Шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру ережесін бекіту туралы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегi № 149 бұйрығымен күші жойылды
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсанындағы Заңының 7-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Жеке тұлғаның шығармашылық жағдайын растайтын куәлігін берілу тәртібі бекітілсін. 2. Өнер департаменті келесі шараларды: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Әлиевке жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы
Мәдениет және ақпарат Министрінің м.а. 2007 жылғы 1 ақпандағы № 17 бұйрығымен бекітілген
Шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін растайтын куәлікті беру ЕРЕЖЕСІ
1. Шығармашылық қызметкерлердің мәртебесін растайтын куәлікті беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленді және шығармашылық қызметкердің мәртебесін растайтын куәлік беру тәртібін белгілейді. 2. Шығармашылық қызметкердің мәртебесін облыстың (республикалық деңгейдегі қалалар, астана) жергілікті атқару органдары уәкілдерімен растайды (бұдан әрі - уәкілетті орган). 3. Куәлік шығармашылық одақтарда тіркелмеген кәсіби немесе әуесқой қызметі құндылықтарды жасауға, әдебиет пен өнер туындыларын шығаруға немесе жоруға (аударуға) бағытталған шығармашылық кызметкерге беріледі. 4. Шығармашылық тұлғаның мәртебесін растау туралы мәселені қарау үшін мәдениет саласындағы уәкілетті органға: өтініш ерікті түрде; жеке куәліктің көшірмесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|