр.ред.қара); 2011.23.06. № 696 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрамы жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2013.12.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.11. № 1186 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрамы өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрамы жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы, хатшы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Қазақстан Республикасының Әділет министрі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі - Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкіл (келісім бойынша) «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары (келісім бойынша) «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының халықаралық қатынастар факультеті түркітану кафедрасының меңгерушісі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.И. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны философия кафедрасының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры «Қазақ гуманитарлық заң университеті» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының профессоры «Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)
Үкіметінің 2006 жылғы 28 қазандағы № 1025 қаулысымен Бекітілген
Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2008.11.06. № 577 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында Қазақстан Республикасының Үкіметіне берген тапсырмаларын іске асыру, мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілді енгізу тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында құрылған. 2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттік тілді кешенді және жүйелі дамыту мен енгізу, елде орыс тілін білудің жоғары деңгейін сақтап қалу, ағылшын тілін тереңірек және қарқынды үйрену жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) мемлекеттік тіл саясатын және тілдік құрылысты іске асыру тетіктерін одан әрі жетілдіру. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Комиссияның оған жүктелген міндеттерге сәйкес функциялары: 1) тілдерді дамыту мәселелерін қарау және тиісті ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу; 2) ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік тіл саясатын және тиісті жобаларды іске асыру саласында орталық, жергілікті және өзге де мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын талдау болып табылады.
6. Комиссияның заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін: 1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды сұратуға және алуға; 2) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, тіл құрылысы, тілдерді дамыту, терминология және ономастика мәселелеріне байланысты проблемалық мәселелерді талдау және зерделеу үшін қажеттілігіне қарай мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және ұлттық мәдени орталықтардың өкілдерін, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшыларды тартуға; 3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз отырыстарында орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға; 4) мемлекеттік тіл саясаты саласында әзірленетін ұсыныстар мен ұсынымдарды кеңінен талқылауды ұйымдастыруға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
7. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды, шешімдердің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жеке жауапты болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1113 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.03.05. № 569 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда 8. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Комиссияның жұмыс органы комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді. 11. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссияның жоспардан тыс отырыстарын Комиссияның қарауына енгізілетін, ұсынылған материалдар негізінде Комиссияның төрағасы шақырады. 12. Комиссияның отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады. Комиссияның мүшелері отырысқа ауыстыру құқығынсыз қатысады. 13. Осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген материалдарды қарау қорытындылары бойынша Комиссияның мүшелері Комиссияның кезекті отырысында өз ұсыныстарын енгізеді. 14. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін уақыты мен орнын Комиссия мүшелерімен келісім бойынша Комиссияның төрағасы белгілейді және нақтылайды. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиiс. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не келіспеу туралы себептерін негіздей отырып жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 15-1-тармақпен толықтырылды 15-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады. 16. Комиссия мемлекеттік тіл саясатына қатысты мәселелерді қарау қорытындылары бойынша ұсынымдық сипатта қорытынды шығарады. 17. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 18. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19. ҚР Үкіметінің 2012.14.12. № 1591 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Комиссияның қызметін тоқтату
20. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |