|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жьілғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 24, 435-құжат; 2001 ж., № 21-22, 286-құжат; 2003 ж., № 10, 53-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-кұжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Мемлекеттік мұрағаттар ақылы негізде жұмыстар орындауға және қызметтер көрсетуге кұқылы. Мемлекеттік мұрағаттардың ақылы жұмыстары мен қызметтеріне тек қана: 1) ұйымдар мұрағаттарының және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету қызметтерінің жұмысын жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және енгізу; 2) кұжаттарды ғылыми-техникалық өндеу; 3) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша құжаттама жасау мен құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздерін оқыту жөніндегі курстар мен семинарларды өткізу; 4) мұрағат істері мен құжаттарды реставрациялау, түптеу, мұрағаттық қораптар дайындау; 5) мұрағат құжаттарының сақтандыру көшірмелерін дайындау, мәтіндерін қалпына келтіру, микрофильмдердің, кино құжаттарының, фото негативтерінің, құжаттардың түрлі-түсті слайдтарының, сондай-ақ қағаздағы және электрондық негіздегі құжаттардың көшірмелерін түсіріп алу; 6) мұрағат қорларына ғылыми-анықтамалық аппарат жасауда және оны жетілдіруде әдістемелік және практикалық көмек көрсету; 7) тапсырыстар (өтінімдер) бойынша генеалогиялық және тақырыптық сипаттағы ақпаратты анықтауды жүргізу және мұрағат құжаттарының көшірмесін алу жатады.». 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап, қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы мамырдың 8-і. № 247-III ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |