|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi туралы
Осы редакция 2007 ж. 22 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен тақырыбы мен кіріспе өзгертілді
1 тарау. Жалпы ережелер (1 - 4-1 баптар) 2 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет (5 - 7 баптар) қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру 3 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет (8 - 9 баптар) қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары 4 тарау. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң күш (10 - 13 баптар) жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы 5 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң (14 - 20 баптар) кадрлары 6 тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiн (21 - 22 баптар) қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 7 тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер (23 - 24 баптар) Осы Заң Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің мәртебесін, өкілеттігін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ оның қызметін бақылау мен қадағалауды айқындайды. ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен 1-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын және осы Заңмен белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақтылы және шартты атауы, мөрі, мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің нышаны мен айырым белгілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шоттары болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі әскери құрама болып табылады. ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен Заң 1-1 баппен толықтырылды 1-1-бап. Күзет іс-шаралары Күзет іс-шаралары - күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, жедел-іздестіру және техникалық шаралардың жиынтығы. Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары терроризмге қарсы операцияларға жатады. ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен Заң 1-2 баппен толықтырылды 1-2-бап. Күзетілетін адамдар 1. Күзетілетін адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі күзетуге жататын адамдар. 2. Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының Президенті; 2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы; 3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы; 4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі; 5) Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері; 6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті; 7) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер; 8) Қазақстан Республикасының экс-президенті; 9) тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары; 10) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары; 11) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары. 3. Осы баптың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында аталған лауазымды адамдар тең жағдайда күзетіледі. 4. Осы баптың 2-тармағының 1)-9) тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығына күзетуші адамдар қызмет міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда оларды ауыстыруды ұсынуға құқылы. ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен Заң 1-3 баппен толықтырылды 1-3-бап. Күзетілетін объектілер Күзетілетін объектілер - күзетілетін адамдардың болуына арналған үйлер, құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ оларға іргелес жатқан аумақ пен су айдыны. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен 2-бап өзгерді 2-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi Президент Күзет қызметiнiң мiндеттерi: - күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; - күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған қылмыс пен әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау, олардан сақтандыру және тыйып тастау; - күзетiлетiн адамдардың меншiгiн күзету, күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа жерлерде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; - өз өкілеттігі шегінде терроризмге қарсы күресті жүзеге асыру; - күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнген қатердi болжау және анықтау, одан сақтандыру мен залалсыздандыру жөніндегі жедел шаралар жиынтығын жүзеге асыру болып табылады. 3-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi жұмысының принциптерi Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жұмысы заңдылық, гуманизм, адам құқықтары мен кәсiптiк этиканы құрметтеу принциптерiне сәйкес құрылады. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi өзiнiң алдында тұрған мiндеттердi басқа мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және жекелеген азаматтармен өзара бiрлесе отырып шешедi. 4-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзi Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi жұмысының құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен Заң 4-1-баппен толықтырылды 4-1-бап. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметіне басшылықты Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын, қызметтен босататын және (немесе) әскери қызметтен босататын Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің бастығы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының ұсынуы бойынша Республика Президенті бекітеді. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 2 тарау (5-7-баптар) алынып тасталды 3 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi мен құқықтары ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 8-бап өзгерді 8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндеттерi Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң мiндетi: 1) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қол сұғатын қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа жол бермеу және оларды тыйып тастау; бұлардың жасалу ықтималдығына ықпал ететiн жағдайларды анықтау, әрi мұндай қылмыстарды болдырмау үшiн өз құқығының шегiнде шаралар қолдану; 2) қылмыстан, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан және жазатайым оқиғадан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсiз күйге не болмаса денсаулығы мен өмiрiне қатерлi өзге де жағдайға ұшыраған күзетiлетiн адамдарға көмек көрсету; 3) күзетiлетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн дайындалып жатқан қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жайында келiп түскен мәлiмдеулердi, хабарларды және өзге де ақпаратты қабылдап алу; заңдарда көзделген шараларды уақтылы қолдану; 4) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қарсы қылмыс жасаған адамдарды анықтап, iздестiруде құқық қорғау органдарына көмек көрсету; 5) күзетiлетiн адамдардың күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртiппен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету; 6) күзетiлетiн адамдардың көлiктiң барлық түрiнде жүрiп-тұру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, күзетiлетiн адамдардың жүрiп-тұруы үшiн бөлiнетiн автомобиль және басқа көлiк құралдарының жүрiс қауiпсiздiгi саласында қолданылып жүрген белгiленген ережелердi, нормативтер мен стандарттарды сақтау және сақталуын бақылау; 7) авариялар, апаттар, өрт, табиғат зiлзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезiнде күзетiлетiн адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнiнде, сондай-ақ күзетiлетiн адамдардың жеке мүлкiн және күзетiлуге тиiс әрi қараусыз қалған өзге де мүлiктi күзету жөнiнде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде төтенше немесе әскери жағдай енгiзiлген ретте заңға сәйкес күзетiлетiн адамдарға қатысты осындай жағдайдағы құқықтық режимнiң қамтамасыз етiлуiне, сондай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезiнде күзетiлетiн адамдарға қатысты карантиндiк шаралар жүргiзiлуiне қатысу; 8) мемлекет Басшысының ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің байланыс жүйелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 9) азаматтарға, кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлiгi мен үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтiрiлген зиянды белгiленген тәртiппен өтеу. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 9-бап өзгерді 9-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң құқықтары Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiне өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн мынадай құқықтар берiледi: 1) күзетілетін объектілерге кіру (көлікпен кіру) кезінде және олардан шығу (көлікпен шығу) кезінде азаматтарға (күзетілетін адамдарды қоспағанда) жеке тексеру, олардың алып жүрген заттарына тексеру, көлік құралдарына және оларда алып бара жатқан заттарға, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып тексеру жүргізу; 1-1) Күзет іс-шараларын жүргізу кезінде фактілер мен оқиғаларды суретке түсіруді, дыбысжазбаны, кино және бейне түсірілімді жүзеге асыру. 2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне қол сұғатын құқық бұзушылықтың жасалуына итермелейтiн жағдаяттарды жою жөнiнде ұсыныстар енгізу; 3) ұйымдардың, әскери құрамалардың қызметтiк үй-жайларын, сондай-ақ азаматтардың тұрғын және басқа үй-жайларын, олардың көлiк, байланыс құралдарын және өзге мүлкiн уағдаластық негiзде пайдалану; 4) белгiленген тәртiппен мемлекеттік органдардан меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан және әскери құрамалардан өзiне жүктелген мiндеттi орындауға қажеттi ақпаратты сұрату және алдырту; 5) мемлекеттік органдардың қарауындағы үйлерде, құрылыстарда, ғимараттарда және оларға iргелес аумақтарда, сондай-ақ күзетілетін объектілерде санитарлық-гигиеналық, экологиялық, радиациялық және эпидемияға қарсы бақылауды жүзеге асыру; 6) өз қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 7) Президенттiң Күзет қызметiнiң арнайы даярлықтан өткен қызметкерлерiне табель қаруы мен арнаулы құралдар сақтауына, тағынып жүруiне