|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында: «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары» деген 1-тарауда: 4-тармақ мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын: «24-1) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке 10 және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар салуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет;». 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |