|
|
|
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 64 Қаулысы
Әкімшілік реформаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Маңызды стратегиялық мәні бар көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 848 қаулысы; 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 158 қаулысы. 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, бір апта мерзімде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының жарғыларын осы қаулыға сәйкес келтірсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 64 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу жөніндегі мекемелер мен кәсіпорындарды «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі агенттігінің Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтары» мемлекеттік кәсіпорны етіп қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1261 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 358-құжат): 2-тармақ алынып тасталсын. 2. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 906 қаулысында: 3-тармақта «жылжымайтын мүлікті және онымен мәмілелерді және» деген сөздер алынып тасталсын. 3. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1120 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) қаулысында: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы он екінші абзацпен толықтырылсын: «жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу;»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 1) тармақшасында: үшінші абзацтағы «сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жылжымайтын мүлікке құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға жылжымайтын мүлік объектілерін сәйкестендіру, техникалық және құндық сипаттамаларын айқындау, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу жөніндегі қызметті жүзеге мәселелері бойынша қызметті үйлестіру және әдістемелік көмек көрсету;». 4. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1204 қаулысында: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: II «Шығындар» бөлімінде: 03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқарушылық қызмет» функционалдық тобында, 09 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтер» ішкі функциясында, 221 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» әкімшісі бойынша 001 «Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «2498514» деген сандар «2002477» деген сандармен ауыстырылсын; 002 «Аумақтық органдардың аппараты» кіші бағдарламасында «2447698» деген сандар «2943735» деген сандармен ауыстырылсын. 5. «Республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында: көрсетілген қаулыға 221-қосымшада: «Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында: реттік нөмірі 2-жолдағы 6) тармақша алынып тасталсын; реттік нөмірі 3-жолдағы «заңды тұлғалар» деген сөздерден кейін «, жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді» деген сөздермен толықтырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |