|
|
|
«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 188, 189, 190, 191, 192, 193, 193-1, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203, 204, 205, 206, 207, 208-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 188-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 31 300 779 мың теңге (отыз бір миллиард үш жүз миллион жеті жүз жетпіс тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 21, 373, 368, 397, 531-баптары; 2003 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Кеден кодексі; 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 13-бабы; «Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 3 , 13-баптары; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкогольді өнімдер импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; «Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киімі мен айырым белгілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысы; «Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің «Кинологиялық орталығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы; «Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; «Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы; «Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі № 449 қаулысы; «Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 850 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы; Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 96 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік бюджетті атқару, кедендік бақылау, бюджетке салықтарды түсіруді және басқа да міндетті түсімдерді түсіруді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы және уақтылылығы, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит салаларында салааралық үйлестіру, әдістемелік басқару және бақылауды жүзеге асыру. Республикалық бюджеттің тиімді атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы ұлттық қорының қалыптасуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету, бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, бюджет жүйесінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамыту және жетілдіру. Өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіби қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бюджетті атқару жөніндегі рәсімдерді уақтылы ұйымдастыру, бюджеттер атқарылуының мониторингі, республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында бюджет қаражатымен уақтылы қамтамасыз ету; Қаржы министрлігі жүйесі органдарының әкімшілендіру рәсімдерінің тиімділігін, ақпараттық ашықтығын және айқындылығын арттыруды қамтамасыз ету, ақпараттық-техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; орташа 2884 адамның, оның ішінде аумақтық органдардағы 2658 адамның кәсіби деңгейін арттыру; орташа 8583 адамға, оның ішінде аумақтық органдардағы 8202 адамға мемлекеттік тілді оқыту; орташа 89 адамға ағылшын тілін оқыту. Түпкі нәтиже: Мемлекеттік органдардың республикалық бюджетті сапалы, уақытылы атқару; Қаржы министрлігі жүйесінің органдарын ұстауға бөлінген қаражатты 100% игеру; Салық төлеушілердің республикалық және өңірлік мониторингіне жататын, салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген ірі салық төлеушілер салықтық міндеттемелерді сақтамаған кезде тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ақпараттық жүйесінің 100% уақыт үздіксіз жұмыс істеуі, айқын уақыт режимінде техникалық, жүйелік және бағдарламалық қамтамасыз ету; дүниежүзілік Internet желісі арқылы күн сайын ақпараттық жүйелердің клиенттермен және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара әрекет етуін қамтамасыз ету; министрлік ведомстволарының корпоративтік телекоммуникациялық желілерінің жедел байланыс арналары бойынша берілетін деректер санының 100%-ы және/немесе ақпараттың жоғалуы мен деректер пакетінің бұрмалануы 0%. Қаржы-экономикалық нәтиже: салық және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдерді төлеуге жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің күн сайын өткізетін қолма-қол ақшасының көлемі 19 млн. теңгеден асатын соманы құрайды; Агенттер қабылдаған бюджеттің кірісіне аударылған салық және салыққа жатпайтын түсімдердің жалпы көлемінен қолма-қол ақшаның үлес салмағы 0,4%-ды құрайды; мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің жалпы сомасындағы кедендік төлемдер мен салықтардың үлес салмағы 20,1 %-ға дейін; қатаң есептілік бланкілерінің бір бірлігін басып шығарудың шартты құны орташа есеппен 3 теңгені құрайды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған шығындардың шартты құны орташа есеппен 22 350 теңгені құрайды. кеден органы бойынша қызметтік-іздестіру итінің бір бірлігін ұстауға арналған шығынның орташа шартты құны 737 теңгені құрайды. 1 кеден сарапшысын ұстауға жүргізілген шығындардың шартты құны орташа есеппен 7,88 теңгені құрайды. бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 14,05 мың теңге. бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқытудың орташа шығыны - 14,7 мың теңге. бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқытудың орташа шығыны - 16,7 мың теңге. Уақтылылығы: Белгіленген мерзімге сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау. Сапасы: мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кеден, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекі өнімдерінің, этил спирті мен алкоголь өнімінің, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), соттан тыс борышкерді тарату рәсімі, мемлекеттік меншікті басқару, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік пен аудит салаларында заң бұзушылықтарға жол бермеу; қазіргі экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілді оқытудың курстарын өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшінің үлесі - 10,19 %; ағылшын тілін оқытудың курстарын өткеннен кейін ағылшын тілі бойынша іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшінің үлесі - 1,54 %; біліктілігін арттыру курстарын өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдыққа тағайындалатын мемлекеттік қызметшінің үлесі - 1,9 %. ақпараттың жеделдігін және дұрыстығын арттыру, мемлекеттік қызметті жедел ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 189-ҚОСЫМША
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Инвестициялық жобалардың аудитін жүзеге асыру» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13500 мың теңге (он үш миллион бес жүз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Несие жөніндегі келісімді (Арнайы операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы 1998 жылғы 25 наурыздағы Қарыз туралы келісімді (Кәдімгі операциялар) (Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің арасындағы (Жол көлігі саласын қайта құрылымдау жобасы) Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 20 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы автомобиль жолдары саласын дамыту жобасы жөніндегі заем туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Қарапайым операциялар) (Аймақтық маңызы бар Алматы - Бішкек жолын қайта жаңарту жобасы) (Қазақстандық құрауыш) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 31 қаңтардағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Заем туралы Келісімді (»Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау (1 фаза)» жобасы) бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 20 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы «Автожол саласын (Атырау-Ақтау) қайта құрылымдау» Қарыз туралы келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкінің арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауылдық аумақтарды сумен жабдықтау және кәріз салалық жобасы) бекіту туралы» (Жай операциялар) Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы; Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жобасы) ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |