2007 ж. 9 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 2-баптың редакциясы
ҚР 01.07.98 ж. № 256-1; 18.12.00 ж. № 128-II; 02.03.01 ж. № 162-II; 11.07.01 ж. № 239-II; 2005.08.07. № 71-III ; 2006.10.01 № 115-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-бап өзгертілді 2-бап. Заңның қолданылу ерекшелiктерi 1. Осы Заң қазыналық кәсiпорындар мен мекемелерден басқа, заңды тұлғалардың банкроттығы туралы iстерге қолданылады. Осы Заңда көзделген банкроттық рәсімдерін үздіксіз өндіріс циклы бар ұйымдарға, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарға қатысты қолдану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленуі мүмкін. Зейнетақы қорларына және басқа кейбір заңды тұлғаларға қатысты осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн қолдану ерекшелiктерi заң актілерімен белгiленуi мүмкiн. Сот банкті банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда, оны тарату банк заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Сот сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын банкрот деп тану туралы шешiм қабылдаған жағдайда оны тарату сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік саласындағы заң актілерімен реттелмеген бөлігінде жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қолданылады. 3. Банкроттық туралы iстердi осы Заңда белгiленген ерекшелiктермен азаматтық сот iсiн жүргiзудiң жалпы ережелерi бойынша сот қарайды. 4. Табиғи монополиялар субъектілері немесе тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын, не Республиканың экономикасы үшін зор стратегиялық маңызы бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғау мақсатында конкурстық массаны өткізудің ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық масса объектілерін сатып алушыларға қосымша талаптар белгілеуге құқылы. 5. Қарауында стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіптi объектiлер бар заңды тұлғалар банкрот болған кезде олардың қызметiне мiндеттi экологиялық аудит жүргiзiледi, оны жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес айқындалады.
|