«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын
іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 37-ө Өкімі
(2010.21.07. берілген өзгерістермен )
1. Қоса беріліп отырған «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Yкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
ҚР Премьер-Министрінің 2007.07.08. № 213-ө (бұр.ред.қара); 2010.21.07. № 104-ө (бұр.ред.қара) Өкімімен тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 28 ақпандағы
№ 37-ө өкімімен
бекітілген
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы
15 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ҚР Премьер-Министрінің 2010.21.07. № 104-ө өкімімен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
2. |
3. | Мәдениет саласындағы мемлекеттік мекемелердің ақылы қызметтер көрсету ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы ақпан |
4. | Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
5. | Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсаттар беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
6. | ҚР Премьер-Министрінің 2010.21.07. № 104-ө өкімімен алып тасталды (бұр.ред.қара) |
7. | Театр, концерттік және мәдени-демалыс іс-шараларының халық үшін қол жетімділігін қамтамасыз ету жөнін- дегі қызметтерді ұсынуға, классикалық, халықтық, музыкалық және хореографиялық өнерді насихаттауға байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы желтоқсан |
8. | Тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз етуге байланысты шығындарды жабуға бюджеттік субсидиялар бөлу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы желтоқсан |
9. | Мемлекеттік кітапхана- лардың, мұражайлар мен мұражай-қорықтардың негізгі қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызмет- терді) сатудан қаражат- тың түсуі мен оны пайдалану ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi (жинақтау), ЭБЖМ | 2007 жылғы ақпан |
10. | Қазақстан Республикасы- нан әкетілетін және оған әкелінетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
11. | Мәдениет саласында мемлекеттік стипендия- лар беру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
12. | Көтермелеудің салалық жүйесін бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
13. | Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлері- нің санаттарына үлгi біліктілік талаптарын бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
14. | Мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
15. | Шығармашы қызметкердің мәртебесін растайтын сертификат беру ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
16. | Мүгедектерге немесе егде жастағы адамдарға арналған сырттай және стационардан тыс қызмет ету нысандары арқылы кітапхана қорларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
17. | Қазақстан Республикасы- ның мұражай қорын қалыптастыру және ұстау ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
18. | Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
19. | Көркем-сараптамалық кеңестер туралы ережені бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
20. | Мәдени кұндылықтарды әкету және әкелу жөніндегі сараптамалық комиссия туралы ережені бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
21. | Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халық» (үлгілі) атағын беру ережесін бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
22. | Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ереженi бекіту туралы | Бұйрық | Мәдениетминi | 2007 жылғы ақпан |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Мәдениетмині | - | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi |
ЭБЖМ | - | Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi |