Денсаулық сақтау жүйесі туралы 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ (2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу (5 - 13 баптар) 3-тарау. Денсаулық сақтау субъектілері (14 - 15 баптар) 4-тарау. Денсаулық сақтау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету (16 - 18 баптар) 5-тарау. Медициналық қызмет (19 - 34 баптар) 6-тарау. Медициналық сараптама қызметі (35 - 43 баптар) 7-тарау. Фармацевтикалық қызмет (44 - 45 баптар) 8-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызмет (46 - 47 баптар) 9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру (48 - 50 баптар) 10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің (51 - 52 баптар) құқықтары мен міндеттері 11-тарау. Қорытынды ережелер (53 - 54 баптар) Осы Заң денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және азаматтардың денсаулық сақтауға арналған конституциялық құқықтарын iске асыру және олардың сақталу кепiлдiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесi қызметiнiң құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу - аккредиттеудің белгіленген стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық бағалау жүргізуге ерекше мәртебесі мен құқын тану рәсімі; 2) әскери-медициналық қызмет - әскери немесе арнаулы қызметтің болуы заңмен көзделіп, осы органдардың қызметін медициналық қамтамасыз етуге арналған әскери-медициналық бөлімшелердің, бөлімдер мен мекемелердің жиынтығы; 3) бейінді маман - клиникалық бейіндегі белгілі бір мамандық бойынша сертификаты бар, жоғары медициналық білімді медицина қызметкері; 4) дәрігерлік қызмет - жоғары медициналық білімді, тиісті сертификаты бар мамандар жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі; 5) денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтік-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы; 6) денсаулық сақтау жүйесі - қызметі азаматтардың денсаулық сақтау мен медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдар мен денсаулық сақтау субъектілерінің жиынтығы; 7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттар айналымы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 8) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары және жеке медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғалар; 9) денсаулық сақтауды басқару органдары - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органы, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтау ісін мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер органдары; 10) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 11) диагностика - аурудың диагнозын қоюға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені; 12) емдеу - ауруларды жоюға және (немесе) бетін қайтаруға, сондай-ақ олардың асқынуын болғызбауға бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені; 13) медициналық оңалту - организмнің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені; 14) медициналық көмек - халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешені; 15) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен және медициналық ғылым мен технология дамуының қазіргі заң аяғы деңгейінің негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік шарасы; 16) медициналық қызмет - жоғары немесе орта кәсіби медициналық білім алған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған кәсіби қызметі; 17) медициналық қызметтер көрсету - профилактикалық, диагностикалық емдеу немесе оңалту бағыттылығы бар медициналық қызметкерлердің нақты адамға қатысты іс-қимылы; 18) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган - аумақтық бөлімшелері бар, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті шегінде атқарушы, бақылаушы және қадағалаушы функцияларды, сондай-ақ медициналық қызметтер көрсетудің сапасы бойынша басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын мемлекеттік орган; 19) медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау - медициналық қызметтер көрсету саласындағы, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді орындау бойынша бақылау жөніндегі мемлекеттік орган жүргізетін тексеру; 20) медициналық сараптама - денсаулық сақтаудағы қызметтің әртүрлі салалары жай-күйінің деңгейін, сапасын және дәрежесін анықтауға бағытталған ұйымдастырушылық, талдау және практикалық іс-шаралардың жиынтығы; 21) медициналық ұйымдар - негізгі қызметі халыққа медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары; 22) профилактика - салауатты өмір салтын қалыптастыруға, аурулардың пайда болуының (және олардың асқынуының) алдын алуға бағытталған медициналық қызметтер кешені; 23) тәуелсіз сараптама - медициналық және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар қызметінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін рәсім; 24) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке немесе заңды тұлға; 25) тәуелсіз сарапшылардың деректер банкі - тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру үшін мәртебесі және құқықтық өкілеттігі бар, белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке және заңды тұлғалардың тізілімі; 26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметтің Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі; 27) халықтық медицина (емшілік) - халық жинақтаған емшілік құралдар туралы тәжірибелік мәліметтердің, сондай-ақ емшілік және гигиеналық тәсілдер мен дағдылардың жиынтығы және оларды денсаулық сақтау, аурудың алдын алу мен емдеу үшін іс жүзінде қолдану.
