2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық
«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған 2007 жылға арналған республикалық бюджетте мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ағымдағы нысаналы трансферттердің уақтылы және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін. 3. Жергілікті атқарушы органдар: 1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар берілуін және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуін; 2) ай сайын есептіден кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Yкіметінің 2007 жылғы 31 қаңтардағы № 74 қаулысымен Бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|