рұқсат беру; 8) күзет шараларын ұйымдастыру мен жүргiзу үшiн қызметкерлерiн Республикадан тыс жерлерге iссапарға жiберу; 9) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Iшкi iстер министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi қарауындағы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң оқу орындарында, соның iшiнде арнаулы оқу орындарында уағдаластық негiзде кадрлар даярлау мен біліктiлiгiн арттыруды жүзеге асыру; 10) баланста тұрған объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық күтiмдi қамтамасыз ету, бұларды санитарлық-гигиеналық, экологиялық және эпидемияға қарсы бақылауды ұйымдастыру; 11) күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде сiңiрген еңбегi үшiн азаматтарды ынталандыру, оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсыну; 12) Қазақстан Республикасының азаматтарын ерiктiлiк негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнiң штаттан тыс қызметкерлерi ретiнде қызметке тарту; 13) қажет болған жағдайда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігінiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық ұланының және басқа мамандандырылған әскери бөлiмшелерiнiң күшi мен жарағын күзет шараларына қатыстыруға тарту. Күзетiлетiн адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешуде Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiн ұйымдастырушы әрi үйлестiрушi орган болып табылады. 4 тарау. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң күш жұмсауы, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануы ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 10-бап өзгерді 10-бап. Күш жұмсау, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдану шарттары мен шектерi Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлердiң атыс қаруын, арнаулы құралдар тағынып жүруге, сақтау мен қолдануға, сондай-ақ күш жұмсауға құқығы бар. Олар арнаулы дайындықтан өтуге, күш жұмсауға, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануға байланысты жағдайларда iс-әрекетке жарамдылығы жөнiнен әлсiн-әлi тексеруден өтiп тұруға мiндеттi. Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiсi, егер қорғанысы күзетiлетiн адамдарға, күзетілетін объектiлерге немесе Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң өз басына төнген қатердiң сипаты мен қаупiне сәйкес келсе, заңда көзделген жағдайларда күш жұмсауына, арнайы құралдарды, атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы қолдануына байланысты келтiрген моральдық, материалдық залал мен дене жарақаты үшiн жауап бермейдi. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланып күш жұмсауы, арнаулы құралдар мен атыс қаруын қолдануы заңда белгiленген жауаптылыққа әкелiп соғады. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қауiп төндiретiн қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықты тыйып тастау, оларды жасаған адамдарды ұстау, заңды талаптарға қарсы әрекеттердi жою үшiн, егер күш жұмсалмайтын әдiстер Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердiң орындалуын қамтамасыз етпейтiн болса, күш жұмсауға, соның iшiнде күрестiң әскери тәсiлдерiн де қолдануға құқығы бар. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 12-бап өзгерді 12-бап. Арнаулы құралдарды қолдану Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң өздерi жарақтанған арнаулы құралдарды мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар: 1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн; 2) Президенттiң Күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайларға, басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн, сол сияқты бұл объектiлер мен құралдар басып алынған жағдайда оларды босату үшiн; 3) атыс қаруын немесе суық қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш, уыты күштi химиялық және улы заттарды заңсыз ұстап жүрген адамдарды қарусыздандыру үшiн; 4) Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне, олардың отбасы мүшелерiне не осы Қызмет күзет шараларын қамтамасыз етуге тартқан басқа адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн; 5) құқық бұзушыларды, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне қарсылық көрсеткен немесе өздерiне жүктелген қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруына қасақана кедергi келтiрген адамдарды ұстау үшiн; 6) кепiлге алынған адамдарды босату, күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадiр-қасиетi мен меншiгiне және объектілерге қауiп төндiретiн жаппай тәртiпсiздiктердi, топтық әрекеттердi тыйып тастау үшiн; 7) егер күзетiлетiн адамдарға төнген анық қатерге басқа тәсiлдермен жол бермеу мүмкiн болмаса, жүргiзушiсi Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң талабын орындамаған көлiк құралын тоқтату үшiн. күзетiлетiн адам тұрған жаққа қарай, сондай-ақ жүктiлiгi білінiп тұрған әйелдерге, мүгедектiгi айқын көрiнiп тұрған адамдарға және жас балаларға қатысты, олар күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн шабуыл жасаған, топталып шабуыл жасаған не қарулы қарсылық көрсеткен жағдайлардан басқа кезде, арнаулы құралдарды қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жарағындағы арнаулы құралдар тiзбесiн, сондай-ақ оларды қолдану ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 13-бап өзгерді 13-бап. Атыс қаруын қолдану және жауынгерлiк техниканы пайдалану Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң атыс қаруы мен жауынгерлiк техниканы соңғы шара ретiнде мынадай жағдайларда қолдануға құқығы бар: 1) күзетiлетiн адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн; 2) Президенттiң Күзет қызметi күзететiн үйлерге, ғимараттарға, үй-жайлар мен басқа да объектiлерге және көлiк құралдарына жасалған шабуылды тойтару үшiн; 3) Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ осы орган күзет шараларын қамтамасыз ету үшiн тартқан басқа да адамдарға жасалған шабуылды тойтару үшiн; 4) азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ кепiлге алынған адамдарды, басып алынған күзетiлетiн объектiлердi, ғимараттарды және арнаулы жүктердi босату үшiн; 5) қылмыс жасау кезiнде не тiкелей қылмыс жасағаннан кейiн үстiнен түскен, қарулы қарсылық көрсеткен адамдарды, сондай-ақ қаруын тапсыру туралы заңды талапты орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшiн. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң атыс қаруын осыған қоса мынадай жағдайларда да қолдануға құқығы бар: - егер жүргiзушiсi күзетiлетiн адамдардың өмiрi мен денсаулығына анық қатер туғызса және Президенттiң Күзет қызметi әскери қызметшiсiнiң талабы бойынша тоқтаудан бас тартса, көлiк құралын тоқтату үшiн; - хайуанаттардың шабуылынан қорғану үшiн. Күзетiлетiн адамдар тұрған жаққа қарай, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, кепiлге адамдар алған, әуе кемесiн қолға түсiрген жағдайлардан басқа кезде, сондай-ақ қару қолдану басқа адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайда қару қолдануға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi қару қолданған барлық жағдайларда айналадағы азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен зардап шеккендерге дереу медициналық көмек көрсету үшiн қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. Күш жұмсалған, арнаулы құралдар, атыс қаруы мен жауынгерлiк техника қолданылған әрбiр жағдай туралы рапорт жасалып, 24 сағат ішінде прокуратура органдарына хабарланады. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң жарағындағы атыс қаруы, жауынгерлiк техника және оқ-дәрi түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5 тарау. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң кадрлары ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 14-бап өзгерді 14-бап. Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметi кадрларының құрамы Президенттiң Күзет қызметiнiң кадрлары мына қызметкерлерден - әскери қызметшiлер мен азаматтық қызметкерлерден тұрады. Президенттiң Күзет қызметіндегі қызмет пен жұмысқа өзiнiң моральдық және iскерлiк қасиеттерi, білімi мен денсаулық жағдайы жөнiнен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiне жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктiлiк негiзiнде қабылданады. ҚР 04.07.02 ж. № 335 Заңымен 15-бап өзгерді 15-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметiнде әскери қызметте тұрған адамдар Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi болып табылады. Оларға офицерлер, прапорщиктер, контракт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген әскери қызметшiлер жатады. Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде қызмет өткерудiң тәртібі мен шарттарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi, сондай-ақ осы Заңда алып тастау көзделген тұстарын қоспағанда, әскери жарғылардың талаптары қолданылады. Күзетiлетiн адамдардың, Президенттiң Күзет қызметi күзететiн объектiлер мен көлiк құралдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiн шешу үшiн министрлiктерде, ведомстволарда және меншiк нысанына қарамастан, ұйымдарда олардың келісім бойынша белгiленген тәртiппен штаттағы қызметтердi атқару үшiн мiндеттi әскери қызметiнде қалдырыла отырып, Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi iссапарда болуы мүмкiн. 16-бап. Қазақстан Республикасы Президентi Күзет қызметiнiң жұмысшылары мен қызметшiлерi Жұмысшылар мен қызметшiлер - Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметiне алынған азаматтық қызметкерлер. Президенттiң Күзет қызметi жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң еңбек және қызметтiк жұмысы қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. ҚР 04.07.02 ж. № 335-II Заңымен 17-бап өзгерді 17-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметi әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерi қызмет бабындағы мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |