Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөніндегі мекемелер мен
Осы редакция 2007 ж. 29 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 168-құжат) мен "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 Заң күшi бар Жарлығын iске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 20 ақпандағы № 236 қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 8, 56-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қол астындағы Жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөніндегі облыстық (қалалық) мекемелер мен кәсiпорындарды әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердегi филиалдары жүйесiмен қоса "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Жылжымайтын мүлiктер жөніндегі орталықтары" мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын. 2. Кәсiпорын Жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтар мен олармен мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу туралы заңдардың шеңберiнде оның алдына қойылған негiзгi мiндеттердi жүзеге асыру мәселелерiнде мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiредi деп белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн. 4. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бiрдейлiк, техникалық және құндық сипаттарын айқындау жөніндегі қызметтердi, сондай-ақ Құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi өзге де қызметтердi жүзеге асыру болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi: бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғыларын бекiтсiн; заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырсын. 6. ҚР Үкіметінiң 2000.01.05. № 12 қаулысымен алып тасталды ҚР Үкіметінiң 1999.10.08. № 1124 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Салық органдары жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкiне (жылжымайтын) салықты есептеу кезiнде Кәсiпорын ұсынатын құндарын бағалау актілерін басшылыққа алсын. 8. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 шiлдедегi № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi мынадай мазмұндағы тараумен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгi" 393 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Алматы қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Алматы облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 394 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Алматы қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Алматы қаласы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 395 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Ақмола қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Ақмола облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 396 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Атырау қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Атырау облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 397 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Ақтөбе қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Ақтөбе облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 398 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Өскемен қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 399 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тараз қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Жамбыл облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 400 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Орал қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 401 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қарағанды Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу қаласы жөніндегі агенттiгiнiң Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 402 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қызылорда Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу қаласы жөніндегі агенттiгiнiң Қызылорда облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 403 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қостанай қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Қостанай облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 404 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Ақтау қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Маңғыстау облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 405 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Павлодар Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу қаласы жөніндегі агенттiгiнiң Павлодар облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 406 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Петропавл Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу қаласы жөніндегі агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) 407 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Шымкент қаласы Жылжымайтын мүлiк пен заңды тұлғаларды тiркеу жөніндегі агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы" мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығындағы)". Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.03.29. № 373 қаулысымен. 9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі екi айлық мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Үкіметіне бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. 10. "Жылжымайтын мүлiктердi бағалау мен тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 қаңтардағы № 30 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 2, 15-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |