«Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының
әкімшілік полициясы штат санының лимиттерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы
№ 182 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының 14-бабына, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 6-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы штат санының лимиттері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 11 наурыздағы
№ 182 қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың,
астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының
әкімшілік полициясы штат санының лимиттері
Р/с № | Ішкі істер органдары әкімшілік полициясының аумақтық тиесілігі | Штат санының лимиті |
1 | Астана қаласының Ішкі істер департаментi | 2530 |
2 | Ақмола облысының Ішкі істер департаментi | 2616 |
3 | Ақтөбе облысының Ішкі істер департаментi | 2294 |
4 | Алматы қаласының Ішкі істер департаментi | 4240 |
5 | Алматы облысының Ішкі істер департаментi | 2679 |
6 | Атырау облысының Ішкі істер департаментi | 1929 |
7 | Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментi | 4214 |
8 | Жамбыл облысының Ішкі істер департаментi | 2059 |
9 | Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментi | 1870 |
10 | Қарағанды облысының Ішкі істер департаментi | 4977 |
11 | Қызылорда облысының Ішкі істер департаментi | 1581 |
12 | Қостанай облысының Ішкі істер департаментi | 2672 |
13 | Маңғыстау облысының Ішкі істер департаментi | 1589 |
14 | Павлодар облысының Ішкі істер департаментi | 2416 |
15 | Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментi | 2166 |
16 | Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментi | 4031 |