Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 ж. 20 желтоқсандағы №
Осы редакция 2007 ж. 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар) 2-тарау. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу (10 - 18 баптар) 3-тарау. Азаматтықты тоқтату (19 - 21 баптар) 4-тарау. Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап (22 - 28 баптар) 5-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің және мемлекеттік органдарының азаматтық мәселелер жөніндегі өкiлеттiгi (29 - 31 баптар) 6-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу (32 - 38 баптар) 7-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдердің орындалуы (39 - 40 баптар) 8-тарау. Азаматтық мәселелер жөніндегі шешімдерге шағым беру (41-бап) 9-тарау. Халықаралық шарттар (42-бап) ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 жарлығына сәйкес кіріспе өзгертілді
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзiнiң азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
Жалпы ережелер
ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 1-бап өзгертілді 1-бап. Азамат және мемлекет Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі.
ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 3-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 . № 322 Заңына сәйкес 3-бап өзгертілді 3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу Мына адамдар: осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды. Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 4-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 4-бап өзгертілді 4-бап. Азаматтық туралы құжат Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, білімiне, тіліне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi. ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 6-бап жаңа редакцияда 6-бап. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді мойнына алады. 7-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 8-бап жаңа редакцияда 8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 9-бап жаңа редакцияда 9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi. Қазақстан Республикасы азаматтығын алу ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 10-бап өзгертілді 10-бап. Азаматтық алу негіздері Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) тууы бойынша; 2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде; 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша; 4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 11-бап өзгертілді 11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 12-бап өзгертілді 12-бап. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала: 1) Қазақстан Республикасының территориясында туса; 2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады. Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады. ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 13-бап өзгертілді 13-бап. Ата-анасы белгісіз баланың азаматтығы Ата-анасының екеуі де белгісіз Қазақстан Республикасы территориясындағы бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 14-бап өзгертілді 14-бап. Азаматтығы жоқ адамдардың баласының Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 15-бап өзгертілді 15-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығымен 16-бап жаңа редакцияда; ҚР 17.05.02 ж. № 322; 04.10.04 ж. № 600-II Заңдарымен 16-бап өзгертілді 16-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары Қазақстан Республикасының азаматтығына: 1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, пайым қабiлетiн жоғалтқан не Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдардан және олардың отбасы мүшелерінен және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан, сондай-ақ Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтарынан, егер олар тарихи Отаны ретiнде тұрақты тұру үшiн Қазақстан Республикасына қайтып оралған болса, олардан осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi; 2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады. Мiндеттi әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 17-бап өзгертілді ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 17-бап толықтырылды 17-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдаудан бас тарту негіздері Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам: 1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса; 2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса; 3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса; 4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса; 5) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса; 6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса; 7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды. Осы баптың бірінші бөлігі 7) тармақшасының ережелері осы Заңның 16-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген және шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы жазбаша өтінішпен ішкі істер органдарына жүгінген адамдарға қолданылмайды. Жүгінген адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданған жағдайда мұндай жүгіну фактісі туралы ақпарат, олардың шетелдік паспорттары шет мемлекетке жіберіледі. ҚР 17.05.02 ж. № 322 Заңына сәйкес 18-бап толықтырылды 18-бап. Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша осы Заң талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін. Осы Заңның 16-бабының бірінші бөлігі 1) тармақшасының ережелері бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында тұрған адамдарға қолданылмайды. Азаматтықты тоқтату 19-бап. Азаматтықты тоқтату негіздері Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу; 2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады. Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі. Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін. Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 21-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. № 322-II; 04.10.04 ж. № 600-II Заңдарымен 21-бап өзгертілді 21-бап. Азаматтықтан айырылу Қазақстан Республикасы азаматтығынан: 1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан; 2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса; 3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; 4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсiз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тiркелмесе; 5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады. ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 4-тараудың тақырыбы өзгертілді 4-тарау Ата-анасы азаматтығын өзгерткен және асырап алған жағдайдағы баланың азаматтығы ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 22-бап өзгертілді 22-бап. Ата-анасының азаматтығы өзгерген жағдайда баланың азаматтығының өзгеруі Ата-анасының азаматтығы өзгеріп, соның салдарынан екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болған, не екеуі де Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан жағдайда тиісінше олардың 14 жасқа толмаған баласының азаматтығы да өзгереді. Егер баланың ата-анасының біреуі белгілі болса, осы ата-ананың азаматтығы өзгерген жағдайда тиісінше 14 жасқа толмаған баланың азаматтығы да өзгереді. ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 23-бап өзгертілді 23-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығын алып, ал екіншісі басқа мемлекеттің азаматы не азаматтығы жоқ адам болып қала берсе, Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі бала ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы мүмкін. ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 24-бап өзгертілді 24-бап. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шыққан ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы Егер ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, ал екіншісі Қазақстан Республикасының азаматы болып қала берсе, 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. Ата-анасының осы туралы жазбаша өтініші бойынша, мұндай баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына рұқсат етілуі мүмкін. ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 25-баптың тақырыбы өзгертілді 25-бап. Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады. Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады. 26-бап. Қамқоршы белгіленген баланың Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы Егер Қазақстан Республикасы территориясында тұратын 14 жасқа дейінгі баланың ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, бұл орайда ата-ана болу құқынан айырылса, бала қамқоршысының өтініші бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтап қалады. ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 27-бап жаңа редакцияда 27-бап. Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтауы Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды. Қазақстан Республикасының азаматтары асырап алған бала, асырап алушылардың екеуі де немесе асырап алушылардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығын өзі кәмелетке толғанға дейін сақтайды. Осы бапта аталған баланың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуына ол кәмелетке толғаннан кейін және оның тілегі бойынша ғана жол беріледі. ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 28-бап өзгертілді 28-бап. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде онымен келісудің қажеттілігі 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың ата-анасы азаматтығын өзгерткен ретте, сондай-ақ асырап алған ретте оның азаматтығын осы Заңның 33-бабында көзделген тәртіп бойынша баланың келісуімен ғана өзгертуге болады. ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 5-тараудың тақырыбы өзгертілді 5-тарау Қазақстан Республикасы Президентінің және мемлекеттік органдарының азаматтық мәселелер жөніндегі өкiлеттiгi ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 29-бап өзгертілді; ҚР 17.05.02 ж. № 322-II Заңына сәйкес 29-бап өзгертілді 29-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті: Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы; Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы; Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы; осы Заңда көзделген реттерде Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау туралы шешімдер қабылдайды; ҚР Президентінің 03.10.95 ж. № 2477 Жарлығына сәйкес 30-бап жаңа редакцияда 30-бап. Iшкі iстер органдарының өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, облыстардың, қалалардың, аудандардың және қаладағы аудандардың iшкi iстер басқармалары, бөлiмдерi: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөнiнде арыздар қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жiбередi; Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделгендей Қазақстан Республикасының азаматтығына алынғандығын және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығын тiркеудi жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тiркейдi. 2004.20.12 ж. № 13-III ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) 31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi: Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді. Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу 32-бап. Азаматтық мәселелер жөнінде арыз беру тәртібі Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар осы Заңның 30 және 31-баптарында көрсетілген органдар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына беріледі. Арызды немесе ұсынысты қарау мерзімі алты айдан аспауға тиіс. 17.05.02 ж. № 322-II; 2004.20.12 ж. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 33-бап өзгертілді 33-бап. Азаматтық мәселелер жөніндегі арыздар түрі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру немесе одан шығу туралы өтініштер арыз берушінің жазбаша өтініші бойынша қаралады. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қабілетсіз деп танылған адамдар жөніндегі өтініштер олардың заңды өкілдерінің нотариат куәландырған, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырған өтініш бойынша қаралады. 14 жастан 18 жасқа дейінгі баланы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оның Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру және одан шығару туралы арыз берген кезде оның келісімі болуы міндетті, келісім жазбаша түрде білдіріліп, оны нотариат куәландыруға, басқа мемлекеттерде - Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландыруға тиіс. Ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болып қалатын 14 жасқа дейінгі баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы туралы өтініш берген кезде сол ата-атасының арызы да табыс етілуге, онда баланың Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуына көзқарасы көрсетілуге тиіс. Мұндай арызды - нотариат, ал басқа мемлекеттерде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi куәландырады. Егер арыз беруші арызға сауатсыз болғандықтан немесе дене кемістігі салдарынан қол қоя алмайтын болса, арызға оның өтініші бойынша басқа адам қол қояды, бұл жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нотариусы, шетелдегi мекемесi арызға тиісті жазба жасайды. Азаматтыққа қабылдау туралы арызға арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар қоса тіркелуге тиіс. |