Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы (2010.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі; 2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы № 402 қаулысымен бекітілген
Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы, «Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленген және көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялар беру тәртібін белгілейді. 2. Көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау жөніндегі қызметті лицензиялауды жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2010.07.06. № 527 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|