|
|
|
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Көлсай көлдері» (2015.04.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ерекше экологиялық, тарихи, ғылыми, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін сақтау және қалпына келтіру мен оларды одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 2. Алматы облысы Райымбек және Талғар аудандарының аумағындағы мына санаттардағы жерден жалпы алаңы 161045 гектар жер учаскелері: босалқы жерден - 96330 гектар; орман қоры жерінен - Кеген мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесінен - 64715 гектар алынсын және олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалану құқығында мекемеге берілсін. Көрсетілген жер учаскелері босалқы және орман қорының жері санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жері санатына ауыстырылсын, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ормандары» санатына жатқызылсын. 3. Алматы облысының әкімдігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы аймақтың шегінде экологиялық жүйелердің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге кері әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынатын және (немесе) шектеу қойылатын мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілесін. 4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, белгіленген тәртіппен жергілікті жерде мекеме жерінің шекараларын белгілесін. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті белгіленген тәртіппен: 1) мекеме туралы ережені бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 6. Мекемені қаржыландыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұстауға республикалық бюджетте көзделетін сома есебінен және соның шегінде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады деп белгіленсін. 7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-2-жолмен толықтырылсын: «21-2. «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесі»; 3) ҚР Үкіметінің 2015.04.09. № 745 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 88 қаулысына қосымша
Алматы облысының аумағында құрылатын «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне тұрақты жер пайдалануға берілетін жер учаскелерінің экспликациясы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |