«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық
ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2007 жылғы 27 маусымдағы № 365 бұйрығымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, жою және қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін. 2. «Сәйкестікті растау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 119 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 27 сәуірде № 3601 тіркелген, ҚР нормативтік құқықтық кесімдер бюллетенінде 2005 жылғы қыркүйекте, № 18, 148-құжат ретінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: бұйрық мәтіні бойынша: «инспекциялық тексерістің», «инспекциялық тексеріс», «инспекциялық тексерістер» деген сөздер «инспекциялық бақылаудың», «инспекциялық бақылау», «инспекциялық бақылаулар» деген сөздермен ауыстырылсын; «сапа жүйесі», «сапа жүйесімен», «сапа жүйесін» деген сөздер сәйкес «менеджмент жүйесі», «менеджмент жүйесімен», «менеджмент жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын; «сапа менеджменті жүйесін» деген сөздер «менеджмент жүйесін» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|