Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелегентүрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiңқауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ереженi бекіту туралы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 48 Қаулысымен 2018 ж. 1 желтоқсаннан бастап күші жойылды
Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүргiзу тәртібін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етедi: 1. Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ереже бекітілсiн, Ереже мен осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күндiк мерзiм өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн. 2. Ақпарат технологиясы департаментi (Молчанов С.Н.): 1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың ақпарат жүйелерiнiң қауіпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі ереженi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы және Ереже Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының барлық бөлiмшелерiне, ұйымдарына және өкiлдiгiне жiберсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарының басшылары осы қаулыны және Ереженi алған күннен бастап төрт күндiк мерзiмде екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға - ломбардтар мен айырбастау пункттерiнен басқаларына жiберсiн. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|