Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы
І. «ҚАЗАҚСТАН-2030» Стратегиясының 10 жылдығы - Қазақстан экономика мен өз мемлекеттілігінің берік іргетасын құра отырып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуда ІІ. Қазақстандықтардың өмір сапасының артуы ІІІ. Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі - жан-жақты жаңғыртуды жеделдету V. Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері VІ. Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік-жігер - жаңа қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары
І. «ҚАЗАҚСТАН-2030» СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ - ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Ханымдар мен мырзалар!
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, біз қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам бастық. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді. Бүгін мен сіздерге еліміз бен қоғамымыздың одан әрі дамуы жайындағы өз пайымымды баяндамақпын. Ойға алғанымызды орындау Қазақстанның шын мәнінде тарихи ауқымдағы аршынды самғау жасауына мүмкіндік туғызады. Әңгіме еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі жөніндегі нақты қадамдары туралы болмақ, бұл жайында алдыңғы Жолдауда да айтылған еді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|