|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-1, 42-2, 42-3, 42-4, 42-5, 42-6-жолдармен толықтырылсын:
"42-1. Электр энергиясының сыртқы көзінен 8603 10 000 0-ден қоректенетін, 8604 тауар позициясына енгізілгендерден басқа, жолаушы, тауар немесе багаждық моторлы темір жол вагондары, ашық платформалар 42-2. Өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін, 8604 00 000 0 темір жол немесе трамвай жолдарын жөндеуге немесе оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған техникалық құралдар (мысалы, шеберхана вагондары, крандар, шпалұрғыш машиналар, жол түзеткіш машиналар, бақылау- өлшеу вагондары және жолдарды тексеруге арналған көлік құралдары) 42-3. Барлық түрдегі цистерна-вагондар 8606 10 000 0 42-4. 8606 10 субпозициясына енгізілгендерден 8606 20 000 0 басқа, термооқшаулаушы, рефрижиратор вагондар 42-5. Жүк таситын өздігінен жүрмейтін жабық 8606 91-ден және жабылатын темір жол вагондары 42-6. Биіктігі 60 см астам алынбайтын борттары 8606 92 000 0-ден бар жүк таситын өздігінен жүрмейтін ашық темір жол вагондары ".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |