«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың (2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 136, 137, 138, 139, 140, 141, 142, 143, 144, 145, 146, 147, 148, 149, 150, 151, 152, 153, 154, 155, 156-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 129-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Құны: 1257807 мың теңге (бір миллиард екі жүз елу жеті миллион сегіз жүз жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңы; "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі Заңы; "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңы; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңы; "Жер асты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 3-бабы; "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы; "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңы; "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңы; "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы; "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заң күші бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына берілетін біржолғы төлемдер туралы" 1999 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 1920 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әлеуметтік қамсыздандыру саласында азаматтардың конституциялық кепілдерін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; - нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру; - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны саласындағы заңдардың сақталуын мемлекеттік бақылау; - еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру және көші-қон процестерін реттеу саласындағы салааралық үйлестіру; - кәсіпқой шеберлігін жетілдіру және қызметтік міндеттемелерін тиімді орындау мақсатында біліктілік талаптарға сәйкес кәсіпқой қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша дағдылар мен шеберлікті, теориялық және практикалық білімдерді жаңарту. ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - Қазақстан Республикасының "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарының іске асырылуы; - ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасын анықтаудың жаңа әдістемесін енгізу; - мүгедектерге және қарт кісілерге әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын енгізу; - 2007 жылға арналған оралман квотасын қалыптастыруға ұсыныстар жасап шығару; - еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон мәселелері бойынша видеофильмдер және жарнама роликтер, әдебиеттер, тұсқағаздар, кітапшалар шығару қызметтерін сатып алу. - еңбек, жұмыспен қамту, еңбекті қорғау салаларында заңдылықтарды сақтауды қадағалау мақсатымен 10500 жоспарлы тексерулер жүргізілді; - 300 адамның кәсіптік деңгейін жоғарылату; - 25 адамды мемлекеттік тілге оқыту; - 25 адамды ағылшын тіліне оқыту. Орталық және аумақтық органдарында жұмыс орындарын 10% автоматтандыру, 12% жиһазбен жарақтандыру. Соңғы нәтиже: халықтың әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылуын кеңейту, жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын және еңбек қауіпсіздігін жақсарту. Жиһазбен жарақтандыруды 100%-ға жеткізу. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылату қажеттілігін 35%, мемлекеттік тілді оқытуды 25%, ағылшын тілін оқытуды 8% қамтамасыз ету. Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың бір маманына кететін шығын жылына 930 мың теңге, аумақтық органдарда 546 мың теңге құрайды. Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа шығыны 12,1 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілге оқытудың орташа шығыны 20 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметкерді ағылшын тіліне оқытудың орташа шығыны 20 мың теңге. Уақтылығы: келісім-шарттарға сәйкес жыл ішінде. Сапа: әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нормативті-құқықтық базасын жетілдіру, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру, әлеуметтік қызметтердің және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мамандарының біліктілік деңгейін жоғарылату және қол жеткізілімділігін арттыру. Қазіргі заманғы экономикалық жағдайлардағы кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін жоғарылату; мемлекеттік тілді оқыту курстарынан өткеннен кейін іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 15%; ағылшын тілін оқыту курсын өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 5%; біліктілігін жоғарылату курстарынан өткеннен кейін жоғары қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 2%.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 130-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Зейнетақы бағдарламасы" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Құны: 255496364 мың теңге (екі жүз елу бес миллиард төрт жүз тоқсан алты миллион үш жүз алпыс төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 13-бабы; "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 2, 5-баптары. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылу конституциялық құқықтарын іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақы төлемдерін уақытында қамтамасыз ету; - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен адамдарға, сондай-ақ олардың мұрагерлеріне зейнетақыға үстемеақы төлеу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ынтымақты зейнетақыларды, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылармен және зейнеткерлік жасқа толған адамдарға арналған базалық зейнетақы төлемдерін төлеу. Алушылардың орташа жылдық болжамды саны: - ынтымақты зейнетақы - 1622,6 мың адам; - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына үстемеақылар - 5,8 мың адам; - базалық зейнетақы төлемдерін - 1663,4 мың адам. Соңғы нәтиже: ынтымақты зейнетақы мөлшерін 8% көбейту және зейнеткерлік жасқа толған адамдардың барлығына 3000 теңге мөлшерінде базалық зейнетақы төлемдерін төлеу. Қаржы-экономикалық нәтиже: - зейнетақының ең төмен мөлшері - 6700 теңге; - зейнетақының орташа мөлшері - 10075 теңге; - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 3000 теңге. Уақтылығы: кестеге сәйкес ай сайын 25 күнге дейін уақытында төлеу. Сапа: - тағайындалған зейнетақылар мен базалық зейнетақы төлемдерін 100% төлеу. - радиациялық қатер өңірлерінде тұрған және Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтардың зейнетақыларына ай сайынғы үстемеақы төлемдерін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық ұсынған қажеттілікке сәйкес 100% төлеу.
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 131-қосымша
213 - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 59995554 мың теңге (елу тоғыз миллиард тоғыз жүз тоқсан бес миллион бес жүз елу төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 2-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты, әлеуметтік қамсыздандыруға мұқтаж азаматтарға ақшалай қаражат төлеу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - мүгедектігі бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін кемінде 1000 теңгеге көбейту; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін асырауындағылардың санына қарай 300 теңгеден 1000 теңгеге дейін көбейту; - мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін ең төмен күнкөріс шамасынан еселеп есептеу; - жасына байланысты берілетін; - мүгедектігі бойынша берілетін; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың жаңа мөлшерлерін ескере отырып уақытында төленуін қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) |