2-бап. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары 1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 3-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi мен мiндеттерi 1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi: 1) халықтың денсаулығын ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету факторларына жатқызу; 2) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын сақтау және оларды мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз ету; 3) әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына қарамастан халықтың медициналық көмекке қол жетiмдiлiгi; 4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету; 5) азаматтардың денсаулығын ғұмыр бойы сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау; 6) азаматтардың медициналық көмек алуындағы әлеуметтiк әдiлдiк пен теңдiк; 7) азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы мұқтаждықтарына денсаулық сақтау жүйесiнiң ықыластылығы; 8) мемлекеттік органдардың азаматтардың денсаулығын сақтау мен тыңайтуды қамтамасыз етуге жағдай жасау жолындағы жауапкершiлiгi. 2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiмен қамтамасыз ету; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) дәрілік заттардың тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету; 3) отандық медициналық және фармацевтикалық өнеркәсiптi дамытуды қамтамасыз ету; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) оқытудың осы заманғы технологияларын пайдалана отырып, медициналық және фармацевтикалық білім берудiң үздiксiздiгi мен сабақтастығын қамтамасыз ету; 5) республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру нормативтерiн белгiлеу; 6) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегi iс-қимылдарының сабақтастығы; 7) денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды белгiлеу; 8) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу қызметiн, ақпараттық және коммуникациялық жүйелердi мемлекеттік қолдау; 9) медициналық ғылым мен техниканың осы заманғы жетiстiктерiне, емдеудiң жаңа технологияларына сәйкес медициналық көмек көрсету; 10) халықтың әлеуметтiк шетiн топтарындағы азаматтардың, оның iшiнде аналардың, балалардың, мүгедектердiң және зейнеткерлердiң денсаулығын сақтау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және өткізу; 11) халықтың денсаулық жағдайы мен өмiр сүру ортасының факторлары туралы статистикалық және өзге де ақпаратты беру; 12) көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасы мен толымдылығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарының өзге де талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 13) азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 4-бап. Денсаулық сақтау жүйесi 1. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесi мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, мемлекеттік меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан және білім беру ұйымдарынан тұрады. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншiк құқығына негiзделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдардан, білім беру ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық iс-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан тұрады. Үшінші бөлік 2008 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріханаларды қоспағанда, жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тыйым салынады. 3. Денсаулық сақтау жүйесiнiң қызметiн мемлекеттік реттеудi және мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу 5-бап. Азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етудiң кепiлдiктерi Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына: 1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн алуға; 2) алғашқы медициналық-санитарлық көмекке бірдей қол жеткізуiне; 3) мемлекеттік және жекеше емдеу ұйымдарында, сондай-ақ жекеше медициналық ic-тәжiрибемен шұғылданатын жеке тұлғалардан ақылы медициналық көмек алуға; 4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа; 5) 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 6) бірыңғай медициналық стандарттар бойынша тегiн және (немесе) ақылы негiзде көрсетiлетiн медициналық көмектiң сапасына, мазмұнына және көлемiне; 7) медициналық және дәрiгерлiк көмек көрсету, фармацевтикалық өнiмдi шығару және өткізу бөлiгіндегі кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгi құқығына кепiлдiк бередi. 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің денсаулық сақтау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Yкіметі: 1) денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді; 2) денсаулық сақтау, медицина ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді; 3) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласында нормативтік құқықтық актілер шығарады; 4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекітеді; 5) медициналық қызметтің сапасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітеді; 6) осы Заңда белгіленген, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуын қамтамасыз етеді; 7) медициналық, дәрігерлік және фармацевтикалық қызметтің біліктілік талаптары мен лицензиялануының тәртібін бекітеді; 8) халықтың тығыздығы мен елді мекендердің шалғайлығына қарай денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекітеді; 9) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудің, аттестаттаудың, сертификаттаудың және стандарттаудың тәртібін айқындайды; 10) азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды; 11) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар сатып алуды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібін айқындайды; 12) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша медициналық қызметтер көрсетуді сатып алудың тәртібін айқындайды; 13) денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарттың үлгі нысанын бекітеді; 14) бюджет қаражаты есебінен медициналық ұйымдардың шығындарын өтеу тәртібін айқындайды; 15) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесі мен шарттарын айқындайды.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыретi Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган: 1) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында мемлекеттік саясаттың жүргізілуін қамтамасыз етеді; 2) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады; 3) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде білім беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен үлгілік оқу бағдарламаларын бекітеді; 5) денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы бағдарламаларды іске асырады; 6) азаматтар денсаулығының мүддесіне орай салааралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 7) медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды; 8) денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік құжаттарды және есепке алу-есеп беру құжаттамасының нысандарын бекітеді; 9) медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы стандарттарды бекітеді; 10) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік статистикалық есепке алу мен есептіліктің жүргізілуін қамтамасыз етеді; 11) медициналық ұйымдардың өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды; 12) тәуелсіз сараптама жүргізу тәртібін айқындайды; 13) медициналық қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын жарнамалаудың ережесін бекітеді және олардың жарнамасына рұқсаттар берудің тәртібін айқындайды; 14) денсаулық сақтау ұйымдарының номенклатурасын, олардың қызметі туралы ережелерді; медициналық және фармацевтикалық мамандықтардың номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын; денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын, үлгі штаттарын және штат нормативтерін; халыққа медициналық қызмет көрсету көлемі мен деңгейінің нормативтерін әзірлейді және бекітеді; 15) медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу, емдік препараттарды (жануарлардың, құрамында есірткі және психотроптық заттар жоқ өсімдіктер мен шөптердің емдік өнімдерін өсіру, жинау және сатудан басқа) дайындау мен сату жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 16) медицина және фармацевтика ғылымының дамуын қамтамасыз етеді және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіреді; 17) біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды; 18) жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды, оның ішінде шет елдерде даярлаудың, медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттырудың және қайта даярлаудың тәртібін айқындайды; 19) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді; 20) денсаулық сақтау саласында, оның ішінде дәрілік заттардың айналымы саласында республикалық ақпараттық және коммуникациялық жүйелердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 21) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді; 22) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді; 23) медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы қызметпен айналысуға лицензиялауға қорытынды береді және лицензиялауға қатысады; 24) конкурстық негізде медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады; 25) конкурстық негізде денсаулық сақтау кадрларының біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастырады; 26) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер тарифтерін қалыптастырудың және шығындарын жоспарлаудың әдістемесін айқындайды; 27) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина ғылымы мен медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 28) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін дәрілік заттар мен қызметтер сатып алу жөніндегі тендерлік құжаттаманы бекітеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 7-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7-1-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның құзыретi Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган: 1) өз құзыреті шегінде медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер және нормативтік-техникалық құжаттар қабылдайды; 2) медициналық қызметтер көрсету саласын бақылауды жүзеге асырады; 3) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама мен дәрілік заттар сараптамасын қоспағанда, медициналық сараптаманың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады; 4) дәрілік заттарды қоспағанда, медициналық қызметтердің, сондай-ақ профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдары жарнамасын бақылауды жүзеге асырады; 5) медициналық қызмет саласындағы біліктілік талаптарының және лицензиялау ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 6) денсаулық сақтау ұйымдарында стационарлық емделуде жатқан науқастарға дәрілік заттардың белгіленуін бақылауды жүзеге асырады; 7) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асырады; 8) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалауға тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеуді жүзеге асырады; 9) әртүрлі бейіндегі мамандар арасынан тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін қалыптастырады; 10) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді; 11) денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтаудың республикалық ұйымдарының және олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, сондай-ақ басшылардың орынбасарларын кәсіби біліктілікке аттестаттауды жүргізеді; 12) республикалық маңызы бар ұйымдар, сондай-ақ қызметі бір облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) шегінен тыс жерлерде таралатын жеке және заңды тұлғалар атқаратын жұмыстар мен қызметтер көрсету және уақытша еңбекке қабілетсіздік сараптамасы, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркология сараптамасы бөлігіндегі медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады; 13) медициналық білімі бар мамандар үшін біліктілік санатын беруге емтихан өткізеді; 14) дәрілік құралдарды қоспағанда, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарының денсаулық сақтау практикасында қолданылуына рұқсаттар беру мен бақылауды жүзеге асырады; 15) клиникаға дейінгі және клиникалық базалар тізбесін бекітеді; 16) жеке тұлғаларға халық медицинасымен (емшілікпен) айналысуға куәліктер береді; 17) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмек пен медициналық қызметтер көрсетудің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындайды; 18) азаматтардың көрсетілген медициналық көмек сапасы мәселелері бойынша шағымдарын қарайды 19) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау субъектілеріне әкімшілік жазалар қолданады; 20) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын енгізуді үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады; 21) медициналық қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды басқарудың жергiлiктi мемлекеттік органдарының құзыретi 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: 1) денсаулық сақтау саласындағы аймақтық бағдарламаларды бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебiнен әлеуметтiк көмек беру туралы шешiм қабылдайды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерлерін айқындайды; 3) тиiстi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде денсаулық сақтауды қаржыландыру көлемiн бекiтедi, денсаулық сақтауға және медициналық білім беруге арналған шығыстардың үлесiн айқындайды; 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен азаматтардың бюджет қаражаты есебiнен емделу үшiн елдi мекен шегiнен тыс жерлерге тегiн немесе жеңiлдiкпен жол жүруi туралы шешiм қабылдайды; |