|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы (2007.11.03. берілген толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1654 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымында (бұдан әрі - үлгі құрылым): «1. Облыстық әкімдік» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын: «17-1. Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаменті (басқармасы)». 2. Облыстардың әкімдері: ҚР Үкіметінің 2007.11.03. № 176 Қаулысымен 1) тармақша толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 1) бекітілген штат санының лимиті шегінде өз кесімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері: 1) облыстардың әкімдеріне үлгі құрылымға енгізілген толықтыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісілген департаменттердің (басқармалардың) ұсынылатын құрылымын жіберсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |