«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан (2006.04.12. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 159 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлерін екі кезеңде: бірінші кезеңде 2006 жылдың аяғына дейін Агенттіктің орталық аппаратының саны 20 адам болатын қызметкерлерін мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау үшін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру; екінші кезеңде 2007 жылдың екінші тоқсанының аяғына дейін Агенттіктің орталық аппаратының саны 36 адам болатын қызметкерлерін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру туралы ұсынысына келісім берілсін. 2. Агенттіктің орталық аппаратының осы қаулыға сәйкес көшірілетін қызметкерлері осы елді мекенде тұрғын үйі болмаған кезде Астана қаласында тұрғын үймен қамтамасыз етіледі және оларға мынадай өтемақылық төлемдер: 1) ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің жол жүру құны: темір жол бойынша - купе вагонның тарифі бойынша; тас жол бойынша - сол жергілікті жердегі қолданыстағы құны бойынша; 2) темір жол және автомобиль көлігімен (жалпы пайдаланымдағы) қызметкердің өзіне 500 килограмға дейінгі және оның отбасының әрбір көшетін мүшесіне 150 килограмға дейінгі мүлікті тасымалдау жөніндегі шығыстар; 3) көшу сәтіндегі қолданыстағы заңнамада белгіленген мөлшерде жолда жүрген әрбір күн үшін тәуліктік шығыстар; 4) әрбір қызметкерге алты еселенген орташа айлық жалақы мөлшерінде және оның көшетін әрбір отбасы мүшесіне үш еселенген орташа айлық жалақы мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы беріледі деп белгіленсін. Агенттіктің орталық аппаратының бірінші және екінші кезеңдерде көшірілетін қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 2006 жылдың есебінен есептелетін болады. Агенттіктің орталық аппараты қызметкерлерінің осы қаулыға сәйкес өтемақы төленетін отбасы мүшелеріне күйеуі, әйелі, сондай-ақ қызметкердің өзінің асырауындағы және бірге тұратын балалары мен ата-анасы жатқызылсын. Агенттіктің орталық аппараты қызметкерлерінің осы отбасы мүшелеріне жоғарыда көрсетілген өтемақылар олар Астана қаласына қызметкердің өзі көшкен қаржы жылы ішінде көшкен кезде беріледі. 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Агенттіктің орталық аппаратын Астана қаласында орналастыру үшін қызметтік үй-жайлар бөлуді қамтамасыз етсін. 4. ҚР Үкіметінің 2006.04.12. № 1167 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5. Агенттік Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде белгіленген тәртіппен «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Ақпараттық-есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын Астана қаласына көшіру туралы ұсыныстар енгізсін. 6. Агенттіктің орталық аппаратының көшіп келген қызметкерлеріне тұрғын үй беру және олардың тұрғын үй сатып алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 377-26ҚПҮ және 1998 жылғы 3 тамыздағы № 736-56 ҚПҮ қаулыларына сәйкес жүзеге асырылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|